Су таситыны рас па?

Кеше ғана ауылдан әпкем мен жеңгем келіп, кішкентайларды осы жерге әкеп тастады. Олардың айтуынша, қазіргі таңда Шелек өңірінде халық Бартоғай бөгеніндегі су арынынан қорқып, шама шарқынша көшіп жатқан көрінеді. Бірі жүктерін жинап, дарбазаларын айқара ашып, кетуге дайын тұрса, бірі бала-шағаларын тракторға салып алып, көрші ауылдарға кетіп жатқан көрінеді. «Сақтансаң – сақтаймын» дейді ғой, халықтың мұнысы да дұрыс шығар. Қызылағаштағы жағдайдан кейін халық қамсыз отыруды жөн санап отырған жоқ. Жаңа ғана осы Шелек өңірінде орналасқан Бартоғайдағы судың деңгейіне қатысты «Алаш айнасы» газетінде жарық көрген бір мақаланы көзім шалды.

«Үкіметтің тапсырмасымен қазір еліміздің аумағындағы барлық қауіпті делінетін суқоймалардың жағдайы қатаң тексеріліп жатыр. Бартоғай суқоймасы бөгеттерінің жағдайы мен ондағы су деңгейін де Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік өкілдері мен Еңбекшіқазақ ауданының басшылары бақылауға алды. Шелектен 30 шақырым жерде орналасқан суқойма маңындағы қарбалас жұмыстар жергілікті халықтың үрейін туғызып, алыпқашпа әңгімелердің өршуіне себеп болып отырған тәрізді. Бірақ аудандық жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жоюды ұйымдастыру бөлімі мамандарының мәліметінше, Бартоғай суының көтерілу қаупі жоқ. Керісінше, суқойма деңгейі күн санап төмендеп келеді.

Абай МАХМЕТОВ, Еңбекшіқазақ ауданы жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жоюды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы:
– Бартоғай суқоймасының жағдайы үнемі бақыланып отыр. Мұнда барлығы 320 млн текше метр су сыяды. Жуырда жиналған су 252 млн текше метрге жетіп еді. Алайда кеше 245 млн текше метрге дейін төмендеді. Суқоймадан Шелек өзеніне секундына 45 текше метр су құйылып жатыр. Үлкен Алматы каналы арқылы Түрген, Есік өзендеріне де 15 текше метрден су ағызып, Бартоғай деңгейін түсіріп отырмыз. Біз оның толып кетуіне жол бермейміз. Күн сайынғы бақылау нәтижелері аудан әкіміне баяндалуда»

Пы.сы: осы наурызда ауылға қатты барғым келіп еді. Ауылдан үй-іші звондап келмей-ақ қой деп жатыр. Қайтсем екен, а?

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s