31-ші арнада 5 қазақ тілді бағдарлама жабылды

Жаңа жылдан бері 31-ші арнада 5 бағдарлама: «Білгірлер бәйгесі» (жүргізушісі Нұрлан Әлімжан), «Замандастар» (жүр. Мақсат Мәлікұлы), «Кәсіпкер» (жүр. Нұрсұлтан Құрман), «Пікір алаңы» (жүр. Қасым Аманжолов), «Биік мақсат» (жүр. Саламат Омаш) жабылып қалған. «Азаттық» радиосының хабарлауынша, арнаның бас директоры Нұржан Мұхамеджанова оның себебін бағдарламалардың төмен рейтингісімен түсіндірген.

«Ол бағдарламалар жабылып қалған жоқ, олар тоқтатылды. 20 млн теңге көлемінде біз қаржы алдық. Бірақ оған тағы 20 млн қосып, қазақ тілді бағдарлаамаларды дүниеге алып келдік. Манағы бағдарламалар өзіне жұмсалған қаржыны өтеуі керек болатын. Өкінішке орай, олар өтей алмады»

Бұрындары да бұл арна қазақ тілді бағдарламалардың көптігімен мақтана алмайтын еді. Енді нағыз ресейлік арна болып шыға келді. Қателеспесем, 2007 жылы арнаның 20 пайыз акциясын ресейлік СТС медиа компаниясы сатып алған болатын. Содан бері арнаның саясаты нілдей бұзылды десек те болады. Арна азаннан қара кешке дейін көрермен назарына ресейлік бағдарламалар мен телетоптамаларды ұсынып, жұрттың бәрі ұйықтаған кезде қазақша концерттерді қойып, «қазақша бағдарламалар 50 пайыздан аз болмау керек» деген норманы еріншек балаша орындап келеді. Не керек, қазақша бағдарламалар осылайша жұмысын тоқтатып жатқанда Саудабаевтың «мемлекеттік тілде 24 сағат бойы хабар тарататын телеарна ашамыз» деген сөзі жоспардан гөрі арманға көбірек ұқсайды…

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to 31-ші арнада 5 қазақ тілді бағдарлама жабылды

  1. Ақзере айтады:

    Рейтингісі төмен болатындай-ақ. Өйткені өз басым бұл хабарларды көрмейтін едім. Ал канал коммерциялық болғандықтан рейтингімен ғана жұмыс жасайды. Сол себептен қызық бағдарламалар ұсынуға тырысу керек. Соңғы уақыттары ең рейтингісі жоғары болған «Екі жұлдыз» болса керек…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s