Құнанбайдың қайғысы

(«Үш Қиян» газетінен алынды)

Сайыпназар дүниеден пайғамбар жасы – 63-те өткен. Ғұлама өмірінің соңғы жылдарында Жаппас руынан шыққан Мырқы деген қажымен бірге Арқадағы Құнанбайдың арнайы хат жіберіп шақыртуымен Құнанбай ауылында болып қайтады. Қоштасарда қажылыққа жол жүрейін деп дайындалып жүрген Құнанбай:
– Тақсыр, мені базбіреулер төрт құбыласы сай деп ойлайды. Рас, жасымнан ел басқардым, көптің назарына іліктім, үрлеп ішіп, шайқап төктім. Қазір пайғамбар жасынан астым, қартайдым, ой көп, ұйқы жоқ. Ойым айтады: билік те, байлық та алдамшы, тірліктің алданышы; ұшпаққа шығарар ақ жолдың бірі – діннің хақ жолы, екіншісі – білімнің ақ жолы деп. Бар арманым: осы екі жолдың бірін ұстауды Хақтағала пешенеме жазбапты, мен соған өкінемін. Дін мен білімнің жолын қатар ұстап, кейінгі ұрпаққа өлмейтін сөз қалдырған сізде де арман бар ма екен, тақсыр айтыңызшы?! – дейді.
Сонда Сайыпназар:
– Уай, Құнеке-ай, бұл жалғанда армансыз адам болған ба?! Арман неге болмасын бар ғой, – дейді. – Менің арманым – халыққа өз маңдай теріммен тапқан-таянғанымды ішкізіп-жегізе алмадым. Халықтың тапқанын бір қолыммен алдым, екінші қолыммен қайтарып отырдым. Егін егіп, мал өсіріп, жолаушылар түсетін сарай салдырып, маңдай терімен тапқанды халқына беріп отыратын адамның екі дүниеде алатын сауабы мол. Өз басым осындай дәрежеге көтеріле алмағаныма күйінемін.
– Қайран, қожекем-ай, пейіліңіз ақ, көптің  адамы екенсіз, қара жер тұрғанша тұра беріңіз, – дейді ризашылық білдірген Құнанбай.
Бұл – Сайыпназар ахун туралы бізге дейін жеткен соңғы сөз. Ғалым 1873 жылы фәни дүниеден бақилыққа көшкен. Көз жұмарында кейінгі ұрпағына Иіркөлдің бойына жерлеуді, зиратты мал кірмейтіндей етіп қоршауды, күмбез саламыз деп ысырапшылыққа жол беріп, шабылып-шашылмауды өсиет етеді. Бүгінде ғалымның мүрдесі белуарға жетер-жетпес салынған ашық қыш қорғанның  ішінде жатыр.

Сарбұлақ ИБРАШҰЛЫ

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s