Оқу гранты

«БОТА» қоғамдық қорының Оқу гранты бағдарламасы Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық тұрмысы нашар отбасылардан шыққан жастарға жоғары және орта кәсіби білім алуға гранттарды беріп, сондай оқу ұсынатын үлкен мүмкіндіктердің пайдасын көруге көмектеседі. Әрбір грант бір жылға беріледі және әрбір грант алушыға оқуын жалғастыру үшін, дипломды/дәрежені/куәлікті алған сәтіне дейін, әр жылда қайтадан (4 жыл қатар) беріліп отыруы мүмкін.

2009-2010 оқу жылына 100 грант бөлінеді.

Әлеуметтік жауапкершілікті нығайту мақсатында, барлық грант алушылардан әр жылы 20 сағат ақысыз қоғамдық қызмет істеу талап етіледі. Бұндай қызмет тұрақты мемлекеттік емес ұйымдарда қоғамдық жұмыстары немесе дәріс беру, жергілікті жетімханаларда ұйымдық жұмыстары немесе жергілікті саябақтарды тазалау жұмыстары сияқты дербес әлеуметтік жобаларды жоспарлау және іске асыру жұмыстарын қамтуы мүмкін.

Сонымен қатар, грант алушылардан «БОТА» Қоғамдық қоры ұйымдастыратын оқу және біліктілікті жоғарылату семинарларына қатысу және академиялық үлгерімі туралы ведомостті (немесе оқу үлгерімі туралы өзге документ) жазбаша баяндама мен бөлінген грант бойынша қаражаттық есеп беруі талап етіледі.

Талапкерлерге қойылатын негізгі талаптар

Оқу гранты бағдарламасының негізгі мақсаты оқу орындарында күндізгі бөлімде оқығысы келетін, бірақ оқудың ақысын төлей алмайтын жастарға көмек беру.Бағдарламаға жасына, дініне және ұлтына қарамастан кез-келген Қазақстан Республикасында тұратын және азаматы болып келетін талапкер қатыса алады. Колледжде не жоғарғы оқу орнында оқығысы келетін, бірақ оқудың ақысын төлей алмайтын 11-сынып оқушылары мен түлектері, колледждің студенттері мен түлектерін шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер:

· 2009 жылдың 17 сәуіріне дейін толтырылған сауалнаманы ұсыну керек (егер сауалнама пошта арқылы жіберілсе, пошталық мөр 2009 жылдың 17 сәуірінен кейін болмауы тиіс).

· 2009 жылы 11 сыныпта оқитын оқушылар 2009 жылдың көктемінде өз мектептерінде БҰТ-ге қажет өтінім хатты жазуы керек, сондай-ақ түсейін деп жүрген оқу орнына керек емтихандарды тапсыруы қажет.

· БҰТ-ді тапсырмайтын талапкерлер кешенді тестілеуден өтуі және/немесе көздеген оқу орнының қабылдау емтихандарын тапсыруы керек.

· «БОТА» қорының қызметкелері талапкерлердің БҰТ-ге тіркелуін, тапсыруын және қабылдау емтихандарын тапсыруға көмектеспейді.

Келесі талапкерлер бағдарламаға қатысуға құқылы:

· Колледжге не жоғарғы оқу орнына бірінші рет тапсырып жатқан не бұған дейін қабылданбаған 11-сынып оқушылары немесе түлектері.

· Жоғарғы оқу орнына бірінші рет тапсырып жатқан не бұған дейін қабылданбаған колледждің соңғы курсының студенттері немесе түлектері.

Оқу гранты бағдарламасында келесі талапкелер қатыса алмайды:

· Қазақстанның азаматтары емес басқа елдің азаматтары

· Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын тұлғалар

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің оқу гранттарына немесе өзге көздерден грантқа ие болған тұлғалар

· Жоғарғы оқу орнында оқып жатқан студенттер

· 2009 жылдың 17 сәуіріне дейін толық емес және анық емес сауалнамалар тапсырған талапкерлер

«БОТА» қоғамдық қорының және IREX-тің қызметкерлері мен кеңесшілерінің отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары, балалары, аға-інілері және апа-сіңлілері) Оқу гранты бағдарламасына қатыса алмайды.

Грант ұсынудың қаржылық шарттары:

Грант келесі шығындарды қамтиды:

· Күндізгі оқу үшін және оқу орнына міндетті түрде төленетін төлемдер

· Талапкердің тұратын қаласы/ауылынан оқу орнына дейінгі және кері жол ақысы

· Тұратын қалаларынан/ауылдарынан тыс жерде оқитын оқушыларға арнайы тамақ пен панажай қамтамасыз етіледі (тамақ пен тұрғын бөлмесі)

«БОТА» қоғамдық қорының Оқу гранты бағдарламасының талапкерлеріне қойылатын талаптары мен іріктеу процесі

Сауалнаманы ұсыну тәртібі

«БОТА» Қоры сауалнамада көрсетілген барлық мәләметтерді тексеру құқығын сақтайды. Егер сауалнамадағы мәліметтерде қандай да бір қарама-қайшылықтар табылса, немесе олар жалған болып танылса, сауалнама жарамсыз болып қалады да, оқушы қатысу құқықтарынан айырылады. Егер талапкердің бағдарламаға қабылданғаннан кейін, ұсынған қандай да бір мәліметі жалған болып танылса, оқушы қатысу мүшелігінен айырылады. Іріктеу процесінің кез-келген сатысында талапкерлерден жанұяның демографиялық және/немесе қаржы жағдайына қатысты жазба құжаттары талап етілуі мүмкін.

Талапкерлерді іріктеу процесі мен қойылатын талаптары

Оқу гранты бағдарламасы ашық байқау ретінде өтеді, талапкердің қаржылық жағдайы мен академиялық әлеуеті есепке алынады.

Талапкерлерді іріктеудің алты кезеңі:

1. Барлық қабылданған сауалнамаларды «БОТА» қорының ұжымы техникалық құқықтылығына тексереді (білім деңгейі, Қазақстанның азаматтығы және т.б.).

2. Техникалық этаптан өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық статусын ранг бойынша бағалау үшін қойылған 17-30 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

3. Іріктеу комиссиясы қаржылық жағдайына және 14-тен 16 сұрақ аралығындағы жауаптарға негізделе отырып, 200 білікті талапкерді анықтайды.

4. Іріктеу комиссиясы үшінші этапқа өткен 200 талапкермен сұхбаттасу өткізуді көздейді, сол арқылы талапкердің оқуды бітіре алатын әлеуетін анықтайды.

5. Сұхбаттасудың нәтижелеріне және жоғарыда қойылған талаптарға негізделе финалисттер жарияланады. Сонымен қатар финалисттер оқуға түсе алмаса немесе одан бас тарта қалатын жағдайда оларды ауыстыра алатын альтернативті талапкер белгіленеді.

6. Финалист талап етілген экзамендерді тапсырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінен не өзге де көздерден грант алмағанын көрсетуі қажет.

Қордың қызметкерлері берілген мәліметтің растығын тексеру үшін үйге ресми сапар жасайды.

Қордың қызметкерлері төртінші кезеңге өткен талапкерлердің сауалнамада берген мәліметтің растығын тексеру үшін, талапкерлердің үйіне ескертусіз сапар жасайды.

Грантты алатын талапкерді бағалау үшін іріктеу комиссиясы келесі критерийлерді пайдаланады:

· Талапкердің қаржылық жағдайы

(Басымдылық отбасылық шығындары Қазақстан Республикасының күнкөріс деңгейінен 40% төмен талапкерлерге беріледі)

· Талапкерлердің академиялық потенциалы

· Оқуды бітіре алатындығы

2009 жылдың маусым айының бас кезінен бастап, финалисттер мен альтернативті талапкерлер жасауы тиіс істері:

· БҰТ тапсыру (2009 жылы мектепті бітіретін түлектерге қатысты)

· Кешенді тестілуді/қабылдау емтихандарын тапсыру (алдыңғы жылдардағы түлектер мен қазіргі кезде колледждің соңғы курсында оқитын талаперлерге қатысты)

· Түсейін деп жүрген әрбір жоғарғы оқу орнына және колледжге қатысты толық қаржылық бюджетті дайындау.

Жоғарғы оқу орнына немесе колледжге қабылданбаған, әлде БҰТ-ден қажет балды немесе қабылдау емтихандарын тапсыра алмаған финалисттер бұдан кейін бағдарламаға қатыса алмайды, оның орнына грант альтернативті талапкерге ұсынылуы мүмкін.

«БОТА» қоғамдық қорының Оқу гранты бағдарламасының кестесі

2009 жылдың 17 сәуірі: Оқу гранты бағдарламасына сауалнама тапсырудың соңғы күні.

2009 жылдың мамыры: 3-ші этапқа өткен білікті талапкерлермен іріктеу комиссиясы сұхбаттасу өткізеді.

2009 жылдың маусымы: Финалисттер мен альтернативті талапкелерді хабарландыру.

2009 жылдың маусым-шілдесі: Финалисттер мен альтернативті талапкерлер жасауы тиіс:

· БҰТ тапсыру ( 2009 жылы орта мектепті бітіретін түлектерге қатысты)

· Кешенді тестті тапсыру/ қабылдау емтихандарын тапсыру (бұрынғы жылдары бітірген түлектерге және колледждің соңғы курс студенттеріне қатысты)

· Әрбір түсейін деп жүрген жоғары оқу орнына және колледжге қатысты шығындар жайлы толық қаржы бюджетін дайындау.

2009 жылдың шілдесі: Қордың қызметкелеріне БҰТ және кешенді тестілеуді тапсырғандығы жөніндегі мәлімет, сондай-ақ колледжге не жоғарғы оқу орнына түскендігі жөніндегі мәліметті ұсыну.

2009 жылдың тамызы: «БОТА» қоғамдық қорының қызметкелері 2009-2010 жылғы стипендиаттар тізімін растауы.

Стипендиаттың колледж немесе жоғарғы оқу орнында оқуды бастауы.

*2009 жылдың мамыр-шілде айлары: талапкерлердің үйлеріне ресми сапар, олардың отбасылық жағдайының сауалнамада берген мәліметіпен сәйкес келетіндігін растау үшін жасалынады

8 800 080 5808

қонырау шалу тегін


«БОТА» қоғамдық қоры – бұл балалар мен жастардың қайырымдылық даму қоры, өзінің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасының тұрмысы нашар отбасылары мен жастарының денсаулығын, білімін және өмір сүру жағдайын жақсарту.

Басты ұстанымдарымыз Қазақстан Республикасындағы жағдайы нашар отбасылар мен жастарға көмек пен қолдау берудегі анықтық пен тиімділік деп білеміз.

Алғашқы уақытта Қор 3 бағдарламамен жұмыс жасайды:

1. Шартты төлем бағдарламасы (2009 жылдың жазында басталады) тұрмысы нашар отбасыларына сапалы медициналық, білім алу және әлеуметтік қызметтерге қол жету үшін қаржылай көмек береді. Шартты төлем бағдарламасы жағдайдың нашарлығынан қиыншылық көретін аналар мен балалардың келесі қажеттіліктеріне негізделеді:

· Екі қабат және баланы емізіп жүрген әйелдердің жеткіліксіз тамақтануын азайту (әсіресе анемиясы бар);

· 0-3 жас аралығындағы балалардың тамақтануы мен профилактикалық медициналық көмекті жақсарту;

· 4-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі оқу орындарына қол жеткізуді жақсарту;

· 3 пен 16 жас арасындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың интернатта санының көбейуін азайту.

2. Әлеуметтік қызмет бағдарламасы (2009 жылдың жазында басталады) Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған отбасылар мен жастардың өмір сүру деңгейін жақсартуды көздейтін жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға грант бөледі. Гранттар мынаған бөлінеді:

· ҮЕҰ-дың көрсететін инновациялы мен эффективті әлеуметтік және білім беру қызметтерін қолдау.

· ҮЕҰ-дар көрсететін әлеуметтік және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту.

· Барлық Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік және білім беру қызметінің тиімді технологияларын тарату.

Төмендегілерге Әлеуметтік қызмет бағдарламасының басымдылығы берілуі мүмкін:

· Балалар мен екі қабат/баланы емізіп жүрген әйелдердің тамағын жақсарту;

· Мектепке дейінгі білім беруді кеңейту;

· Жастардың жұмысбасты болу мүмкіндігін кеңейту;

· Мүгедек балаларға жергілікті қауым негізінде қызмет көрсету;

· Үйі жоқ немесе үйінен қашып кеткен балаларға паналар салу;

· Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қамқорлық жасауды дамыту;

· Балаларға қатысты зорлықты азайтуға бағытталған әрекет;

· Жасөспірімдер арасындағы қылмыс жасаушылықты азайту;

· Жастардың айналысатын істерінің түрін кеңейту және ресурстық центрлерді құру;

· Мектептен шет қалып жатқан балаларда еңбек дағдысын дамыту;

· Балалар еңбегін азайту.

3. Оқу гранты бағдарламасы Қазақстандық колледждің немесе жоғарғы оқу орнынның күндізгі бөлімінде оқығысы келетін, бірақ оқуды төлейтін қаржысы жоқ жастарға көмек береді. Оқу гранты бағдарламасының талапкерлері Қорға қосымша мәлімет немесе сауалнама алу үшін хабарласа алады. Сауалнаманы тапсырудың соңғы күні 2009 жылдың 17 сәуірі. 2009-2010 оқу жылы «БОТА» Қоры 100 оқу грантын ұсынады.

Мөлдір Бекжан

Байланыс және қатынастарды дамыту

директорының орынбасары

«БОТА» қоғамдық қоры

Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Достық даңғ., 160, оф. 304

тел./факс: + 7 (727) 264 12 69, моб.: + 7 777 779 5275

email: info@bota.kz www.bota.kz

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Оқу гранты

  1. mika айтады:

    мен осы атальыш фондқа анкетамды жіберген едім, бірақ еш жауап келмеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s