Ой-қазына

Орыстың ұлы ойшылы Л.Толстой «Жоғалған ой – жоғалған қазынамен тең» депті. Сол айтқандай кезінде жоғалмасын деп жазып қойған ой-пікірлерді бүгін блогыма жариялауды жөн көрдім.

«Өзіңе сенбе, өзгеге сенбе бүгінгі. Алғаш рет жүрегіңде бүршік атып, тамыр жайған қасиетті де парасатты ізгілікке сен. Әлдекім мысқылдай күліп: «шырағым, өмірдің бұл сұрағына біз де жауап іздеп шарқ ұрғанбыз, бірақ таппағанбыз, содан кейін өзгелер құсап тулап-тулап қойғанбыз. Сенің бұл ниетің жастық шақтың орындалмайтын арманы ғана, бәріміз де арман қылдық, қол создық, сүйтсек, өмірдің өз талабы, өз қалауы бар екен, ендеше, өмір былай болар ма еді деп бос қиялдағанша, сол өмірдің талабына сай әрекет қыл» дегендерге сене көрме!

Ізгілік пен ақиқаттың толық үстемдік етуі мүмкін емес дейтіндерге сене көрме. Тәңірі тектес сезім шырағы алғаш рет көкірегіңде жарқ етіп тұтанған киелі шақтағы, әу бастағы адал шақтағы мына өзіңе сен. Сол шырақты өшіре көрме, бар қуатыңды пана қылып жандыра түс, лаулай түссін» (Л.Толстой)

«…Күннен туған Ғұн екенім рас болса, күн сөнгенше өшіп қалмауды ғана ойлап бықсып жатуға хақым жоқ! Менің жануым керек, жарқырауым керек, жарығымды жер-жаһан көруі тиіс!… » (Ғ.Боқаш)

«Өмірде әдеттің күштілігін содан біл: «әдет – адамның екінші табиғаты» Әуелде қиын көрінген нәрсе, жүре бара оңайланып кетеді, тіпті көп дағдыланса, ойланбастан машина тәрізденіп істейтін боламыз. Бұ заманғы дәуірлеп тұрған нәрсені мысалға алсақ, әдет – бір сақтаулы қазына. Қазынаның өсімін жеп, өмір сүру керек. Ол үшін балаға пайдалы амалды жасынан бойына сіңіріп, зиянды істен ерте бастан сақтандыру керек…Ынталар кезінде ұдайымен тиісті сусын ала алмайды да, өмірде қайтпас болаттай қару (әдет) болудың орнына күнделікті ұсақ мүдделер жол бермегендіктен өзінен-өзі сөніп қалады…Ал өз тағдырыңды күндегі тамызықтап істеген амалыңмен өзің жасап аласың» (Ж.Аймауытов)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s