Масондар деген кімдер?

Масондар…Бұдан бөлек оларды ерікті тас қалаушылар деп те атайды. Ғалымдар масондықты – діни-синкреттік, эзотерикалық яғни құпия ілімдер қатарына жатқызады. Эзотерикалық болатыны себебі, масондардың көзқарасы бойынша, бұл ілімнің құпияларына тек «таңдаулы адамдар» ғана қаныға алады. Масондардың негізгі идеялары ежелгі гностиктер, озирис-изида, эссендер, манихейлер т.б көне ілімдерде кездеседі. Діни идеалдар қатарында ежелгі грек мифтеріндегі кейіпкерлер, библиялық кейіпкерлер: Нұх пайғамбар, Сүлеймен патша, Мұса пайғамбар т.б бар. Сондай ақ, олардың ойынша, Рама Кришна, Будда, Орфей, Пифагор, Платон, Конфуций, Иисус христос, Мұхаммед пайғамбар масондық идеяның қарлдығаштары болған. Масондықта ақыл мен ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып әділетті қоғам құру туралы утопистік көзқарастар да бар.

Тарихшылар масондардың пайда болуын ортағасырлық қолөнершілер арасында пайда болған топтармен байланыстырады. Әдетте, масондықтың отаны Англия болып саналады. Ең алғаш қолөнершілер арасында ұйымдар ХІІ ғасырларда пайда болғанмен оның нағыз жандану кезеңі ХV ғасырларға жатады. Бұл кезде мұндай ұйымдар алдымен қала, кейіннен бүкіл мемлекет ішінде үлкен маңызды рөл атқаратын дәрежеге жеткен еді. Ал ХVІІІ ғасырда олардың саны тым көбейіп кетеді. Соның салдарынан оларды басқаратын ұйым қажеттілігі туындайды. 1717 жылы атақты 4 ложа бірігіп, «Ұлы Ложа» деген атпен ортақ бақылаушы ұйым құрады. Қазіргі күннің өзінде өзге елдердегі масондықтың «филиалдары» Англиядағы ложаны басты, құдыретті ложа ретінде таниды. Масондық ұйымдар Еуропада жылдам өрістеді. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Бельгия, Италия, Германия, Швейцарияда масондыққа өтуге талпынушылар саны ұлғайды. 1735 жылы Париждің өзінде 5 ложа жұмыс істеп тұрған. Тарихи деректер уақыт өткен сайын олардың саны көбейткіш кестедегідей жылдам өсіп отырғанын көрсетеді. Егер 1742 жылы олар 17 ұйыммен толықса, Француз революциясы қарсаңында масондар саны 100 мыңға жеткен.

Көптеген саяси-тарихи тұлғалардың, атақты адамдардың масон болғаны белгілі. Мәселен, композиторлардан Вольфганг Амадей Моцарт, Ференц Лист, Йозеф Гайдн, Людвиг ван Бетховен, Никколо Паганини, Яков Сибелиус, жазушылардан Рабиндранат Тагор, Вальтер Скотт, Оскар Уайльд, Марк Твен, ақындардан Иоганн Вольфганг Гете,  Александр Поп, Роберт Бернс, Редьярд Киплинг бар. 14 американдық президент те ұйымның мүшелері болған көрінеді. Орыс халқының атақты тұлғалар арасында А.С.Пушкин, А.В.Суворов, М.И Голенищев-Кутузов бар. Өзінің этикалық философиялық идеяларының масондарға ұқсас болғанын ірі ойшыл Л.Н.Толстой да мойындап кетіпті. Көрші Ресейде масондық идеяның жаңғыру кееңі коммунизмнің құлауымен тұспа-тұс келді. 1991 жылы жаңа ресейлік ложа құрылды. Бүгінгі таңда ресейлік масондар Мәскеуде, Санкт-Петербор, Воронеж, Архангелскіде жиналып тұрады.

Тағы бір айта кететін жайт, масондықта назар аударатын нәрселердің бірі олардың белгі-таңбалары. Оларды символикалық философияға жатқызу себебі де сол. Мәселен, ортағасырлық масондар жер асты суын белгі ретінде пайдаланған. Себебі, бұл біріншіден, үздіксіз қозғалыстың белгісі болса, екіншіден олар тасада,көптен жырақ жерде, көзге үнемі түсе бермейтін жерде орналасқан.сол секілді басқа да мысалдар келтіруге болады. Байқасаңыз, масондардың таңбаларын күнделікті өмірде кездестіруге болады. Мәселен, 1 доллардағы бір көзді масондық белгі екенін ғалымдар әлдеқайда аңдап қойған. Кезіндегі кеңестер одағының елтаңбасында белгіленген орақ пен балға да осы ұйымның белгісі көрінеді. Мұндай белгілерді тіпті шарап маркаларынан да көруге болады дейді зерттеушілер. Егер бұрындары бұл ұйымның идеялары, ұстанған бағыттары т.б туралы ақпаратты тарату масондарға тыйым салынса, қазіргі таңда олар қоғамға өздерінің позицияларын ашық көрсете бастаған көрінеді. Мұның себебін масондардың өздерінен сұрау керек. Айтпақшы, бұл ұйымға әйел баласы кіруіне тыйым салынған..

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Масондар деген кімдер?

  1. 56 айтады:

    Бул Масондар оте кушти уйым..олар саясатын букил алемге жургизип отыр. Олардын белгилери дуние жузин каптап кеткен..типти озимиздин Астанадагы салынып жаткан курылыстарга карасаныздарда байкайсыздар)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s