Бүгін “ҚазСаттың” туған күні

18 06 2008

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш жер серігі “Қазсат” Байқоңырдан ғарышқа жол тартты.  Байланыс пен ақпарат алмасу мүмкіндігін арттыруға бағытталған “ҚазСатқа” Қазақстан көп үміт артқан еді. Десек те оның мүмкіндігін осы күнге дейін “Қазақтелеком”, “Хабар”, “Қазақстан” теле радиокорпорациясы, “Каспионет” және т.б қолданып келді. өткен шақта айтуымның себебі маусымның 8- күні жер серігінің жұмысы тоқтап қалған болатын. Бүгінде Қазақстан мен Ресей мамандары оны қалпына келтіруге тырысып жатқан көрінеді. Дегенмен екі жасқа да толмаған “ҚазСаттың” өз жұмысын тоқтатуы өкінішті. Қазақстан оған 65 млн доллар жұмсаған еді. Жұмыс істеп жатып осы нәрсе есіме түсіп кетіп, блогыма түсіре салдым. 


Әрекеттер

Ақпарат

Бір жауап

6 11 2008
kz.kazakhstan.neweurasia.net » KazSat табылды!

[...] ұшып жүр. Қазақтың 65 млн. АҚШ доллары желге ұшты деп өкінген едік… «Басты қателік – сынақтық-тәжірибелік платформаның [...]

Пікір жазыңыз