Қазақстанда қандай “таймкиллерлер” бар, санамалап көрейін бе: пробка, құжат толтыру (әсіресе, қандай да бір мемлекеттік органның атына ресми хат жазуды иттің етінен жек көрем), кезекке тұру, единица толтыру, “непунктуальность”-тың салдарынан “зардап шегу”, интернет жылдамдығының төмендігі….т.б
Кей кезде қатты асығып тұрасың да, осындай тосқауылдарға кезіккен кезде мазасыздана бастайсың. Бұл тым субъективті пікір де болуы ғажап емес. Кім не ойлайды?


Ед толтыру сонша көп уақыт алмайды ғой. Пробка кезінде де телефоның арқылы интернетке кіріп, хаттарды оқып, жауап жазып біраз жұмыс атқаруға болатын сияқты. Ал құжат толтырумен келісемін.
Тығында ұйықтап алуға болады
Қалжың ғой. Шынымен уақытыңды алып қояды осылар
бұрындары екі жұмыс істеп жүрген кезде ылғи автобуста ұйықтап қала беретінмін))))
ауруханаха барғанда нөпір адамның кезегі ең жүйкемді жұқартатын
білмей енді….ыыы….көп қо ))
адамнын мақсатына байланысты шығар.Ауылда тепсе темір үзетін жігіттер уақыт өткізе алмай алек.Жоқтан қармап ангіме дүкен құрады.Көшеде келген кеткенді санап, сынап отырады.пайғамбар хадистеринде айтады екен: Көшеде бекерден отырма, отырсан ақысын төле дейді екен.Менімше дұрыс айтылған.уакытынды бекер өткізбе,өткізсен елге кедергі жасама дегені болар бәлкім.
Өзің үшін бәріне төзесің
ҚЫТАЙҒА ЖЕР БЕРІЛЕТІН БОЛДЫ http://alturl.com/f73w3