Алматыда М.Шаханов атындағы “Рух пен Тіл” атты клуб жұмыс істей бастады

23 02 2008

 Клубтың ашылғанына көп болмапты. Клубтың жетекшісі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің студенті Жанболат Мамайға бірер сұрақ қойған едік: -Клуб нендей мақсатпен құрылды? -

Біздің клубымыз таза жастар клубы болып есептелінеді. 18-25 жас аралығындағы жастар қабылданады. М.Шахановтың тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы идеясы негізінде топтасқан қазақ жастары үшін көпір болғымыз келеді.

 -Неге М.Шаханов атындағы клуб болып аталады?

-Мәселен, көрші қырғыз елінде Ш.Айтматов атындағы бірнеше фан-клубтар жұмыс істейді. Сонымен қатар 2008 жылы Қ.Бакиевтің жарлығымен Ш.Айтматов жылы болып жарияланды. Сондай ақ, елімізде О.Сүлейменов атындағы білдей бір кафедра бар. Б.Жансүгіров құрған “Жас олжасшылар” клубтары жұмыс істейді. Осының барлығын ескере отырып, М.Шаханов атындағы клуб құруды жөн көрдік.

 --Өз есімімен клубтың ашылуын Мұхтар аға қалай қабылдады?-

Өзінің есімімен клуб ашу идеясын айтқанда ол кісі қарсы болды. Бұл бәлкім, қазақы әдептілік те шығар. Дегенмен Мұхтар аға біздің клубты қолдап отыр.

-Алға қойған мақсаттарыңызды қалай жүзеге асырмақсыздар? 

-Жуық арада орыс жастарына қазақ тілін үйрететін қазақ клубын ұйымдастыру жоспарымызда бар. Сонымен бірге Интернет басылымдар немесе БАҚ болсын, сонда жариялайтын үндеулеріміз, мақалаларымыз, сауалнамалар, дөңгелек үстел, конференция, түрлі кездесулер болсын, барлығы да қазақ тілін дамытуға мысқалдай болса да өз үлестерін қосады деп есептейміз.

                                                                  


Әрекеттер

Ақпарат

8 жауап

23 02 2008
arsenal777

Мұхтар Шаханов атында болғаны орныды меніңше, тіл жанашырларының бірі сол ғой. Клуб мақсатына жете берсің.

25 02 2008
tomiris

Алга жылжитынына куманым бар :(
Партиянын максаты тил емес Шахановтану сиякты болып коринеди.

26 02 2008
makpal

Айтпақшы, бүгін стипендия өсті деген жылы хабар жетті құлағыма :)

1 03 2008
urimtal

Қаншаға өсіпті?

2 03 2008
bakytnur

Kandai stipendia degendi tusindire ketesin be?

3 03 2008
makpal

Okinishke oray, tek magistranttardiki gana korinedi. Al studentterdin stipendyasi ospegen sinayli. Azirshe kolimda dal akparat zhok. Magistranttardiki 19min tenge

8 03 2008
somebody

2 томирис
халық рухының клубқа не қатысы бар?

13 03 2008
Aiko

клубты курып журген студенттер екен ғой…
маладес.

Пікір жазыңыз