Бір аптаға жуық уақыт бойы wordpress.com істемей қалды

Өткен аптадан бері қазақ блогшылары уордпресске кіре алған жоқ. Мұндай мәселеге менің естуімше, көбіне осы алматылықтар ұшыраған көрінеді. Қуанышқа орай, бүгін түстен кейін блогымызға кіре алдық. Осыған орай барлық блогшыларды құттықтағым келеді!

Уордпресстің ашылмайтынын өз басым дүйсенбі күні байқадым. Байланысты отырған Асхаттан сұрасам, «өткен аптадан бері» ашылмайтынын айтты. Және мұндай мәселеге тек уордпресс.ком ғана емес, блоггер.ком, блогспот.ком да ұшырап отырғанын таныстарым жеткізді. Ал Аршат мәселе провайдерден болу мүмкін екенін айтты. Егер көп уақыт ашылмаса, мақала қып жазармын деп оқталдым. Қазақтелекомға хабарлассам, әдеттегідей, жауап берген жоқ. Қаңтардың 18-і күні Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне хабарластым. Олардан үшінші күні 3 сөйлем жазылған біп жапырақ қағаз келді. Оның мазмұны төмендегідей:

«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Сіздің ағымдағы жылғы 18 қаңтардағы өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.

Агенттікке  WordPress.com ресурсына колжетімділіктің болмау себептері белгісіз.

Интернет-ресурстың  әрекет ету мәселелері оның меншіктік  жүргізуінде жатыр»

Уордпресс.ком блог платформасының кейбір елдерде «ДОС-атакаға» ұшырағанына қатысты материалдар интернетте жетіп артылады. Алғашында «бұл соның бірі ме» деген ойлар келгені рас. Десе де, қоғамдық пікірге елеулі әсер ететіндей өткір де «құпиялы» материалдар жоқ қой деген де тоқтатпа ойлар болды. Шынымды айтсам, не себепті істемей қалғанын түсінбедім. Қалай болғанда да қарапайым тіршілік етіп келе жатқан уордпресс.ком осындай жағдайларға жиі ұшырамасын деп тілелік!!!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Бір аптаға жуық уақыт бойы wordpress.com істемей қалды

  1. urimtal айтады:

    Бұл жайт қайткен күнде де біздерге алдағы күндерге сабақ болуы тиіс.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s