Дінтану пәні міндетті пәндер қатарына енді

Министрліктің мұндай қадамына елімізде қаптап бара жатқан түрлі ағымдар себеп болса керек. Дінтану пәнінің негізгі міндеті оқушыларға әлемдегі негізгі дәстүрлі діндердің тарихымен, қалыптасуымен, мазмұнымен таныстыру, сондай ақ, «дін» деген атауға келмейтін, тек белгілі бір рухани емес мақсат көздейтін ағымдармен таныстыру, мұндай ағымдар әдетте, «сотқар» келеді, солардан сақтандыру.  Десе де, дінтану пәнінде ешқандай дінге артықшылық бермейді, яғни ол пәнді молдалар немесе имамдар емес, дінтанушылар береді. Көптеген мамандар мұндай пәнді енгізуге әлі ерте деп отыр. «Үш Қиян» газетінде сондай пікірдегі мамандардың көзқарасы жарияланған екен. Төменде сол мақаладан үзінді келтірем.

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, Әшірбек Муминов: Жалпы, “дінтану” деген пән болмайды. Себебі, дінді тарих, әлеуметтану, саясаттану, этнология тағы басқа көптеген ғылым салалары зерттейді. Ал, АҚШ-та дінтанудың теориясын магистратурадан бастап оқытады. Бакалавр дәрежесіндегі студенттердің өзін-де оқытпайды. Өйткені, теориялық дінді мектеп оқушысы емес, магистр дәрежесіндегілер оқуы керек. Оған дейінгі мектеп, бакалавр дәрежесінде арнайы пәндер: математика, тарих, физика секілді пәндерді меңгеріп, біліп алуыңыз керек. Мектепте дінтанудың өзін оқытатын болса, ол теория болып кетеді. Ол оқушыларға ауыр болады. Оқушылардың өтетін пәні емес. Сондықтан ондай пән болмайды. Ал, діндер тарихын оқытамыз десе, оның жөні басқа. Діндердің тарихын оқыту Кеңес үкіметінің практикасында бар. Дін көбейіп кетпеуі үшін, атеизмге тәрбиелеу үшін және діндерді сынап-мінеу мақсатының тарихын оқытатын еді. Олай болса, онда бұл соның жалғасы болып шыға келеді. Жалпы біз – зайырлы мемлекетпіз. Мектептерде уағыз жүргізуге болмайды. Қазіргі таңда арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін орта жолды бірқатар мемлекеттер іздеп жатыр. Ал, Ресей православтық мәдениетті оқытады. Дегенмен де бір тоқтамға келген жоқ. Әр қайсысы әр түрлі айтады. Сондықтан мұны ойланып шешу керек. Бұл бізде эксперимент ретінде жүргізіліп жатқан жұмыс деп ойлаймын. Дегенмен де бірінші эксперимент өткізіп, методиканы жақсылап алу керек. Мектеп оқушыларымен «әзілдесуге» болмайды. Бұған ыждаһатпен қараған жөн. Халық арасында, әсіресе, жастар арасында діни экстремизмге кетіп қалу ушығып бара жатыр. Сондықтан оның алдын алу мақсатында шұғыл шара ретінде қарап отыр. Бірақ асықпау керек. Университет оқытушыларын, мектеп мұғалімдерін және тағы басқа мамандарды жинап ғылыми семинар немесе конференция өткізіп, талқылап, сараптап алған жөн болар. Бірден бастап жіберуге болмайды. Министрлік қаулы қабылдап қойды. Енді оны бірер жылда жүзеге асыру үшін асыға бастайды. Менің ойымша, діндер тарихын оқытады, ал теориялық дінді оқытуға тістері батпайды, білімі жете бермейді. Ғ.Есімнің оқулығына келер болсақ, ол – философ. Дін тек қана пәлсапа емес қой, ол – практика, сенім, дәстүр, тарих және т.б. Ол бұның бәрін біле бермейді ғой. Ол мәселеге философ көзімен қарайды. Жан-жақты ракурстан қарау үшін көп уақыт, маман, талқы керек. Меніңше, бұл пәнді былай жүйелейді: алғашқы тақырыпты Қазақстан Республикасының Коституциясынан бастайды, сосын анимизм, тотемизм секілділерді айтып келіп, буддизм, христиандыққа түседі. Артынша исламға келіп тоқтайды. Бұл бесенеден белгілі нәрсе ғой.

Саясаттанушы, Әзімбай ҒАЛИ: Ресейдің тәжірибесі бойынша, олар мектептерде православтық мәдениетті, этиканы тереңірек оқытады. Баланың санасы қалыптаспай тұрғанда мәдениетін сіңіріп үлгереді. Ал, біз қазақ мәдениетін. Яғни ислам дінін оқытқанда мәдениет, мемлекетшілдік, ұлттық болмыс, мүдде тұрғыда оқыту керек. Өйткені, исламды діни тұрғыда түсіндіріп кетушілер арасында ваххабизмге жақын қылып жіберу қаупі бар. Әйтпесе, бұлардың барлығы керегі жоқ. Дәріс қазақ тілінде берілуі керек. Қазақ исламын қазақ тілінде түсіндіруге болады. Ол сунниттік ағым – Әбу Ханифа мазғабы – сопылық жол, сосын қазақ руханияты деп кете береді. Қазақтың сан ғасыр қалыптасқан руханиятына негізделсе, нәтижесі жақсы болады деп есептеймін. Православтық мәдениетке түсіп қалмас үшін орыс сыныбында оқитын 30 пайыз қазақ баласына да дәрісті қазақ тілінде жүргізсе деймін. Және бізде исламды орысша түсіндіретіндер қазақ рухынан алыс болады. (Ғалымдардың пікірлері «Үш Қиян» газетінен алынды)

Бұдан бұрын «шаш алудың орнына бас алған» жайттарды естігем. Осы мәселе бұрындары бір көтеріліп мектептерге тәжірибе ретінде енгізіліп жатқанда, Алматының бір мектебінде белгісіз сектаның адамдары өздерін «дінтанушымыз» деп оқушыларға жаппай өз ілімдерін насихаттай бастаған. Сол айтпақшы, мұндай жайттарға жол бермеу керек.  Ол үшін менімше, дінтанушылардың арнайы сертификаты болу керек секілді, мұнан соң кез келген адам оқулық жаза бермеу тиіс.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s