Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың туған күні

0012Бүгін балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туған күні. Қазақ оқырмандарына «Менің атым Қожа», «Чемпион», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» шығармаларымен таныс жазушы тірі болғанда 85 жасқа толар еді.

Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқып отырсаңыз, оның ар жағынан шын жүректен, ағынан жарылып әңгімелеп отырған  жазушыны көресіз. Әрбір оқырманға жайдарлы қуаныш сыйлайтын жазушының шығармаларының бірі «Менің атым Қожа». Ол туралы жазушының өзі: «Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын-қыстау оқиғаларды тағдыр қабырғасы катпаған қаршадай кезімнен аямай-ақ үстіме үйіп-төкті. Сегіз жасымда, бірінші сыныпта оқып жүргенде, шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы қиын жылдары болатын. Содан соң басымнан кешкендерді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды, Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге калай жеттім?! «Өзім тура-лы повесть» осы толғаныстан туған дүние. Кейін оның аты «Менің атым Қожа» болып өзгертілді. Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің ша-ңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-кұлык жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме үқсайды» дейді. Дегенмен жазушының балалық шағының ащы көріністерін бұл шығармадан гөрі «Балалық шаққа саяхат» кітабы толығырақ көрсететін секілді. Онда жазушының қабырғасы қатпай-ақ, ауыр тірлікке араласуы, аштыққа төзуі, шешесінен айрылып, тұл жетім қалуы, әр үйде жүріп, мектепке баруы бәрі-бәрі асқан шеберлікпен баяндалған. Бір жазушының айтқаны бар емес пе: «Үлкен жазушы болу үшін бақытсыз балалық шақ керек» деп. Бердібек Соқпақбаевқа оқырманмен соншалықты шыншыл болуды балалық шақтың сол кермек дәмі үйреткен сыңайлы. Егер жазушының шығармаларын оқымасаңыз, оқыңыз, балалық шаққа саяхат жасап, бір жасап қаласыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың туған күні

  1. Ansar айтады:

    Балажанды жазушы дейтіндер де бар екен бұл жазушыны. Шынында да солай сияқты.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s