Бала тілінің анық шықпауы

Жақында республикалық ұлттық тәуелсіз «Үш қиян» газетінде журналист С.Керімбайдың «Бұлбұлдай бала сайраса…» атты мақаласы жарық көріпті. Мақала бала тілінің анық шықпауы туралы.  Автор бұл мәселенің уақыт өткен сайын үлкен мәселеге айналып бара жатқанын жазып, оның себебін түсіндіруде әлемдік ғалымдардың көзқарасын келтіреді:

«Егер бала сап-сау туылып, бірақ өсе келе тілінде мүкіс пайда болса, оның ең басты себебі біреу. Шақалақ сәби бесікте жатқанда оның қасында теледидар көп қосылған. Оның бөлмесінде даңғаза музыка үнемі ойнап, естіліп тұрған. Үйге келген қонақтар дастарқан басында бет-алды лағып, орынсыз күліп, жүйесіз әңгіме айтып, баланың миындағы сөйлеу жұмысына жауап беретін иірімдерін жаралап тастаған».

Автор бұдан да басқа себептер бар екенін ескертеді. Сондай ақ, мақалада «ешқандай ғылымды, күрделі жаттығуды» қажет етпейтін жас аналарға қарапайым кеңестер жазылған. Ол кеңестердің қысқаша мазмұны мынадай:

«Баланың ақыл-ой қабілеті мен эмоциясының берік болуы 3 жасқа дейінгі тәрбиемен тығыз байланысты. Шақалақ бөпе сөзге түсінбесе де дауыс интонациясындағы мейірім мен жеккөрінішті оңай сезеді…Сондықтан тәрбие мәдениеті қалыптасқан өркениетті елдің бәрінде ата-аналар балаларын бесік жырымен тербетіп, мағыналы өлеңмен ұйықтатуды дәстүрге айналдырған. Мамандар бесік жырын қатты дауыстамай бірақ анық айтсын деп кеңес береді.»

Дегенмен қазіргі таңда бесік жыры мен дастан, ертегі айту дәстүрі біршама үзіліп қалған десек те болады. Оның бір себебі жыр-дастандардың ұзақтығы болуы мүмкін. Алайда автордың ойынша, бұл қиындықты да оңай шешуге болатын көрінеді:

«Жас анаға ұзын-сонар қисса, хикаялардың бәрін сыпыра жинап, бүкіл бесік жырын жаңылмай жатқа соғуы шарт емес. Ары кетсе 2-3 шумақтан тұратын 4-5 жырды жаттап алсаңыз жетіп жатыр. Себебі, 2-3 жасар бөпе іші пысып кетіп, бесіктен басын шығарып, «мама,мынау кешегі жыр ғой» деп ескерту жасамайды. Жасы төрттен асып, ертектің қызығына кіріп алған балдырған бір ертегіні күн сайын 10 мәрте қайталап тыңдаса да жалықпайды»

Бұдан да басқа толып жатқан кеңестер бар. Алайда олардың бәрін қысқаша жеткізу мүмкін емес.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s