Әлемнің сүйіктісіне айналған Джеки Чан

chanҚарасаң жалықпайтын, көрсең ішің пыспайтын фильмдер болады. Джеки Чанның кинолары солардың қатарына жатады. Бір қызығы, оның фильмдеріндегі идеялар бір бірін қайталамайды. Әрі актер, әрі режиссер Джеки Чанның ізденісіне, еңбекқорлығына таңқалмасқа амал қалмайды. Ойдан шықпайынша, бір эпизодты 500-1000 рет түсіруге бар оның өмірбаянын да бір шарлап көрсек.

Джеки Чан 1954 жылы сәуірдің 7-де дүниеге келген. Оның айтуынша, оның өміріне әсер еткен екі адам болған: бірі әкесі, бірі ұстазы Ю Джим Юань. Әкесі қарапайым аспаз болған. Десе де, оның ата бабасы аса беделді ру болыпты. Сол себепті, жалғыз тұяғы болған соң әкем менің тәрбиеме аса қатты мән берді, қатал отбасылық тәрбие беруге тырысты деп жазады Джеки Чан. Ол туралы кітабында мынадай жолдар бар: «Әкем үшін менің дүниеге келуім аса қымбатқа түскендіктен, мені өте қатал етіп тәрбиелеуге тырысты. Таң қылаң бере бастағанда ол тұрып алатын. Менің төсегімнің жанына келіп: «Пао, әу Пао, таңертең болды, тұр, тұр!» деп мені қатты жұлқылайтын. Егер мен дер кезінде тұрмасам, онда белдігімнен ұстап, көрпе-мөрпесімен жұлып алатын. Мұндай кезде жерге аяғыммен түсуге үлгерсем үлгердім, үлгермесем жерге жығылудан тағы бір пайдалы сабақ алам. Оянған соң екеуіміз кір жуатын орынға барып, суық суға жуынатынбыз. Су әрқашанда тастай болатын, жуынғаннан кейін үнемі денем тоңғандықтан түйіршік түйіршік болып қалатын».

dzhekichanДжеки Чанның өміріне қатты әсер еткен бірден бір тұлға ұстазы Ю Джим-Юань. Ол бұл жайында: «Егер Кан Чон Санды (Джеки Чанның шын есімі) әке шешем дүниеге әкелсе, Джеки Чанды өмірге әкелген Ю Джим-Юань» деп ағынан жарылады.

Дәл осы шалдың есімі аталмас еді, егер өткен ғасырдың елу алпысыншы жылдары Джеки Чанның әке шешесі Австралияға кетіп, оны қытай опера мектебінде он жылға тастап кетпесе. Онда Ю Джим Юань түгілі, Джеки Чан есімі болар ма еді, болмас па еді. Бұған Джеки Чанның өзі күмән келтіреді.

Қытай опера мектебі деген Гонкогте орналасқан цирк ойынпаздарын дайындап шығаратын шағын мектеп. Ю Джим Юань болса, осы мектептің ұстазы, балаларды икемділікке, цирк өнеріне үйретуші тұлға. Джеки Чан осы мықты мектептен өткен. Мектепте тәртіптің қаталдығы сондай балаларды ортағасырлық әдістермен үйретіп дайындаған. Сөзіміз нанымды болу үшін кітаптан үзінді келтірейін.

«Академияның қарапайым күні мынадай: сағат таңғы бесте бәрімізді Ең Үлкен Ағамыз (балалар арасынан тағайындалған староста тәріздес шәкірт) оятады, әуелі айғайлайды, ал егер біз орнымыздан бірден ұшып тұрмасақ, иығымыздан қатты жұлқылайды. Содан соң біз одеялдарымызды жинап, үйдің төбесіне апаратын табалдырыққа шығамыз. Айналадағы көршілердің ұйқысын бұзбас үшін, бәріміз ақырын ғана бірнеше айналып жүгіреміз. Деміміз басылмаған күйде біз төменге таңғы асқа түсеміз. Жуынып, өзіңді тәртіпке келтіруге ұстаз уақыт қалдырмайтын, себебі оның теориясы бойынша, дәрет сындыруға деген қажеттілік бұл жаттығуды аз жасағанның белгісі. Оның айтуынша, ағзадағы артық заттардың барлығы да таңертең жүгірген кезде шығып кетуі тиіс екен. Әрине, мен мұны алғашында білген жоқпын. Байқаусызда тысқа шығуға сұранып қойыппын, қосымша он круг жүгіріп шықтым. Таңғы асқа сұйық күріш ботқасы беріледі. Мұндай ас беруде үлкен есеп жатыр. Біріншіден, міндет асқазанды толтыру, сөйтіп оның бос емес екендігін сездіріп алдарқату, екіншіден, ол 5-6 сағатқа созылатын жаттығуға кедергі келтірмеуі тиіс. Сабақтар әртүрлі: жаттығу жасау, аяқты жаттықтыру, соғысу өнері мен акробатикаға баулу. Осының барлығы да Академияның орталық залында өтті. Қыздар мен ер балалар қаз қатар тізілген бойда жаттығу жасап жатады». Кітапта жаттығулардың барлығы аса қатты ыждағаттылықпен жасалатыны турасында айтылады. Тіпті кей кезде шәкірттер жарақат алатын көрінеді.

«Жалпы алғанда ұстаз жарақат пен аурудың барлығын сабаққа қатыспаудың амалы деп қабылдады. Оның ойынша, егер шәкірт жүре алса, онда ол секіре де алады. Бүтіндей мүгедекке айналғаннан басқасының барлығы әншейін, сылтау ретінде қабылданды»

dzheki_chan_vpal_v_detstvo.300x200Джеки Чанның киноларын көретін болсаңыз, қарапайым адамдар бара бермейтін тәуекелге барып жатады. Ең бастысы олардың барлығын компьютердің көмегінсіз пайдаланбай, табиғи ортада істейді. Оның «Мои трюки» деген дискісін көрсеңіз, онда барлығы да тәптіштеліп баяндалады. Мұның барлығы да оның мықты мектептен өткенін дәлелдей түскендей.

«Түскі астан кейін біз үшін өте ауыр жаттығулар бөлігі басталады, бұл ептілікті, икемділікке баулитын жаттығулар. Опера артистері толығымен көлденең де, тігінен де шпагатқа отыра алуы тиіс, аяқты аспанға көтеріп шпагат жасай алуы міндетті. Біз аяқтарымызды қабырғаға, еденге созып, шпагат жасауды үйрендік. Сабақ бастала салысымен бөлме іші шәкірттердің қиналған, ыңыранған дыбысына толып кетеді. Бұл өте ауыр еді. Бәрінен де жаманы егер сен шпагатқа өздігінен үйрене алмауың. Бұл кезде ұстаз Үлкен ағаға денеңді еденге тигізуге бұйрыық береді. Егер үлкен аға мұны жалғыз атқара алмаса, көмекке өзге шәкірттер келеді. Олар сенің аяғыңды екі жаққа кереді, ал ол үстінен қысым түсіреді. Бұл кезде шәкірттің айғайы да, көл қылған жасы да ешнәрсе еленбейді. Ерте ме, кеш пен сен әйтеуір шпагатқа отырасың. Бұл нағыз жаман жағдай болатын. Ұзақ сағаттарға созылған мұндай жаттығулардан кейін жүріп тұруың қиынға соғатын. Шпагаттарды бітіріп, біз қолмен тұруға көшетінбіз. Опера артисті аяқпен тұрған кезде өзін қалай еркін ұстаса, аяқты аспанға көтеріп, қолмен тұрған кезде де дәл солай сезінуі тиіс саналатын. Ұстаз шәкірттердің қатарынан жарты сағат бойы қолмен тік тұруын талап ететін. Он бес минут өткеннен соң ақ, қаның басқа теуіп, ал асқазаның түгелімен төңкеріліп қалғандай сезінесің. Бірақ қалай болғанда да әлсіздікке жол беруге болмайды. Дірілдеген қол немес аяқты ұстаздың қатқыл жұдырығы күтіп тұр»

(жалғасы бар)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Әлемнің сүйіктісіне айналған Джеки Чан

  1. Мырза айтады:

    Қиын екен!!!! Атақ абырой өздігінен келе салмайды ғой әрине, осындай еңбектен кейін келмей көрсін.Жаса Джеки!!! Қазақтың да бір баласы осындай болып туылса деген бір арман тілегім бар ғой сол баяғы.

  2. Айдана айтады:

    менің сүйікті әртісім ғой,мен тек қана «алға» деп айтамын

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s