Өткен ғасырдың басында АҚШ-та бірде Чарль Чаплинді келістіру бойынша конкурс өтіпті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен актерлар жиналып, атақты актерды келістіруден бақ сынаса бастайды. “Қалай болар” екен деп бұл конкурсқа Чарль Чаплиннің өзі де қатысыпты. Конкурс нәтижесінде оған тек үшінші орын ғана тиіпті.
***
Француз философы Монтень бірде: – Шамасы, дүниеде ең әділетті бөлінген нәрсе ақыл болса керек, – депті. – Неге бұлайша айтасыз? ,- десе: – Себебі, ақылым жетіспейді деп шағым айтқан адамды әлі кездестірген жоқпын, – депті.
***
Француздың атақты жазушысы Бальзак почеркіне қарап, адамға баға беруді жақсы көреді екен. Бірде бір қарт мұғалым келіп, оған бір дәптердегі жазуларды көрсетіп, сол адамға баға беруін өтінеді. Сонда Бальзак тұрып: – Мынау жазу шимақ-шимақ, адам түсініп болмайды. Сәйкесінше, бұл жазудың иесі де түкке тұрғысыз, бұл баладан болашақта үміт күтуге болмайды, – деп бірден кесіп айтқан екен. Сонда мұғалым тұрып: – Құрметті жазушы, бұл мектепте жазған сіздің дәптеріңіз еді, ал мен сіздің ұстазыңыз болғанмын, – депті. Сәуегейлігінен таяқ жеген жазушы бұдан былайғы өмірінде бұл әдетін қойыпты-деседі.
***
Марк Твен бірде жаңадан жасалған жолға шыға қалса, оның жиегіне көрнекті етіп, былай деп жазып қойыпты: “Бұл жолмен жазушы Твен жүріп өткен. Өту ақысы – 10 цент”. Жазушы сондағы жол иесіне жолығып: “Қалқам, жолың жаңадан ғана салынды, мен одан әлі жүріп өткен де жоқпын ғой” депті. Біраз күннен соң Твен манағы жолға тағы келеді. Сөйтсе онда: “Бұл жолмен атақты Твеннің өзі әлі жүріп өткен жоқ. Сіз бар-жоғы 25 цент төлеп, ол кісіден бұрын өтесіз. Және ол жөнінде жазушының жаңа романынан оқи аласыз” – деген жазу ілініп қойылыпты.
Твен жол иесіне тағы жолығып: “Мұныңыз не? Мен сіздің жолыңыз туралы жазғанда жоқпын ғой” деп кейиді. Келесіде өтіп бара жатса, былай деп жазып қойыпты: “Біздің жолдың кереметтігін айтып жеткізуге әйгілі жазушы Твеннің өзі сөз таба алмай қиналғаны бар. 50 цент төлеңіз де, тамаша жол үстімен өте беріңіз”.
Keremet!
Söz tapkanga kolka jok degendei
Mark Tven jaily keremet eken.