Анау-мынау

Менің оқыған кітаптар, мақалалар болсын, естіген әңгіме болсын, солардан өзіме ұнаған үзінділерді блокнотыма түртіп алатын жаман әдетім бар. Жақында «архивімді» ақтарып отырып, сондай блокноттарымның біреуін тауып алдым. Сондағы кейбір жазбалар:

Тасбиық, сәлде, жайнамаз,

Тастамасаң қыс пен жаз,

Жүрегің болса, тайғақ саз,

Сопысынып қылма наз.

Шәкәрім

***

…Үш күндік ашығудан кейін ақыл-ойыңыздың томағасы сыпырылғандай күй кешесіз. Ойыңыз әдеттегіден көбірек қисын тауып, тез арада дұрыс шешім қабылдайсыз. Бұрынғы елеулі проблемалардың бәрі де қарапайым нәрсеге айналады. Ашығудан кейін ешнәрседен қорықпайсыз. Жаныңызға батып келген жайсыздықты нұрлы ақылдың сәулесі жойып жібереді. Тән мен жан тазалығы сізді биікке шарықтатып, жарқын ойлы тұлғаға айналдырады. Жаңа деректер мен білімді сіңіріп жатқан миыңыз сорғыш қағазға ұқсайды. Өмірді жарқырата ажарландыратын ішкі қанағат пен жан тыныштығы орнайды. Жұмыс арқылы даналық табасыз. (Поль Брегг «Ашығу құдыреті»кітабынан)

***

…Тәрбие мен тәртіп тар жолда тәжірибеден тарыға сабақ алып, қысылтаяң жағдайдың қыспағында болып, шегіне барып, шеңгелден құтылып, ашына алға ұмтылып, арпалыста айқасып, алып ұрып, көптен көріп, көптен оқып барып батыр болады. Оны өмір ұршықтай иіріп, шылбырдай ширатып, терідей илеп, иін қандырып барып, батыл, батыр деген атаққа ие етеді…Күресте күш шынығып, арпалыста арбаудан өтіп барып, айла мен айбындылық пайда болады. (Б.Момышұлы)

***

«Солдат» деген сөзді соғысқа қатысты мағынада ғана ұғынбау қажет. Мен үстіне сұр шинель киіп, қолына винтовка ұстаған адамды ғана айтып отырған жоқпын, солдат деп әртүрлі салалар мен қызметтерде жұмыс істеп жүргендердің бәрін айтып отырмын. өйткені бұл да майдан. Солдат деген сөзді мен кең мағынада түсінемін. От басы, ошақ қасынан бастап, шабуылға дейін, ұрыс кезінде, барлық жерде жауынгерлік қасиет, адамның табандылық көрсете білуі керек. Адамның әскери-жауынгерлік қызметі – біздің күресіміздің тек бір ғана түрі болып табылады. (Б.Момышұлы)

***

Бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын, ал көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқамын. (Б.Момышұлы)

***

Егер балаңыздың шылым тартқанын қойдырғыңыз келсе, оған уағыз айтпаңыз, одан гөрі балаңызға шылым тартудың зиянды екенін,бейсбол командасына мүше болып кіруге немесе 100 ярдтен жүгіруден өтетін жарысқа қатысуына кедергі келтіретінін айтып түсіндіріңіз. (Дейл Карнеги)

***

…Ешбір заманда «Қарның тоқ болады. Көйлегің көк болады. Қатының қойныңда болады. Атың астында болады» деген «ұлттық идея» қазақтың қанын қыздырған емес. «Жерім тұл болады, дін ұстауым мұң болады, тілім жым болады, қатын-балам күң болады» деген қауіп қана қамшылап тұрды намысымызды.(Ғ.Боқаш)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to Анау-мынау

  1. bakytnur айтады:

    Blogyndy kyzykty ustaidy ekensin! Jaksy!

    Blogyndy http://www.massagan.com/qazaqblogtary.php degen jerge tirkeuge kostyk. Sol jerdegi okyrmandar tikelei okyp, sizdin blogynyzga konak bola alady, ari trafiginiz kobeiedi dep senemin.

    habarlasip turynyz!

  2. makpal айтады:

    Көп рахмет, Бақытнұр! мен де сені тіркеп қояйын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s