Сортөбе

Жақында ғана жұмыс барысымен Жамбыл облысында болдық. Біз барған елді мекендердің бірі Сортөбе деп аталады. Қырғыздардың Тоқмақ қаласы мен Сортөбені Шу өзені бөліп жатыр.  Бұл дүнгендердің көп шоғырланған жері шығар, себебі ауылда тұрғындардың 100 пайызы дүнген. (оларды суретке түсіре алмадым, бар түсіргенім төмендегі суреттер болды)

P1010074Бірден байқалатын нәрсе ауылда ер адамдар бастарына тақия киген, тіпті кішкентай балалардың өздері бас киім киіп алған. Ал әйелдері болса, орамал тағып, ұзын киіп алған. Бірақ қатты тұмшаланбаған. Біз барған күні жұма болатын. Бізбен әңгімелесіп отырған саңырауқұлақ бизнесімен айналысатын дүнгеннің шаруасы бір кезде мешітке баратынын айтып, кешірім сұрап, кетіп қалды. Олардан сұрап білсек, 18 мың тұрғыны бар ауылда 12 мешіт бар екен. Мен бірден өзіміздің ауылмен салыстырдым. Мәселен, біздің ауылда 3 мыңнан астам тұрғын бар болса, маңдайына біткен бір-ақ мешіт бар, бірақ халық бұл жердегідей мештіке баруға аса қатты белсенді емес.

Бізбен ілесе келген облыстық департаменттің маманы мұнда демографиялық өсім аса қатты байқалып отырғанын айтты. Әрбір отбасында 7-8 баладан бар көрінеді. Тіпті мынадай да қызық жағдай болыпты. Бірде мұнда санақ жасау үшін облыстан мамандар келеді. Қараса бір үйде екі баланың жылы бірдей, бірақ егіз емес. Бұл қалай деп құжатқа қараса, сөйтсе, бір бала жылдың басында туылса, екінші бала жылдың соңында туылыпты. Ал үй иесі санақ жасаушының таңқалғанын көріп, ашуланып кетіпті дейді.

Мұндағылар негізінен дүнгенше сөйлейді. Бірақ көрші ауылдарда тұратын қазақтардың айтуына қарағанда, соңғы уақытта қазақ тілі жастар арасында модаға айналыпты. Қазақ тілін білетін адамдар бағаланатын көрінеді. Тек бау-бақша салып, егінмен күн көріп отырған ауылда бұрындары балаларын мектептен кейін оқуға жіберу жағдайлары өте сирек кездескен екен. Ал соңғы уақытта керісінше, балаларын жоғары оқу орындарына оқыту тенденциясы басталды дейді көршілес ауылдың тұрғындары.

Соңғы уақытта ауылда халық санының көптігі соншалықты көрші ауылдарға да қоныстанып жатқан екен. Соның нәтижесінде қазір 3-4 ауылға айналып үлгеріпті. Біздің ауылда да 1-2 дүнген отбасы болатын. Бірақ олардың қазақтардан айырмашылығы аз болатын, тілінде де, түрінен де. тіпті аттары да қазақша болатын. Ал мұнда келгеннен кейін дүнгендердің ұлттық ерекшеліктерін байқадым. олар қытайдан аумайды. тілдері де ұқсайды. Кезінде ХІХ ғасырда күштеу шараларынан соң Қытайдан көшіп келгеннен кейін осы маңда көп қоныстанып қалған екен.

P1010097Дүнген ұлтынан үйренетін нәрсе бұл еңбекқорлық. Бау-бақша егуде, егін салуда алдына жан салмайды. Және олар ешқашан істен бұрын сөзді айтпайтын көрінеді.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Сортөбе

  1. Ansar айтады:

    ОСы ауылға барғым келіп кетті. Естімеген екенмін осы кезге дейін.
    Көп рахмет құнды мәліметіңізге.

  2. urimtal айтады:

    Мәліметтерің шынымен де құнды екен. Мен де бір ауылға барып едім. Бірақ аты Сортөбе емес, орыстың бір ғалымының аты болатын. Ол жақта да дүңгендер көп еді.

  3. Қайтарма үнқосу: kz.kazakhstan.neweurasia.net » Қияндағы бір ауыл: Сортөбе дүңгендері

  4. Bayan айтады:

    Қызық мәлімет екен. Оқып отырып, «Дүңген қызы» деген ән есіме түсті. Мықты халық екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s