“…Мұнай өңдейтін компаниялардан түсетін қаржы арқылы шәкіртақы мөлшерін ұлғайтуға болады. Егер мемлекет өз болашағын ойласа, онда осындай қадам жасауға тиіс”
Дәл осындай ұсыныспен жаңадан құрылған (02.02.2008) “Бір қадам алға!” атты студенттік бастамашыл топ ақпанның 19-ында Президент Н.Ә.Назарбаевқа үндеу жолдады.
“Үкімет 2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері ұлғайтты. Алайда студенттер жайлы мүлде ұмытып кетті “
делінген үндеуде. Сондай-ақ “Білім туралы заңға” сәйкес кез келген ЖОО-ның кірісі мен шығысын әрбір студент білуі керек. Бұл да орындалмайды дейді топ мүшелері. ”Неге 25 мың? Неге 20 мың немесе 30 мың емес? Мүмкін арнайы есептеріңіз болған шығар?” деген сауалды топ жетекшісі Бауыржан Қайнарбекұлына қойған едім. Бұл сұрағымызға Бауыржан: -
Біз көбірек сұрап отырмыз. Егер он мың десек, олар бізге 2000 қосады, 15 мың десек, 3 мың қосады
деп жауап берген еді. Сондай ақ, олар бұл мәселе бойынша Парламентке де хат жіберген көрінеді. “Әзірше, ешқандай жауап жоқ” дейді Бауыржан. Үндеудің толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.
Естір құлақ бар ма екен, студенттердің жан дауысын? Астанада студенттері үшін қоғамдық көлікте жеңілдік қарастырылмағынан біліп, қатты таң қалған едім. Осы біздің студенттер өз құқықтарын талап ете білмейді-ау деп ойладым…
Мен шәкіртақылары төмен болғандықтан жұмыс істеуге мәжбүр көп студенттерді білемін. Ал жұмыс істемейтін студенттер ауамен қоректеніп оқитын шығар.
Қазір байқасаң ауа да қымбаттап кетті.