Ауылдан қалаға келген әрбір қазақ кезіндегі Мұғағалидың сезімін басынан өткерген болар.

478fd355079e3e4a3c55a64f83e47178

«Мотордың даусын есіте-есіте шаршадым,

Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым.

Жабағы үйді ақ жауын түтіп тұрғанда

Отырар ма еді түтінін жұтып аршаның!

Бозарып күлі, быртылдап арша, от жанып,

Отырсаң, шіркін, тигендей жарты патшалық.

Пысықтау жеңгей піспекті барып қозғаса,

Көпіршіп кетіп, сабадай саумал жатса ағып.

Шыланып суға шыршалар тұрса қапталда,

Шыршадан өріп киіктер шықса шатқалға.

Арнасы керіп, аңырап жатса ақ өзен,

Еңіреп бұлттар жер ауып бара жатқанда.

Түнерген бұлттан түңлігі таудың түрілсе,

Алыстан әзер көкжиек жүзі білінсе,

Осынай үйдің отырған зорға тентегі

Мамамада тұрған тайына дереу жүгірсе.

Төпеген нөсер толастап біраз, ес кірсе,

Бой жазайын, қасыма келші менің.

Соноу бір қырдан құлаған бері отардан

Қозының даусы-ау, қозының даусы естілсе!»

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s