Тойың тойға ұлассын!

weddingБүгін менің жан құрбыларымның бірі Айнұр Дәркембаеваның тойы. Айнұр екеуміз әр түрлі екі факультетте оқысақ та, бір университеттің түлегіміз. Студенттерге арналған ғылыми конференцияда таныстық, содан бері дос болып келеміз. Мен Айнұрға өзі сияқты ақкөңіл, ақжүрек жігіт кездессе екен деп тілейтінмін. Адал қосағы Дәнібектің сондай жігіт екеніне сенімдімін. Жас жұбайларға көтерген шаңырақтарың берік болсын деп тілеймін. Сондай ақ, Фариза апайымыздың «Жас жұбайларға тілегін» де арнасам деп едім:

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!
Көлденең кеселден,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан сақта-сын,
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын,
Бибі Фатима анамыздың аруағы
Өздеріңе жар болсын!

Әумин!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s