«Есек – технология, ғылым, білім десек, ал тіліміз, мәдениетіміз – арба»

Асқар аға айтпайды, айтса дөп айтады. Себебі, шын мәнінде қазақ ғылымының дамуын қалайды. Әрбір қара домалақ қазақ баласының өзге ұлттармен тепе-тең, тіпті қарым-қабілетіне сай бойы озық тұрғанын қалайды. Қазақ ғылымында Асқар Жұмаділдаев секілді ғылымға таза берілген ғалымдар көп. Өкінішке орай, мемлекетіміз олардың қадірін білмей, қағазбастылыққа салып, қорлап қойды. Сол себепті елімізден ғалымдар әсіресе, жас ғалымдар шетелге ағылып жатыр.

«Жас қазақ» газетінің 9-шы сәуір санында Асқар ағаның көзқарасы жарты бетке шығыпты. Содан қысқаша алып, басып отырмын. (Мақала қысқартуға келмейді, тіпті батыс журналистикасының принципі бойынша да, сонда да өзіме қатты ұнаған жерлерін тердім. Мақаланың толық нұсқасы мына жерде)

«Пәленше «әлем адамы» болды, түгенше «жыл адамы» болды», – деп басылым біткеннің бәрі жарысып жазып жатады ғой осы. Бәрі – бос сөз. Егер әлем сізді мойындайтын болса, ақша сізге өз аяғымен келеді. Демек, олар ақшаны сізге төлейді. Ал қолтығыңызға су бүркіп, мақтап, мадақтап, ақшаны сізден алатын болса, онда ол – адамдық емес, ақымақтық іс…

Білім жүйесі туралы айтқаны

«Қазақстанда халықаралық деңгейде оқу орны ашылады», – деп жаһанға жар салып жатырмыз. Мейлі ашылсын. Мен үшін екі сұрақ маңызды: қандай мұғалім сабақ береді, ол ғылыммен айналыса ма, жоқ па? Екіншіден, ол жерден қандай студент білім алады? Осы екеуі­нен басқасы – бос сөз…

Біздің кемшілігіміз мынада: математикада үздіксіздік деген ұғым бар. Егер технологиялық процесті 1000 амалға орындау керек болса, оның бәрін орындап шығуыңыз тиіс. Егер 999-ын орындап, біреуін қалдырып қойсаңыз, одан түк шықпайды. Қалғаны бос сөз болып, босқа кетеді.

Біздің әрекетіміз осыған ұқсас. Бір жерден көріп келеді де, оның «басын» алады. Өзгенің жүйесіне еліктейді де, оның ортасын алады. Бұдан шығатын қорытынды: біздің тірлігіміздің басы бар да, аяғы жоқ. Әйтпесе, керісінше: аяғы бар, басы жоқ. Болмаса ортасы жоқ. Түсініксіз бірдеңелер. Білім саласының былығы шығып, жүйесіз болып жатқаны сондықтан.

Ең тәуір білім жүйесі – кеңестік білім жүйесі. Оның бір кемшілігі – қоғамдық ғылымдардың идеология­мен байланыстырылғаны. Ал жаратылыстану ғылымындағы орыс пен немістің білім жүйесін әлем әлі күнге дейін мойындауда. Біз одан бас тартып, кейін қарай кетіп жатырмыз…

Қазақ ғылымы жайлы немесе екеуі туралы да

…Қазақтың қазір тілінен, салт-дәстүрінен басқа проблемасы жоқ. Менің ойымша, мұның бәрі – бос сөз…«Сен неге қазақша сөйлемейсің?» – дейді. Өйткені, ол адамда сөздік қор жоқ. Қолданыс жоқ. Қазақ тілінде сөйлейтін технологияның өзі жоқ. Осыдан кейін ол қазақ тілінде сөйлеп неге әуре болуы керек?

Жақында қазақ тілін үйренген бір кісінің интернетте мақаласын оқып қалдым. Сонда ол: «Мен қазақ тілін үйреніп шықтым. Бірақ «қазақша» тілімді қайда жұмсарымды білмей отырмын. Не істеймін? Қолданыс жоқ. Бекер үйреніппін. Уақытым босқа кетіпті. Қазаққа сұрақ қойсам, орысша жауап береді. Қазаққа керек емес тіл маған не үшін керек?», – деп отыр.

Менің ойымша, қазақ тілін поэзияда тек екі жағдайда ғана пайдалануға болады: онымен біреуді мақтайсың, біреуді жамандайсың. Болды. Басқа ештеңе емес.

Жуырда интернеттен таңғаларлық жаңалық оқып қалдым. Microsoft-тың Қазақстандағы бас директоры Гюнтер Дам деген азамат Windows-ты қазақшалағанын айтады. Windows-ты қазақшалау – ғылыми проблема емес. Әлгі азамат айтады: «Қазақстанда қазақша Windows-қа сұраныс 100 пайыздың 1-ақ пайызын құрады». Бұл нені көрсетеді? Бұл біздің бос сөзге үйір екенімізді көрсетеді.

Есек – технология, ғылым, білім десек, ал тіліміз, мәдениетіміз – арба. Арбадағы құндылықтарымызды жүргізу үшін есі дұрыс есек керек. Ал бізде есі дұрыс «есек» жоқ.

…Тәуелсіздік алғаннан кейін шыққан ғалымды мен көрген емеспін. Мүмкін енді шығатын шығар. Бірақ мен оны байқап отырған жоқпын… Ғылымға тек кедей, үйі жоқ, сорлы, бейшаралар келеді. Ғылымға бір миллионердің баласының келгенін әлі көрген емеспін. Байлардың баласының ең жаманы жоқ дегенде банкке басшы болады.

Ғылыми атақты «на всякий случай» деп алғандар көп. «Алда-жалда жұмыстан қуылып кеткенде, бір жерге барып, кафедра меңгерушісі боламын», – деп ойлайды. Оның басқа шарасы жоқ. Әрі-беріден соң оның ғылымды дамытуға шамасы да келмейді.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to «Есек – технология, ғылым, білім десек, ал тіліміз, мәдениетіміз – арба»

  1. Makhsat айтады:

    Maqpal oryndy bir tahrypty hozgatsyn!
    Okinishke orai kazakh elim teknologiyada keri halp hoigambyz!
    Kazakh tili desen Ulttyh til deimiz!
    Ukimet basynda otyrgandardyn oz durs bilmeidi! ogan hosa ali kunge dein 7/24 kazakh tilinde durs teledidarymyz joh!
    «Balyh bastan chiridi»

  2. urimtal айтады:

    Иә, Асқар аға дөп басып айтады. Пікірлерін жинап жариялағаныңа көп рахмет.

  3. Қайтарма үнқосу: “Нестандартный әңгіме” | Maqpal’s Weblog

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s