Терминатор 62-ге келді

1235733598657fБарша әлемге танымал актер әрі Калифорния штатының 38-ші губернаторы Арнольд Шварценнегер 62-ге толды. Ол 1947 жылы 30-шы шілде күні Австрияда дүниеге келген. Шварценнеггер егер қазақ болатын болса, онда оның фамилиясы Қаражалшиев болатын еді. Себебі, неміс тілінен аударғанда солай аударылады екен. Ол бұл фамилиясынан ұялып, жас кезінде Арнольд Стронг болып жүріпті. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап киноға түсе бастаған Арнольд Шварценнегер шамалы уақыттан соң көрерменнің көзайымына айналады. Ең бірінші киноға түсе бастаған кезде Джеки Чан сияқты ағылшын тілінен қиналған екен. Сонымен қатар оның тым үлкен бұлшық еттері де экранда жасанды болып көріне беріпті. Сол себепті ол салмағын азайтуға мәжбүр болған екен.

Кино киносымен, ал жалпы маған оның қандай фильмдері ұнайды десем, ең жақсы көретін фильмім (әкемнің әлгі «үнемі осы-ақ барған жерін өртеп жүреді» деп атайтын фильмі)- «терминатор-2». Кейінгі шыққан үшіншісі де 2-ге жете алған жоқ. Сонан соң «Бегущий человек», «Команда» фильмдері ұнайды. Жұлдызды шағында оған көп жастар еліктеді, соның арқасында көп жастар спортпен шұғылданды. Жалпы алғанда әлем киносына көп үлес қосқан актер деп білем. Туған күнің құтты болсын, Арнольд!

***

Бір бала қораға өрт қойыпты. Лаулап жанған өрттен шығып келе жатқан бала жиналған көпшілікке: «мен Терминатормын» деп айтады дейді.

Автобустың іші. Арнольд Шварценнегерден жанындағы жолаушы сұрайды:  – қазір түсесіз бе? – Иә. – Сіздің алдыңызда тұрған адамдар ше? – Олар да түседі, бірақ олар өздерінің түсетінін білмейді, – деген екен.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s