Тағы да Сортөбе жайлы

Қазақстанда 36 мыңнан астам дүнген тұрады. Бұл кезінде феодалдық езгіге қарсы тұрған ұйғырлар мен дүнгендердің көтерілісінің нәтижесінде 1878 жылдың көктемінде Жетісуға ауып келген дүнгендердің ұрпақтары. Сол кезеңде Цинь императоры көшті бастап келген Биенхо батырдың басына үлкен сый тіккен екен. Қиын-қыстау сәтте қазақ халқының жылыұшырай қарсы алып, бауырына басқанына олар әлі күнге дейін риза.

Сол Биенхо батырдың ұрпақтарының басым бөлігі бүгінгі таңда Қордай ауданындағы Сортөбе ауылында тұрып жатыр. (Ол туралы өткен жазбада айтылды). Өткен аптада осы ауылға тағы жолымыз түсті. Біз Сортөбеге келген кезде ауыл әкімшілігі Қытайдың Шэнси аумағынан келген делегацияны қарсы алып жатыр екен. Кейіннен білгеніміздей, Қазақстанның түрлі өңірлерін аралап келе жатқан бұл делегация өңірді инвестициялаудың мүмкіндіктерін қарастырып, кейбір кеніштерді, нысандарды зерттеп жатқан көрінеді. Ал жалпы алғанда, Шэнси мұндағы дүнгендердің отаны десек те болады. Мұны дәлелдегісі келгендей делегат басшысы Го Сан өз сөзін «Құрметті жерлестер!» деп бастады. Дүнгендер мен қытайлар тілінде кейбір ерекшеліктер болмаса, бір-бірін жақсы түсінеді. Дүнгеннің сөздері өте қысқа, екі-үш буынды сөздер. Егер біз болмағанда, олар орыс тілінде сөйлемес те еді.

Делегаттармен жүріп, біз осы ауылдағы мектепті де көрдік. Оқушылардың арасында ара-тұра орамал тағып алған қыздарды да көзіміз шалды (суретте). Мұнда кикбоксингтен турнир өтіп жатыр екен. Оған осы ауылдағылармен қатар көрші ауыл Ауқаттыдан, Қырғызстанның Тоқмақ қаласынан келген спортшылар қатысты. Олардың арасында қыздар да бар. Солардың бірін әңгімеге тартқан едім.

Малаченко Катя: «Кикбоксингпен айналысқаныма 2 жыл болды. Әзірге, ешқандай титулым жоқ. Кикбоксингке өте қатты қызығамын, онымен айналысуыма әкем де, жаттықтырушым да көп көмектесті. Жаттығу кезінде қыздар жоқ болғандықтан ұлдармен жаттығып, күресесің. Болашақта спорт мектебіне түскім келеді»

Сондай ақ, шара барысында мектеп оқушылары ұйымдастырған концертті де тамашаладық. Алма кезек қазақ, орыс, дүнген, қытайша шырқалған әндерден басың айналады екен. Талдырмаш келген бір қыз ресейлік «Ранетки» тобының әнін айтты. Өз мәдениетін сол қалпында таза сақтауға ұмтылып отырған ауыл десе де еліктеушіліктен құтыла алмаған екен деп ойладым.

Түске таман дүнгендердің ұлттық ас мәзірінен дәм таттық. Суретте көріп тұрған тағамдар бір сөзбен «щи» деп аталады екен. Оның саны кем дегенде 13-тен басталып, 120-ға дейін бар болып шықты. Атауы бөлек болғанмен арасында өзімізге таныс тағамдар көп. Маған әсіресе, «него» деп аталатын сүт өнімдерінен жасалған тағам ұнады.

«Дүнген» сөзі қытай тілінен аударғанда «құрметті мұсылмандар» деген мағынаны білдіреді. Аты айтқандай, дүнгендердің барлығы дерлік, оразасын ұстап, бес уақыт намаз оқып, шариғат заңдарын берік ұстанады. Біз бұл ауылға келген күннің ертесінде дүнген тойы болды. Дәл осы кезде олардың дәстүрді қатаң ұстанатынына көз жеткіздік. Біз сияқты дінді дәстүрге қарсы қойып жатқан жоқ. Діні де берік, дәстүрге де адалдық танытып жатты. Ресми мешіт тыйым салғандықтан, той музыкасыз өтті. Есесіне ұлттық әдет-ғұрыптар тойдың әрін кіргізіп, қызықты етіп жатты. «Біз қытайдағы бауырларымызға қарағанда дәстүрді таза сақтап келеміз» деп мақтанып қойды той иесі. Олардың салтының көптігі соншалықты оларды тәптіштеп сипаттап жазу үшін тұтас бір кітап аздық ететін шығар.

Тұрмыс құрған қыздардың өзінің арнайы «киімі» бар. Тұрмыс құрғанына бір апта болмаған қыздардың киімі мынадай. Аяқтарына байлап алған қоңыраудың өз мәні бар. Ерте тұрып, үй жинау қамына кіріскен жаңа түскен келін «сыңғырлау»  арқылы айналаны осылайша оятуы тиіс екен. Бұл ауыл туралы көп жазуға болады. Қысқаша орағытқандағысы осы болды. Қызықты жайттар тағы да еске түссе жазамын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Тағы да Сортөбе жайлы

  1. Қайтарма үнқосу: Ой-ұрлықшы | Maqpal’s Weblog

  2. Altygradus айтады:

    қандай жарасты ауыл

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s