Кеше Джеки Чанның соңғы фильмдерінің бірі “Шиндзюкудегі оқиға” фильмін көрдім. Бұл фильм актердың басқа фильмдеріне ұқсамайды, біршама қатал жасалған. Өмірдің суық ызғары сезіледі. Онда Джеки Чанның әдеткі соғысу өнерін көре алмайсыз. Фильм Токиодағы қытай мигранттарының ауыр халі, тіршілік үшін күресі туралы. Бір жағынан олар токиолық полиция қызметкерлерінен бас сауғаласа, екінші жағынан жергілікті мафиялармен соқтығысады. Мен [...]
Мұрағат Қыркүйек, 2009
Шиндзюкудегі оқиға
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 26, 2009 | 1 пікір »
Достар, сендердің көмектерің қажет болып тұр!
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 26, 2009 | 5 Пікірлер »
Егер 2-3 минут уақытыңық болса, мына сұраққа жауап бересіз бе? Сұрақ: Дағдарыспен қалай күресіп жатырсыздар? (бұл сұрақтың варианттары: дағдарыс салдары, қалай әсер етіп жатыр?) Жауап әрқандай болу мүмкін. мәселен, режиссер Еркін Рақышев бұл сұраққа былай деп жауап береді: “Мен бұрын шашымды бір айда алғызсам, қазір үш айда. Бұрын моншаға аптасына бір рет барсам, қазір бір [...]
Жер сілкінді
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 24, 2009 | Leave a Comment »
Бәріміз жұмыста отырғанбыз. Кенеттен бөлмеміз дірілдеп кетті. Құлағыма наушник киіп отырғам. Алғашында ұқпай қалдым. Сөйтсем, жер сілкініп жатыр екен. Әні міне дегенше құтақру қызметі де неше бал болғаны туралы ақпарат таратып жіберді. олардың ақпараты бойынша, 2-3 балл. менімше, одан да көбірек болған сияқты себебі, сілкініс қатты сезілді.
Әлемнің сүйіктісіне айналған Джеки Чан
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 23, 2009 | Leave a Comment »
Қарасаң жалықпайтын, көрсең ішің пыспайтын фильмдер болады. Джеки Чанның кинолары солардың қатарына жатады. Бір қызығы, оның фильмдеріндегі идеялар бір бірін қайталамайды. Әрі актер, әрі режиссер Джеки Чанның ізденісіне, еңбекқорлығына таңқалмасқа амал қалмайды. Ойдан шықпайынша, бір эпизодты 500-1000 рет түсіруге бар оның өмірбаянын да бір шарлап көрсек.
Ана тілін қастерлеу өзіңнен басталады
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 21, 2009 | Leave a Comment »
Президент Н.Ә.Назарабевқа Ашық хат
(Қазақ тілін қолдау акциясында қабылданған шешім)
Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Республикамыздағы белгілі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, мерзімді басылым басшыларының, зиялы қауым өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен “Мемлекеттік тілді қолдау” акциясына қатысушылар, қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 20 жыл толса да, оның бүгінгі сын көтермес жағдайына қатты алаңдаушылық білдіреді.
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 15, 2009 | 2 Пікірлер »
(Әріптесім Элеонора қасиетті Қадір түнінің алдында барлығымызға тілек жіберген екен. мен оны блогыма жариялауды жөн көрдім)
Барлықтарыңызды бүгінгі айлардың ұлығы — Рамазандағы түндердің шапағаттысы — барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Қадір түнінің келуімен құттықтаймын! Мың айдан артық қасиеті бар бұл түні он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы Алладан тілеген тілегіңіз қабыл болсын! Пайғамбардың [...]
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы құрылмақшы
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 10, 2009 | 1 пікір »
Мемлекеттік тілді дамыту қоры республикада қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығын құрмақшы. Қордың мақсаты – балабақшадан бастап, мектеп қабырғасындағы тіл мәселелерінің ортақ шешімін табу. Шыныменен де, мұндай қауымдастық қор керек қой. Себебі, орыс тілі немесе неміс тілі мұғалімдерінің қауымдастығы, тобы дегенді естіп жатамыз. Тек қауымдастық қағазбастылыққа жақын болмай, мақсаттарына адалдықтарын сақтаса екен деген тілек [...]
Алматыда “Біржан сал” фильмінің тұсаукесері өтті
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 4, 2009 | 1 пікір »
Кеше кешкісін “Алатау” кинотеатрының алды құжынаған адамға толы болды. Ішіне кіріп көрейікші десек, ине шаншар орын жоқ. Фильмнің режиссері белгілі актер Досқан Жолжақсынов, басты рөлдерде Аша Матай, Сәбит Оразбаев, Болат Әбділманов т.б актерлар ойнайды. Фильмнен үзінділер:
Барак Обама мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтады
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қыркүйек 2, 2009 | Leave a Comment »
Вашингтон
13 тамыз, 2009 жыл, (21 тамызда жарияланған)
Америка халқының, оның ішінде бүкіл елу штатымыздың иісі мұсылман қауымының атынан мен Америка және бүкіл дүние жүзі мұсылмандарына жылы лебізімді білдіргім келіп отырмын.
Рамазан қабыл болсын!
Рамазан айында, мұсылмандардың ұстанымдары бойынша, Мұхаммед пайғамбарға «оқы» мағынасы бар «иқра» деген қарапайым сөзден басталатын Құран түсті. Сондықтан Рамазан айы – мұсылмандардың сенім арқылы келетін [...]