Алматыда М.Шаханов атындағы «Рух пен Тіл» атты клуб жұмыс істей бастады

 Клубтың ашылғанына көп болмапты. Клубтың жетекшісі Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің студенті Жанболат Мамайға бірер сұрақ қойған едік: –Клуб нендей мақсатпен құрылды? –

Біздің клубымыз таза жастар клубы болып есептелінеді. 18-25 жас аралығындағы жастар қабылданады. М.Шахановтың тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы идеясы негізінде топтасқан қазақ жастары үшін көпір болғымыз келеді.

 –Неге М.Шаханов атындағы клуб болып аталады?

-Мәселен, көрші қырғыз елінде Ш.Айтматов атындағы бірнеше фан-клубтар жұмыс істейді. Сонымен қатар 2008 жылы Қ.Бакиевтің жарлығымен Ш.Айтматов жылы болып жарияланды. Сондай ақ, елімізде О.Сүлейменов атындағы білдей бір кафедра бар. Б.Жансүгіров құрған «Жас олжасшылар» клубтары жұмыс істейді. Осының барлығын ескере отырып, М.Шаханов атындағы клуб құруды жөн көрдік.

 –-Өз есімімен клубтың ашылуын Мұхтар аға қалай қабылдады?

Өзінің есімімен клуб ашу идеясын айтқанда ол кісі қарсы болды. Бұл бәлкім, қазақы әдептілік те шығар. Дегенмен Мұхтар аға біздің клубты қолдап отыр.

Алға қойған мақсаттарыңызды қалай жүзеге асырмақсыздар? 

-Жуық арада орыс жастарына қазақ тілін үйрететін қазақ клубын ұйымдастыру жоспарымызда бар. Сонымен бірге Интернет басылымдар немесе БАҚ болсын, сонда жариялайтын үндеулеріміз, мақалаларымыз, сауалнамалар, дөңгелек үстел, конференция, түрлі кездесулер болсын, барлығы да қазақ тілін дамытуға мысқалдай болса да өз үлестерін қосады деп есептейміз.

                                                                  

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to Алматыда М.Шаханов атындағы «Рух пен Тіл» атты клуб жұмыс істей бастады

  1. arsenal777 айтады:

    Мұхтар Шаханов атында болғаны орныды меніңше, тіл жанашырларының бірі сол ғой. Клуб мақсатына жете берсің.

  2. tomiris айтады:

    Алга жылжитынына куманым бар 😦
    Партиянын максаты тил емес Шахановтану сиякты болып коринеди.

  3. makpal айтады:

    Айтпақшы, бүгін стипендия өсті деген жылы хабар жетті құлағыма 🙂

  4. urimtal айтады:

    Қаншаға өсіпті?

  5. bakytnur айтады:

    Kandai stipendia degendi tusindire ketesin be?

  6. makpal айтады:

    Okinishke oray, tek magistranttardiki gana korinedi. Al studentterdin stipendyasi ospegen sinayli. Azirshe kolimda dal akparat zhok. Magistranttardiki 19min tenge

  7. somebody айтады:

    2 томирис
    халық рухының клубқа не қатысы бар?

  8. Aiko айтады:

    клубты курып журген студенттер екен ғой…
    маладес.

  9. Лариса айтады:

    ҚАЗҚАСТАН ҮКІМЕТІ ТАҒЫ ХАЛЫҚТЫ АЛДАУҒА КІРІСТІ. ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ 22 ЖЫЛ ЖЕТПЕЙТІНДЕЙ ЕНДІ 10 ЖЫЛ ОҚЫ ДЕЙДІ. ҚАНДАЙ МАСҚАРАЛЫҚ.
    МАГИСТРАНТКА ЖҰМАДІЛЛА -ҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s