Алматыда тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі IT-мамандарын даярлау бойынша университет ашылайын деп отыр. Алғашқы лекте 7 мыңнан астам студент оқиын деп жатқан көрінеді. Университет айтпақшы, американдық Carnegie Mellon оқу орнымен тығыз әріптестікте жұмыс істемекші.
P.S: IT-саласының мамандарын мемлекеттік деңгейде даярлайтын болыпты деген хабар шыққанда шыныменен де керемет екен деп қуандық. Алайда оқу тек ағылшын және орыс тілдерінде ғана екен. Соған қарап неше түрлі сауалдар туындайды. Бізде неге қазақ балаларына мүмкіндік ашылмайды? неге қазақ тілді азаматтарға жағдай жасалмайды? Қашанғы қазақ тіл десе, “көпұлттылық” мәселесі туындай қалады? неге өзге тілге келгенде, өзеурейміз де, өзіміздің тілімізге келгенде бәрі де кері кетеді. Мұндай кезде Абайдың “Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады” деген сөзі амалсыздан еске түседі.
Жоғарғы жақта әдейілеп осылай қазақ тілді пайдасыз етіп, орыс тілді әрі қарай дамыта бергісі келетін орыстілділер көп сияқты. не де болса, қазақ тілге күш алып кеткізбеу. имхо )