Сурат кофеханасы (жалғасы)

Конфуцийдің оқушысы көзін жұмып, ойланып болған соң көзін ашып, кең жеңінен қолын шығарып, кеудесіне қойып, ақырын салмақты дауыспен :

-Мырзалар, менің ойымша, адамдардың өзін сүйгіштігі сенім мәселесінде келісімге келуге кедергі келтіретін секілді. Егер де сіздер мені тыңдауды қиынсынбасаңыздар, мен оны бір мысалмен түсіндірейін.

Мен Қытайдан Суратқа дейін жер шарын шарлаған ағылшын кемесімен келдім. Жолшыбай Суматра аралының шығыс жағалауына су алу үшін тоқтадық. Тал түсте құрғаққа жетіп, кокос пальмасының көлеңкесіне демалуға отырдық. Бұл жергілікті арал тұрғындарының қыстағына жақын жер еді. Біздің арамызда жер шарының түкпір түкпірінен келген адамдар болатын.

Біз демалып отырғанда жанымызға бір зағип жақындады. Бұл адам кейін білгеніміздей Күннің не екенін білгісі келгендіктен күнге ұзақ қарай беріпті, ақыында көзінен айрылып тыныпты. Ол бұған Күн сәулесінің құдыретіне ие болғысы келгендіктен барыпты.

Ол бұған жету үшін көп бас қатырады, мақсатына жету үшін бар ғылымды салып көреді. Ол күннің сәулесін жаулап алып, шөлмекке салып алуға ұмтылады.

Ол күнге қарай беруден басқа ешнәрсе істей алмайды. Күнге қарай бергендіктен көзі ауырып, ақырында көрмей қалады. Сол кезде ол өз-өзіне:

Күн сәулесі сұйық зат емес, өйткені сұйық болғанда онда оны құйып алуға болатын еді және ол су сияқты жердің әсерінен тербелетін еді. Күн сәулесі от та емес. Егер ол от болғанда, ол судың әсерінен өшіп қалатын еді. Күн сәулесі нұр да емес, себебі, егер ол нұр болатын болса, көрінбейтін еді. Және тәни нәрсе де емес, оны жылжыта алмаймыз. Ал ол жоғарыда айтылғандардың бірде біреуі болмағандықтан ол ешнәрсе де емес, – деген қорытындыға келеді.

Осылайша ол ойлағандықтан ол тек көзінен ғана айрылып қоймай, ақылынан да адасады.

Бұл зағиппен қатар оның құлы да ілесе келеді. Ол өзінің зағип қожайынын көлеңкеге отырғызып, жерден кокос жаңғақтарын көтеріп, одан шам жасай бастайды. Ол кокостың талшығынан шам жасап, жаңғақтың дәніндегі майды қабығына сығып, от жағатындай жағдай жасайды.

Құл шам жасап жатқанда зағип бір күрсініп, одан сұрай бастайды:

Құл, мен саған күн жоқ деп айттым емес пе?! Көрмейсің бе, күн жоқ, тас қараңғы. Ал күн бар екен, ол осындай осындай деп айтып жатады. Жалпы күн дегеніміздің өзі не, ол?

Менің күн жайлы мағлұматым аз. Менің онда шаруам да жоқ. Ал оның сәулесін айтсақ, оны мен білемін. Міне, мен шам жасадым. Осының арқасында түнде маған жарық болады және айналамдағы заттарды дер уағында тауып, саған да қызмет ете алам, –

дейді. Ол қолына шамды алып: «міне, мұны менің күнім деп айтуға болады» дейді. Бұл көлеңкеде демалып жатқандардың арасында балдаққа сүйенген бір ақсақ бар-тын. Мұны естіп ол мырс етіп күледі де:

Күннің не екенін белмейтініңе қарағанда сен туғаннан соқыр боп туылғансың ғой деймін. Мен саған оның не екенін айтайын. Күн дегеніміз ол оттан жасалған шар. Бұл шар әрбір күні теңізден шығып, әрбір кеште біздің аралымыздағы тауға қонады. Бұған біздің аралдың тұрғындары куә. Егер сенің көзің көргенде, сен де куә болатын едің.

Мұны естіген бір балықшы ақсаққа қарап:

Сенің өз аралыңнан басқа жақты көрмегенің көрініп тұр. Егер сен ақсақ болмағанда, оның тауға емес, теңізден шығып, теңізге қонатынын білетін едің. Менің айтып отырғанымда бір қоспа өтірік жоқ. Себебі, оның бәрін әрбір күні өзім көремін.

Осы кезде бір үнділік оның сөзін бөледі.

Мен осыншалықты салмақты адамның аузынан осыншалықты ақымақ сөздердің шығып тұрғанына таң қалып тұрмын. Олай болса, оттан жасалған шар теңізге батып, неге сөнбей қалады? Күн дегеніміз ол сен айтқандай, оттан жасалған шар емес. Ол – Дэва деп аталатын құдай патшалығы. Ол аспан дөңгелегінде Мерува тауының төңірегінде айналып жүреді. Зұлым аждаһа Рагу мен Кетудің Дэваға тұтқиылдан шабуылдап, оны жұтып қоятын да кездері болады. Ол кезде айналаны түнек басады. Бірақ біздің абыздар Құдай патшалығынан оның тезірек босануын тілеп, жалбарынады. Сол кезде ол қайта босанады да, жарық болады. Тек сіздер секілді надан адамдар ғана, өзінің аралынан басқаны білмейтін адамдар ғана күн тек өздерінің аралына ғана жарық шашады деп ойлайды, – сөзін аяқтайды үнділік.

Осы кезде египеттік кеменің капитаны сөз бастайды:

Жоқ, бұл жалған: күн дегеніміз құдай патшалығы емес, ол тек Үндістанның төбесінде ғана айналып жүрмейді. Мен Қара теңіз бен Араб жағалауларын ұзақ уақыт бойы шарладым. Мадагаскар мен Филиппин аралдарында да болдым. Сондағы көргенім – күн тек үндістанның төбесінде ғана жүрмейді. Күн жапон аралдарынан шығады. Аталған аралдың атауы да соған байланысты аталады, «я» және «пен» олардың тілінен аударғанда күннің шығысы деген мағынаны білдіреді. Және күн алыс-алыс сонау ағылшын аралдарына барып қонады. Мен мұны жақсы білемін және ол жайлы атамның әңгімесінен де естігенмін. Менің атам кезінде атақты теңізші болған.

Ол әрі қарай жалғастырайтын деп еді, оны ағылшын кемесінің теңізшісі бөледі:

Күннің қайдан шығып, қайда барып қонатынын Англияда тұратындардан артық ешкім білмейді. Біздің тұрғындар күннің еш жерден шығып, еш жерге барып қонбайтынын жақсы біледі. Ол жердің айналасында тынымсыз айналып жүреді. Біздің бұған көзіміз де жетті. Себебі, бүкіл жерді айналып шығып, біз еш жерде күнмен кездескен жоқпыз. Барлық жерде осылай таңертең шығады да, кешке қарай жасырынады.

Сөйтіп, ағылшын жерден таяқ алып, құмға сызып түсіндіре бастайды. Бірақ оның тілі жетпей, ол өзінің кемедегі басшысын нұсқап «міне, мына кісі оны менен де жақсы біліп, түсіндіре алады» дейді. Ағылшын теңізшісінің нұсқаған кісісі шынында да ақылды әрі сөйлеушілердің сөздерін асықпай тыңдап, үндемей сараптап отырған еді. Енді барлығы оған назарын аударған соң ол сөз бастайды:

Сіздердің барлықтарыңыз бір-бірлеріңізді алдап, одан сайын шырмала түсудесіздер. Күн жерді айналмайды, керісінше, жер күнды айналады. Ол күнді айнала жүріп, өзі де 24 сағат бойы айналады. Күн тек бір тау болмаса жекелеген аралдар үшін сәуле шашпайды. Ол тіпті жалғыз жер үшін ғана емес, жер секілді өзге де ғаламшарларға жарығын шашады. Мұның бәрін егер адамдар өзі тұрған жерге емес, аспанға байыптап қарағанда түсінетін еді.

Көпті көрген дана адам осылай дейді.

Иә, адамдардың адасуының, сенім мәселесінде келісімге келмеулерінің бірден бір себебі – өзімшілдігінде, өзін-өзі жақсы көруінде, -деп Конфуцийдің шәкірті одан сөзін әрі жалғайды. – Манағы мысалда Күнге қатысты болған дау да, Құдай туралы арамызда болған дау сияқты. Әрбір адам өзінің жеке ерекше Құдайы болғанын қалайды. Әрбір халық тек өзінің халқын ғана жарылқап, оны өзгелерден артық қып көрсететін құдайы болғандығын қалайды. Әрбір халық құдай үйінде (бірінде храм, бірінде мешіт, бірінде ғибадатхана) бүкіл адамзатқа бірдей шуақ шашатын құдайды ұлықтағысы келмейді.

Ортақ бір сенімнің астына әлем халқын біріктіру үшін Құдайдың салған храмымен қандай храм теңесе алады? Дүниедегі адамдар салған құлшылық орындары Құдайдың салып берген храмдардың үлгісімен салынған. Барлық храмдарда купель, күмбез, шырақ, бейне, жазба, заңдар жинағы, құрбандық, алтарь, абыздар бар. Қандай храмда теңіз секілді купель бар,

немесе аспан сияқты күмбезден жасалған?! Күн, ай, жұлдыз сияқты шырақтары бар храм бар ма? Бір-бірін жақсы көруші, бір –біріне қамқор адамдар секілді бейнелер қай храмда кездеседі? Адамдардың жүрегіне жазылғаны сияқты барлық адамға соншалықты түсінікті тілмен жазылған заңдар жинағының кітабы қайда бар?! Адамдардың өзі жақсы көретін адамдары үшін жасайтын құрбандығына тең келер құрбандық бар ма?! Мейірімді адамның жүрегі сияқты алтарьға тең келетін алтарь бар ма?!

Адам Құдайды неғұрлым жоғары түсінген сайын соғұрлым оны жақсы білетін болады. Ал Құдайды неғұрлым жақсы түсінген сайын оған соғұрлым тезірек жақындай бастайды. Адамды сүюде, шарапат таратуда оған еліктей бастайды.

Және сол үшін де әлемге ортақ күннің сәулесін тұтастай көрген адам өзінің идолынан тек сол сәуленің бір бөлігін ғана көрген сенуші адамды жек көріп, айыптамасын. Және де ол күн сәулесінің бар екендігіне сенбейтін зағипты да жек көріп, айыптамасын.

Конфуцийдің шәкірті осыны айтқаннан кейін кофеханадағы адамдар сабасына түсіпті. Және  содан бері кімнің сенімінің дұрыстығы жөнінде дауласпапты.

(Соңғы бөлігінде кейбір сөздерді аудара алған жоқпын. Айып етпессіздер – М.Қ)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s