Өмірден Хасан Оралтай озды

Қазір ғана белгілі қоғам қайраткері Хасан Оралтайдың қайтыс болғанын естідік.  Хасан аға ұзақ жылдар бойы халықаралық «Азаттық» радиосын басқарды. Мен ол кісіні бірде бір рет көрген емеспін. Бірақ ол кісіні білетін адамдардың айтуынша, Хасан аға шетелде жүрсе де үнемі өз ұлтының мүддесін қорғап, ұлттың шын жанашыры бола білді.

Ағаның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!

Қазақ диаспорасы қара жамылды

Бүгін яғныи 2010 жылдың 14 сәуірі таңғы сағат 8-де Алаштың ардақты ұлы, көрнекті қаламгер, журналист-зерттеушi, қоғам қайраткерi, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегерi, ұлтшыл тұлға Хасан Оралтай 77 жасында Мюнхенде аурудан қайтыс болды.

Хасан Оралтай Қалибекұлы 1933 жылы ҚХР ШҰАР-да туған. Ауылда араб тiлiнде сауат  ашқан. 1946 жылдан бастап қызыл үкiметтiң қудалауымен ата-мекенiнен шет елге ауған. 1951-1954 жылдары Үндiстанның Кашмир өлкесiн паналаған. 1954-1967 жылдары Түркияда өмiр сүрген. Газет, журнал, кiтап шығарумен айналысқан. «Қазақ түріктері», «Елім-айлап өткен өмір» секілді кітаптар жазған. 1968-1995 жылдары аралығында халықаралық «Азаттық» радиосында қызмет атқарған. Қазақ бөлiмiнiң бастығы болған. Зейнеткерлiк демалысының көп күндерін Германияның Мюнхен қаласында өткізді
Х. Оралтай 2007 жылы ҚР Журналистика академиясының БАҚ саласындағы ең мәртебелi жалпы ұлттық сыйлығы «Алтын самұрық» ерекше сыйлығын алған.

2008 жылы өзі куә болған Еуропа  қазақтары көш тарихының көсемдерінің бірі, Алаш ардақтысы Қалибек Хакімнің 100 жылдық мерейтойының Алматыда  аталуынада көп еңбек сіңірді. Әрі осы Халықаралық конференция негізінде 2009 жылы «Білім» баспасынан «Қалибек Хакім туралы естеліктер» атты кітап шығаруға ат салысты.
Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бірі болған Х. Оралтайдың тұтас өмірі әкесінің басынан өткен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті.

Жатқан жеріңіз  жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!

Ж.Шәкен

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s