Өзім жайлы

Менің аты-жөнім Қожаханова Мақпал. 2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірдім. 2009 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдадым.

Кішкентай кезімнен армандамаған мамандығым болған жоқ шығар. 8-ші сыныпқа көшкенде «бітті, ғарышкер болам» деп шешкенім бар. Өмірімде қанша үйретсе де екі мамандық иесі бола алмайтынымды ұқтым: бірі – шаштараз, бірі – дәрігер(Себебі, укол салудан қорқамын :)) Мектепте оқып жүргенде ағамның шаш қиюды үйреткені бар. Содан кейін менен жақсы шаштараз шықпайтынын ұқтым. Бос уақытта ауылға барып, үй құстарын баққанды ұнатам.

Менің электронды поштам: kmaqpal@gmail.com

30 Responses to Өзім жайлы

  1. Arman ,makhsat jande murat degen sozderding kazakhshada maginsai birdey korinedi! osining biri adam omirindegi pendlikten jogari turagnda yaginiy ar kazakh armani ozning jeke basining aramninan jogari turganda gana biz ulittikh mudemizdi tugendey alamiz au dep oylaymin! ar adamning balakh shaingdagi armani jogarlay kele kazakh mudesining , kazakh missyasning orindaluina turtki bolganda , kazakh ulit retinde sirtkhi khandayda bir kushting , nemese jimiski sayasatting khurbai bolmaydi! armaningiz orindalsin! , ari armaningiz kazakh bolashagining armanina ulassin!

    • Zhumakhanova Aibala айтады:

      Салем! мен де өз ойымды жазып көрсем деп едім№
      Жауабы жоқ сұрақтар

      Не жазам,…
      Өлең бе, әлде өмір ме?
      Жоғалтым мен,
      Өлеңді де, өнерді.
      Жазам деймін,
      Жаза алмаймын, білмеймін.
      Бұл мен үшін,
      Шыға алмас шың деймін.
      Ойым менің,
      Сан-салалы, шашырақ,
      Ұстай алмай,
      Жүрмін оны шаршап-ақ.
      Мен, мен емеспін,
      Өзгемін..
      Өзге түгіл,
      Өзімді де сезбеймін.
      Кей кездерде,
      Жоғалып бір кетемін,
      Сол кездерде,
      Таба алмаймын бір себеп.
      Себеп бар ма?№№№
      Жауабы жоқ бір нәрсе..
      Оған да бар,
      Себеп сынды, бір нәрсе.
      Сол үшінде,
      Маза керек бір кезде.
      Сол кездерде,
      Үйге баспай аяғым,
      Кері кетіп,
      Жүрші дейді бір жерге.
      Жүре берем,
      Жүре берем мен мейлі.
      Бірақ, әттең
      Жол да бітер бір кезде.
      Амалым жоқ,
      Артымда ар-ұят бар.
      сұрағым жоқ,
      Жауап берер кімі бар.
      Түсінбеймін,
      Түсінбейді ешкімде,
      Себебі бұл-
      Мағына жоқ дүние…………….

  2. urimtal айтады:

    Сонымен қазір, журналист-блогшы болдың. 🙂 Блогың өте ұнайды!!! Сәттілік тілеймін. Ағаңа, ауылдағы достарыңа үлкен сәлем!

  3. Қаламың ұштала берсін..Еңбегіңнің жемісін көр..

    Блогың құтты болсын..

    ПыСы: Асхаттың оқушыларының бірісі боларсың, ендеше Асхатқа да үлкен алғыс айтуым керек..Блогыңның іші қызықты мақалаларға тола берсін..

  4. махамбет айтады:

    жақсы екен блогың

  5. Айко айтады:

    танысқаныма өте қуаныштымын. бір универдің түлегі болдық қой…

  6. makpal айтады:

    Мен де қуаныштымын!

  7. makpal айтады:

    Мен де өте қуаныштымын!

  8. makpal айтады:

    Мен де өте қуаныштымын! Cен де инязды бітірдің бе? Қай факультетін?

  9. Akbuken айтады:

    Blogynyzdyn oyrmandary millionnan assyn dep tileimn

  10. Narkosh (Nara) айтады:

    Сонда сіз халықаралық қатынастар маманысыз ба?

  11. zhangozy айтады:

    сәлем блогың жақсы екен келушілер көбейе берсін
    тек бір ұсыныс сілтемелер айырбастасақ қайтеді сенің блогың менде менің блогымның аты сенде дегендей
    рахмет!

  12. maqpal айтады:

    Narkosh-қа: мен халықаралық қатынастар мамандығын бітірген жоқпын, педагогпын ғой шынайы кәсібім
    zhangozy-ға: рахмет! жақсы келістік

  13. Madi айтады:

    Сіз үшін журналист деген кім? немесе қандай болуы керек?

  14. maqpal айтады:

    журналистің миссиясына көптеген адамдар күмәнмен қарайды. десе де, журналист деген бұл ең әуелі шындықтың жаршысы деп ойлаймын. Оның қатып қалған сипаттамалары жоқ, менімше.

  15. erke айтады:

    Сәлем блогыңыз өте жақсы екен, келушілер көбейе берсін. Мақпал сiз казақ жастарына үлгi болып отырсыз, ең бастысы казақстандықтар казақстанның бүгiнi жане ертеңi тек казақ тiлiнде болатынын түсiнү керек…

  16. maqpal айтады:

    рахмет

  17. dumaizhan айтады:

    Блогыңыз керемет екен!!!

  18. kokjal83 айтады:

    Мақпал,блогің құтты болсын!арқашан өз еркіңмен қалам тербейтін еркін адамдардан болуыңа тілектеспін!

  19. Aibek айтады:

    Блогыңыз жақсы жасалыпты. Блогыңыздағы жазбалар да тамаша жазылыпты.

  20. Ардақ айтады:

    жазбалар, расында жақсы екен , оқырманыңыз мұнанда көөөөп болсын!!!!

  21. estetika91 айтады:

    Салем Мақпал! Блогыңыз құтты болсын! Кеш құттықтап жатқаныма айып етпеңіз, игіліктің ерте кеші жоқ демей ме…

  22. kazbekuly айтады:

    Иә,менде блогынызды алгаш корип отырм,жаксы жазбалар кутемиз!Мені де іліп косаныз)

  23. Нұрлан айтады:

    Қуанышқаныма таныстымын! Ой, не деп кеттім? Осы сұлу қыз көрсем ауып кетемін. Танысқаныма қуаныштымын Мақпал! )))

  24. Rick Rolen айтады:

    Webmaster from Toshiba Satellite L755-S5349 Best Deals

  25. Makpal Zhumabay айтады:

    Сәлем, Мақпал! Қазақтың Мақпал қыздары жасасын! Менің блогыма қонақ болғайсың!

Leave a reply to urimtal Жауап беруден бас тарту