«Алашорда» туралы деректі фильм

Қазақ елінің бостандығы үшін күрескен Алаш зиялылары туралы деректі фильм түсіріліп бітіп, алғашқы көрермендеріне де жол тартып үлгерді. Алматыда «Цезарь» кинотеатрында «Алашорда» деректі фильмінің тұсаукесері болып өтті.

p1010262 -Алаш тақырыбына деректі кино түсіру «Қазақфильмнің» жоспарында тұрған дүние еді. Кино Алашорданың саяси жағынан маңызды саналатын Орынбор, Петербор, Семей және Алматы қалаларында түсірілді. Тұжырымдамасын белгілі ғалымдар Кеңес Нұрпейісов, Мәмбет Қойгелдиев жазғанменен, фильм нақты тарихи деректер негізінде жасалды. Бірақ, басқа деректі фильмдерден бір ерекшелігі екі актер ойнайды. Бірі — Мұстафа Шоқайдың, бірі — Әлихан Бөкейхановтың рөлін сомдайды. Тағы бір айта кететін жайт, Әлихан да, Мұстафа да сондай бір паң, тәкаппар адамдар емес, кәдімгі өзіміз сияқты қарапайым адамдар болғанын көрсетуді көздеп отырмыз. Жалпы, бәрін идеал жасаудан аулақ болуды мақсат тұттық, – дейді фильмнің сценаристі, журналист Болат Мүрсәлім.

Фильм авторлары фильмнің ұзақтығын алғашында 26 минут қылдырмақ болады. Артынан фильмнің ауқымды тақырыбына қарап, 52 минутқа ұзартыпты. Фильмді түсіру тобы Ресейдің Орынбор, Петербор, Қазақстанның Семей қалаларында болып, сол кездегі Алашорда үкіметінің жиылыстары өткен және оның көшбасшылары тұрған тарихи ғимараттарын түсіріп қана қоймай сол жерлердегі тарихи деректерге де үңіліпті.

– Басында Мұстафа мен Әлиханды кезіктіріп, Қоқан автономиясы мен Алашорда Үкіметінің қарым-қатынасы жөнінде дүние жасау ойымызда болған. Деректі фильмнің бюджеті де, көлемі де көтермейді. Айналдырған 40 минуттың ішіне екі автономияның қызметін қатар сыйғызып, алып жүру мүмкін болмады, – деді Болат Мүрсәлім.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to «Алашорда» туралы деректі фильм

  1. Ansar айтады:

    Осындай ұлттық құндылықтарымызды жандандыратын дүиелерді көптен шығару керек. Жаһанданудың ағысымен ағып бара жатқан жастарымызға үлгі-өнеге ретінде көрсетуге құптырлық екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s