Қарашаның ортасынан бастап, күнделікті жарнамалар Жаңа жыл келе жатқанын айтып, есіңе салып отырады. Қөп жерлерде безендірілген шыршалар қарашадан бері тұр. Маған әсіресе, қалалық әкімшіліктің алдында тұрған шырша ұнады (қолымда фотоаппаратым болған жоқ, әйтпесе түсіріп алатын едім). Бүгін кетіп бара жатып, Қабанбай мен Фурманов көшесінің қиылысында “жайылып тұрған” бұғыларды көріп, әдемі болғасын суретке түсіріп алдым
Мұрағат Қараша, 2009
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 30, 2009 | Leave a Comment »
Өнердегі шындық өмірдегі шындыққа айналды
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 26, 2009 | 6 Пікірлер »
“Шаншардағы” Нұржан ұсталыпты деген сыбыс желден де жылдам тарап жатыр. Шенеуніктердің басына үйірілген бұлт енді өнер адамдарына көшкен бе деген ойға қалдым. Ал кеше бұл ақпарат расталды. Алматы қалалық ішкі істер департаменті “Время” газетіне: “Факті расталды. Қазір Төлендиев ұсталды. Әзірге, басшылық тергеу амалдарымен толық таныстыра алмайды” депті. Иә, өкінішті! Осылайша жарқырап келе жатқан өнер адамдары [...]
Мұхтар Шахановтың мәлімдемесі
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 26, 2009 | 1 пікір »
НЕГІЗІН «АМЕРИКАНДЫҚ ҰЛТТАН» АЛАТЫН «ЕЛ БІРЛІГІ»
(«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТ») ДОКТРИНАСЫ ТУРАЛЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Осыдан жарты-ай бұрын «Жас Алаш», «Президент және халық», «Қазақ», «Жаңа апта», «Жас қазақ үні», «Қазақстан», «Заман-Қазақстан» газеттерінде және «Abai.kz» сайтында белгілі әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері Ә.Нұрпейісов, М.Әлімбаев, Ш.Елеукенов, М.Мырзахметов, Т.Кәкішев, А.Әшімов, Қ.Медеубеков, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Р.Сыздықова, Г.Бельгер, Қ.Мырза-Әлі, Б.Нұржекеев, [...]
Мұхтар Шаханов аштық жарияламақшы
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 24, 2009 | 1 пікір »
Ертең қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов “Қазақстандық ұлт” ұғымына нарызылық білдіріп, аштық жарияламақшы. Қазақ ұлты ұғымының тамырына балта шабатын “Қазақстандық ұлт” ұғымына жан-тәнімен қарсы қауымды ертең болатын Ұлттық пресс клуб шақырады. Бұл тұрғыда Мұхтар ағаны қолдаймын!
Тағы да Сортөбе жайлы
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 23, 2009 | Leave a Comment »
Қазақстанда 36 мыңнан астам дүнген тұрады. Бұл кезінде феодалдық езгіге қарсы тұрған ұйғырлар мен дүнгендердің көтерілісінің нәтижесінде 1878 жылдың көктемінде Жетісуға ауып келген дүнгендердің ұрпақтары. Сол кезеңде Цинь императоры көшті бастап келген Биенхо батырдың басына үлкен сый тіккен екен. Қиын-қыстау сәтте қазақ халқының жылыұшырай қарсы алып, бауырына басқанына олар әлі күнге дейін риза.
Сол Биенхо батырдың [...]
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 17, 2009 | Leave a Comment »
Журналист Мұхтар Сеңгірбай төмендегідей хабарландыру жіберген екен:
Құрметті әріптестер!
23 қараша, дүйсенбі күні халықаралық коммуникация саласындағы профессор, доктор Ален Палмер Алматыда журналистерге арнап «Журналистикадағы объективтіліктің маңыздылығы» деген тақырыпта 2 сағаттық дәріс оқиды. Сабақ барысында пікір алмасып, сұрақ қоюға мүмкіндік болады. Дәріс ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылады. Сабаққа қатысуға қызығушылық танытқандар SenggirbayM@state.gov электронды поштасына Мұхтар Сеңгірбайдың атына 1) [...]
Иманды болсын!
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 16, 2009 | 3 Пікірлер »
Азаттық радиосының журналисті Нұрлытай Үркімбайдың жолдасы Қалдар аға жексенбі күні қайтыс болды деген суық хабар бізге қазір ғана жетті. Бойымыз мұздап кетті, себебі ол кісіні жақында ораза кезінде ғана көрген едік. Әріптестерімнің айтуынша, ол кісі тұмаудан қайтыс болыпты. Қазаның арты иманды болсын дейміз. “Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі” дейді, десе де соңғы кезде [...]
Президентке қойылған маңызды да қызықты сұрақтар
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 13, 2009 | 2 Пікірлер »
Бұл сұрақтарды президентке бағытталған сұрақтар арасынан тауып алдым:
Сұрақ: Сізге Анжелино Джоли ұнай ма? Егер ол сізді ресторанға шақырса, барар ма едіңіз? (Алматы)
Сұрақ: Құрметті президентім, сізге хатымды өткізе алмағасын ШҚО әкіміне, Қырғызстан президентіне жазған хаттарым өтті ме екен? Құпия хат. Құлағым телефонды естімейді.
Сұрақ: Астана сұлу қала, бірақ тұрғын үйлердің ауласында балалар ойнайтын арнайы бөлінген жер жоқ. [...]
“Қазақстан” атауын өзгерту қажет пе?
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 12, 2009 | 6 Пікірлер »
Жоғары жақта қазір Қазақстан Республикасының атауын өзгерту туралы мәселе көтерілуде деп жазады ii-news.kz сайты. Мемлекетіміздің атауын өзгертуге ұсынылып отырған атаулардың бірі – “Қазақия”. Мемлекет атауын өзгретудегі себептердің бірі ретінде ондағылар шетелдіктердің Қазақстан атауын “стан” жұрнағы бар Ауғанстан, Пәкістан сияқты елдермен шатыстыруын алға тартады. Тіпті кейбір адамдар Қазақстанды ТМД құрамындағы елдер: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан айыра алмайтын [...]
“Азамат” жастар клубы “Келін” фильмін Оскарға ұсынуға қарсы
Жарияланған Категориясы жоқ күні Қараша 12, 2009 | 1 пікір »
«Азамат» жастар клубы «Қазақфильмнің» «Келін» фильмін «Оскарға» шет елдік фильмдер тізбесі бойынша ұсынуы сыртқы имиджге кері әсер етеді деп санайды.
Маңызды халықаралық ұйымдарды басқаратын Қазақстанның сыртқы қарым-қатынастағы әрбір әрекеті әлемнің жіті назарында. Осы себепті «Азамат» жастар клубының мүшелері мемлекет өз тарапынан ұсынған аталмыш фильмді тізімнен алып тастауы тиіс деп есептейді.
Азаматтық пікір білдіру құқығын пайдаланған «Азамат» жастар [...]