Халықаралық Gallup Organisation зерттеу орталығы 4 аймақта сауалнама жүргізіп, кеше қорытындысын жариялады. Ақпарат құралдарына қатысты зерттеу орталығының қорытындысы төмендегідей:
Қазақстан тұрғындарының тұрақты түрде көретін арналары: (алғашқы бестік) “Хабар”, “Қазақстан”, “Орт Евразия”, “КТК”, “Ел Арна”;
Жиі тыңдайтын радиолары: “НС”, “Европа+”, “Русское радио”, “Юмакс”, “Қазақстан”;
Жиі оқитын газеттері: “Караван”, “Егемен Қазақстан”, “Время”, “Казахстанская правда”, “Рабат”;
Сұралғандардың 74 пайызы телеарналардағы ақпаратқа сенетінін айтқан.
Интернетке қатысты ақпараттар:
Сұралғандардың 61 пайызы интернетті қолданбайтынын айтқан. 13 пайызы күнде қолданатынын айтқан. 4 өңірдің арасында интернетті көп қолданатын өңір – Алматы болып отыр.
Көбіне интернетті қайдан қарайсыз? деген сұраққа: 35 пайызы – үйде, 25 – жұмыста, 17 – интернет-кафеде, 13 – туыстардың немесе досымның үйінде, 2 – ұялы телефоннан немесе сол арқылы деп жауап берген.
Jaksy jumys jurgizgen eken uiymdastyrushylar.
31 радио неге бестікте жоқ екен… Өзіме сол радио ұнайды әйтеуір, көбі сол радионың жақсы екенін айтатындарын көп естігем.
Esesine ol radio algashky ondyktin katarina kirip otyr