Студенттер, барлығың бірігіңдер!

Бұл бір масқара жағдай болды. Кеше барлық қоғамдық көліктерде студенттік билеттер жарамсыз танылды. «Грантта оқиды» деген қызыл мөр басылу керек екен. Ал ондай мөр болмайды дейді университет басшылықтары. Егер ондай мөр болған күннің өзінде жеңілдік тек грантта оқитындарға ғана емес, барлық студенттерге берілуі тиіс. Мемлекет жастарды қолдаймыз дейді, қолдағаны осы ма? Ертең маусымның 13-і күні Республика алаңында жастар ұйымдары қоғамдық көліктегі жолақыға қатысты мәселе көтереді. Келіңіздер! 

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

6 Responses to Студенттер, барлығың бірігіңдер!

  1. urimtal айтады:

    Сағат нешеде?

  2. maqpal айтады:

    Сағат 11-де

  3. Қайтарма үнқосу: Африканы басып озу үшін… « Өрімтал

  4. Айко айтады:

    не болды бардыңдар ма? не шештіңдер?
    менің жанымда тұрса да еріндім барғанға

  5. urimtal айтады:

    Бардық. Әкімдіктен біреулер шығып: «Грант, кредитке блмейміз. Жеңілдік сақталатын болды» деген соң, барлығы қуанып үйлеріне тарқасып кетіпті. Бұл туралы Мақпал-ақпарат маған Интерфаксте айтты. Мақпал, Мақпал…

  6. Қайтарма үнқосу: kz.kazakhstan.neweurasia.net » Аптаның 7 жазбасы: блогосферадағы азаматтық бұлқыныс

Пікір қалдыру