Алматы қаласының әкімдігі Ақпаратты-ресурстық орталығымен бірлесе отырып Алматы облысы Ақсу ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 2010 жылғы 18 наурыз және 25 наурыз аралығында Алматы қаласының баспасөз-орталығында (Демократия Үйінің 4-қабаты, Қарасай батыр көшесі, 85) бірінші қажеттілік заттарын жинау іс-шарасы ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
Қажеттілік заттарын жинау сағат 10.00-17.00 аралығында 2010 жылғы 25 наурызға дейін жүргізіледі.
Байланысу телефондары: 272-82-59, 267-63-71
Үлкен рахмет!