Monthly Archives: Наурыз 2010

Наурызда 5 күн демаламыз

Барлықтарыңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұрындары көк шөп қылтиған кезде Наурыз мерекесі басталады екен. Көк шөп қылтиғалы қашан. Ендеше жаңа жыл құтты болсын! Биылғы жыл ырысты, берекелі жыл болсын! Халқымыз еш жамандық көрмесін! Табиғи апаттардан аман болайық! Жаңа ғана … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Мәуліт мерекесінде Республика сарайына халық көп жиналды. Ине шаншар жер жоқ. Әйтеуір, қызметкерлерге арналған есік арқылы кіріп, біраз адамдардан сұхбат ала алдым. Солардың бірі әнші Тоқтар Серіков мереке күні жылы лебізін білдірген еді: – Жалпы мұсылман – мұсылманның туысы ғой. … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір

Жаңа министрліктер пайда болып жатыр…

Үкіметте масқара өзгерістер болып жатыр. Жаңа министрліктер пайда болуда. Әзірге белгілісі – Мәдениет және ақпарат министрлігі екіге бөлініп кетті: 1) Мәдениет министрлігі (басшысы Мұхтар Құлмұхаммед); 2) Байланыс және ақпарат министрлігі (Асқар Жұмағалиев басқармақ); енді Ақпараттандыру және байланыс агенттігі соған қосылатын … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 5 пікір

Ең болмағанда көңілімізде көктемнің бұлбұлы сайрап тұрсын!

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

«Досмұқасан» тобы тағы бір мүшесінен айрылды

Бейсенбі күні әйгілі «Досмұқасан» тобының әншісі Бақытжан Жұмаділовтің көлік апатынан қаза тапқаны белгілі болды. «Азаттық» радиосының хабарлауынша, онымен бірге көлікте болған топтың мүшесі Досым Сүлеев ауруханада ес-түссіз жатқан көрінеді. Бақытжан Жұмаділов 1947 жылы Алматы облысы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Өткен … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Кімге жеңіс, кімге жеңіліс…

Кеше теледидардан қысқы олимпиадада 15 медаль алып, сонда да жер болып жатқан орыстарды көрдім. Өзін кінәлі санаған спорт және туризм министрі өз орнын босатты. Жалпы медаль алу жағынан Ресей 5-ші орын алып қалған көрінеді. Бұған олар намыстанып отыр. Орыс халқының … Оқуды жалғастыру

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 2 пікір

Күлімдеген көктем қашан келеді?

Ауа-райының жаманы жоқ қой. Дегенмен әр нәрсе өз уақытында болса жақсы екен. Наурыздың 1-ші күні күн жарқырап, көктемнің лебі сезілгенде қуанған едік. Ал кеше-бүгін одан белгі де қалмаған. Қашан көктем келеді тезірек келсе екен…

Орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ | 1 пікір