Артылып туса өзімнен…

Кеше ақтарып отырып, төмендегідей мақаланы тауып алдым.

img_2418(«ҮШ ҚИЯН» газетінен алынып, кішкене қысқартылып басылды)

Бала берсең тезінен,
Пірлердің бітсін демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы,
Артылып туса өзімнен

Ақтамберді жырау

Арам астың шабуылы үдеген сайын, генетикалық кодтар шатаса береді. Алда-жалда гендегі аса құнды ақпараттың бірін спирттің не болмаса, никотиннің бір атомы жырып өтер болса, бүкіл қойманы ойрандап кетуге сол да жетеді. Генетикалық архив-те адамның түр-сипаты мен ақыл парасатына жауап беретін құнды ақпараттар қирап, құриды. Ядродағы «мини архив» құрыған сайын, адам шіркіннің болмысы бордай тозады.Ұлттық генофондтың тозғандығы туралы кешегі ХХ ғасырдағы көрген қайғы-қасіретті айтса жеткілікті. Соның кесірінен бірнеше ғасырдан бері таза жолмен сұрыпталып, сақталып келген қазақ ұлтының ең қымбат генетикалық кодтары қоса жойылып кете жаздады. Қазір қарап отырсаңыз ойлы, түр-сымбаты мен ішкі мәдениеті кемел қазақтың арыстай азаматы аз. Сонда, осылай азу процесі жалғаса береді ме? Жоқ, әлде ұлтты асылдандыратын құрал бар ма?

Кешегі Абайдың ескертіп, сақтандырып кеткен: жалқау, ішкіш, арызқой, мақтаншақ, мал шашар сияқты мінезден бүгін арылар түріміз жоқ. «Күніне тоқсан түрлі бәле келсе, сонда да үміт үзбе бір Алладан» деген қазақтың қасиетті сөзіне сүйеніп, соңғы мүмкіндік бар екенін ұмытпау керек. Исламның рухани ілімін ұлық Алла нәсіп етсе, бұл проблема қорқынышты емес. Себебі, Құранда «рух» деп аталған таза жан өзінің генетикалық кодтарын реттеп, жөндеп алуға қабілетті.
Әрбір тұлға – түбі жоқ шексіз ақпаратты сақтайтын сиқырлы сандық. Бір адамның түр-тұрпатын жасауға 75 000 000 000 клетка ат салысады. Осыншама триллиондаған клетка жиналып, жалғыз адамның тәнін құрап, тіршілігіне сеп болады. Түптеп келгенде кез-келген адам жалғыз-ақ клеткадан тұрады. Бір клетканың ішінде 46 хромосома нығыздалып, сақталған. Әрбір хромосомада ең бірінші жаратылып жерге түскен Адам пайғамбардан бастап, өмір кешкен бүкіл адамзаттың генетикалық ақпараттары сақталып тұр. Клетка ядросының ішіндегі ақпарат қоймасының көлемі шексіз. Мысал үшін, бір адам өзінің денесінен бір ғана клетканы суырып алып, оның ядросын жарып, іштегі «мини кітапхананы» оқитын болса, алдыңғы ата-бабасының түр-сымбаты мен мінез-құлқын айна-қатесіз тауып, олармен танысып шыққан болар еді.

Неше түрлі зерттеулер жүргізуден шаршамайтын, генетик ғалымдар уылдырық шашқан ұрғашы бақаның жалғыз уылдырығын бөлек алады да, оның ортасындағы кішкентай ядросын алып тастайды. Сосын аналық бақаның аш ішегіндегі бір клетканы алып, өз ағзасасынан шыққан ұрпақ, уылдырыққа қайта қондырады. Нәтижесінде алғашқы аналық бақа айна-қатесіз дүниеге қайта келеді. Осылайша бүкіл клетканың бір ғана жан иесіне қызмет көрсететіні күмәнсіз дәлелденеді. Демек, біздің денедегі әр клетканың ядросы өз алдына дербес биокомпьютер. Бүкіл биокомпьтердің «қатты дискісінде» сақтаулы жатқан бірдей ақпараттар қоры бірінен біріне өздігінен көшіріліп кете береді.
Жатырда жатқан эмбрионға анасы не жесе, сол нәрсе кіндікпен тамақ болып келеді. Кіндікпен келген қанның сапасына қарай бөпенің денесі сомдалады. Ас-ауқат пен ішімдік неғұрлым арам болса, баланың «материалдары» соғұрлым бұзылуға бейім келеді. Біздің заманда дін әсерінің әлсіреуіне байланысты тақуалық пен сақтық жойылды деуге болады. Ақиқатында ұлық Алла адам ұрпағының асыл тұқымды болғанын қалайды. Тәңірі Tағала өзі жаратқан ақыл-парасаттың құдірет қызығын адамдар көрсін деп, тақуалықтың неше түрін біздерге Құранда үйретеді.

Мұсылмандар тағат-құлышылықпен ұдайы асылданып, ұрық сапасын жылдан-жылға жаңартып, ойларын жарық нұрмен байытып отырады. Мұсылман қауымы тақуалықтың арқасында болашақ үшін аса құнды генетикалық қорларын сөз жоқ күшейтеді. Ақыл-ойды ішім-жемге байлап тұрған былғаныш құмарлықтан тұла бойы тазарған соң, соған сәйкес, момындардың жүректері де тазарады. Ұлық Алламен байланыс орнатқан кіршіксіз таза жүрек ойдың тұнығынан нәр алады. Алып ойдың иесіне айналған мейі-рімді мұсылмандар таза дінге тартылып, жақсылыққа жете алмаған бөтен жұрттың қамын жеуге міндетті. Бір сөзбен айтқанда, мұсылман қауымы әлемдегі рухани ахуалды барынша таза жаққа тартып тұратын асыл тұқымды адамдардың жиынтығы іспеттес. Осы сөзді жырмен дәл берген Қамысбай Бәйімбет (р.ғ.) балуанның сөзін мысалға келтірейік:
Көңілі дария шалқыған,
Жеті арнадан саға алған.
Істің басы – тақуалық,
Несібе жиған халалдан.

Дүниеге салих ұрпақ әкелудің ең бірінші шарты – арам еңбектің әсері жоқ таза тамақты тауып жеу. Жоғарыда айттық, таза тамақ жеуді Құдай Құранда бірнеше жерде ескертеді. Арам өлген мал еті, доңыз еті, ұйыған қан, мас қылатын ішімдіктер, Алланың есімі айтылмай, дәретсіз бауыздалған мал еттері, – бұларды татып алмау ақылды адамға парыз болған. Осы тыйымдар генофондты нығайту үшін керек. Өкінішке орай, біздің қоғамда бұл талаптарды қатаң сақтау өте қиын. Кешегі коммунистердің сарқыты, бүгінгі біздің арамыздағы қарт пролетарлар доңыз етін талғамай жей береді. Арақ-шарап – бұл буынның өкілдері үшін дастарқанның сәні. Орыс оқудың әсеріне қатты ұрынбаған біршама ұлтшылдау деген орта буынның өзі тамақты таңдап жеуге өте салғырт.
Қоғамдық орынның бәрінде күмәнді жолдармен жасалатын өте дәмді бірақ, таза деп сенуге болмайтын ас-ауқаттың бәрі кез-келген кісінің рухани өмірге деген ықыласын жояды. Көшедегі ас қандай малдың етінен жасалды, – оны сіз бен біз ешқашан біле алмаймыз. Көрінген жерден дәм-тұзды талғамай жей беретін кісілер дүние ісіне жаңылмайтын жүйрік, керісінше, құлшылыққа мейлінше шабан болады. Рухани жаңарып, сауапты амалдармен мағыналы өмір сүруге деген ынта-ықыласы жойылған пенделер әдетте арақ, шарап, темекі, насыбай деген секілді зиянды әдеттерге оп-оңай бой алдырады. Бірақ, осы арам ас-ауқаттың теріс әсері ізім-қайым жоқ болып кетпейді. Спирт пен никотиннің құрамы қанға араласқан сайын, клеткадағы ядроға зиянды заттардың шабуылы үдей түседі. Арам астың шабуылы үдеген сайын, генетикалық кодтар шатаса береді. Алда-жалда гендегі аса құнды ақпараттың бірін спирттің не болмаса, никотиннің бір атомы жырып өтер болса, бүкіл қойманы ойрандап кетуге сол да жетеді. Генетикалық архив-те адамның түр-сипаты мен ақыл парасатына жауап беретін құнды ақпараттар қирап, құриды. Ядродағы «мини архив» құрыған сайын, адам шіркіннің болмысы бордай тозады. Зақымданып, дұрыс жұмыс жасауға мұршасы болмай қалған мүгедек геннің, адам бейнесін көркем етіп шығаруға шамасы келмейді. Нәтижесінде бөпенің еріні жырық, таңдайы жоқ, не болмаса көзі қылиланып кетеді. Бұл – көзге ұрып тұратын кемшіліктер. Бұлар болмауы да мүмкін, он екі мүшесі сау туған бала, өкініштісі, рухани мүгедек болып туады. Шындығында, таза жан мен сана-сезім оңалмастай зақымданып, мешелденеді. Жан мен ақылдың кем-кетігі бас көзіне бақырайып тұрмағандықтан біз оған мән бермейміз.
Арам астан тартынбай-тындардың перзенті бас-аяғы бүтін туылса: «Қане, арақ-темекінің зияны бар дегені?! Ештемесі де жоқ қой» деп, одан сайын салғырт қарайды. Ақиқатында жұлын, жүйке, жүрек, мидағы абстрактылы нәзік сезімнің тамырлары оңалмастай болып бүлінеді. Соның кесірінен сөз ұқпайтын топастар, қуыс кеуде армансыздар, жүрегі тас залымдар, жаны ашымас безбүйректер, ешқандай оқуға мүлде қызықпайтын ынжықтар мен мақсатсыз тіршілік кешетін надандар күрт көбейіп, қоғамды тығырыққа әкеп тірейді.

Осыған орай, сөз басында келтірген Қамысбай Бәйімбет (р.ғ.) балуанның жыр шумағының жалғасын айта кетелік
Қас тақуаның белгісі,
Зікір айтқан азаннан.
Жария зікір – тағатпен
Жүректің кірі тазарған.
Кір шалса көңіл айнасын,
Тәңірі алдына барғанда,
Кем болар бәсің бағаңнан.
Адамды осыншама керемет мақұлық етіп көрсетіп тұрған негізгі қозғаушы күш – Рух. Рухтың жан сарайы – жұдырықтай жүрек. Жүрек тазарған сайын адам рухы кемелденеді. Ішкі дүниені қараңғылап, ақыл айнасын тұмшалап тұрған нәпсінің кір сезімдерінен ажыраған сайын, адам рухы әрбір ядродағы шатасқан ақпараттар мен зақымданған генетикалық кодтарды жөндеп, реттестіріп, сыртқы бейнесін де көркемдеуге кіріседі. Нұрланған рух Адам ата-Хауа анадан бері әрбір геннің қойнауында сақталып жатқан рухани құнды қасиеттерді бір адамның бойына жинау үшін күресіп бағады. Жария зікір айтуды әдетке айналдырған халықта генетикалық жаңғыру процессі сөзсіз басталады. Ел ішіндегі рухани азғындықтың қарқыны күрт кеміп, халық аз уақытта ес жинап, рухани гүлдену кезеңіне қадам басады. Ақылға салып қараңызшы, сақтық қылып күтінбесе, сап-сау ата-анадан есалаң ұрпақ туылады. Кесел ұрпақ рухани ем алмаса, ары қарай азғындай түседі. Ал адамдар дер кезінде арсыздыққа тоқтау салып, майдан ашатын болса, рухани кесел азаяды. Адал аспен қоректеніп, жүрек тазалығына алаңсыз кіріскенде ақыл-парасаты кемдеу деген кісінің өзінен ақылды хәм денсаулығы өте мықты, салих ұрпақ дүниеге келеді. Өйткені, Ұлық Алла – өте Әділ, өте Шебер.

Орта ғасырда генофонды азып, мәдениеттен мақұрым қалған араб тайпасын Хазреті Мұхамбет Пайғамбар (с.ғ.с.) әлемге айдай жарқыратып алып шықты. Ислам өркениетіне жалғанғанға дейін де түркі тайпаларының заты асыл еді. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз исламнан нәр алған ілімді ұлы далаға тарата бастаған соң, түркі баласының ең асылы қазақ ұлты одан сайын жарқырап, үлгілі ұлтқа айналды. Сол ілімді мирасқа алып қалған Алаш ұландары генофондын ұдайы байытудың арқасында ХХ ғасырға абыроймен жетті. Қазір де кеш емес. «Балам өзімнен асып тусын» деп армандаған қазақ азаматы болса, рух және руханиат ілімін қолға түсіруге тырыссын. Генетикалық кодтарды реттеп, адамзаттың бүкіл асыл қасиеттерін бойға жинайтын қуат Алланың рухы ғана. Нұр шашатын ақжүректер көбеймесе дарақыдан сорақы, сұмпайыдан тұрпайы, саңыраудан-меңіреу туып, мағынасыз мәңгүрт заман әлі де жалғаса бермек.
С. Керімбай,
Дінтанушы

 

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s