Өмір солдаты

Бауыржан Момышұлына ғашық адамдар көп. Соның бірі менмін. Бала кезден батырдың шығармаларын оқи отырып, жан сұлулығына таңқалатынмын. Кейде әділетсіз, кейде опасыз, кейде кенеттен соққы беретін өмір жағдайларының ешқайсысына да бас имей, еш сылтауларға мойын бұрмастан тек ар намыс, адамгершілік қағидаларына бағынып, батыр өмірден өтті.

«Сырқатым құздың құршау қиясында қыранның қол жетпейтін ұясында, ауырмай, мерт болатын ақиықты шыныменен емдеу үшін қиясың ба» деген Бауыржан Момышұлы халқының азаттығын армандады. Оның ұлтшыл екенін кеңес билігі білді, оларға бұл ұнамады. Ғалым Мекемтас Мырзахметовтың айтуынша, кеңес одағы кезінде үлкен жазушылардың бірі мәскеуге «Момышұлы это современный Бөкейханов» деп жеткізген екен. Осы сияқты жайттардың салдарынан соғыста маңызды шайқастарда үлкен жеңістерге жеткен Бауыржан Момышұлына Батыр атағы берілген жоқ. Бірақ алтынның алтын екенін дәлелдеу қажет емес сияқты Бауыржан Момышұлы да атақ-даңққа зәру болған емес. Халықтың махаббаты оған зор болды.

Мен төменде батырдың шығармаларынан үзінділер келтіріп отырмын

(бұл мәтіннің қазақша нұсқасы бар ма, жоқ па, білмедім) «…Вспомнилось, как меня – вольного казаха, степного коня, не выносящего узды, делали солдатом. Тяжело, невыносимо тяжело дались мне первые месяцы в армии. Мне казалось, унизительным: подходить к командиру бегом, стоять перед ним смирно, выслушивать повелительное и краткое: «Без разговоров!» «Кругом!» Внутри все бунтовало. «Почему без разговоров? Что я ему раб? Что я не такой же человек, как он?» И не только внутри. Я бледнел, краснел, дерзил, не покорился.

Знаете, как в конце концов со мной поступули? Отправили на командные курсы, самого сделали средним командиром – офицером Красной Армии. Постепенно я уразумел абсолютную необходимость беспрекословного подчинения воле командира. На этом зиждется армия…»

«Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын. Екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын. Үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын, ал көрдің қолына балта берсең, шаба салады, бақыр берсең ала салады. Найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады. Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасаң, халық болудан қаламыз ба деп қорқам»

«Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім»

«Билік пен байлыққа, атақ даңққа пақыр, тау қозғалса да қозғалмайтын, жусаннан аласа, бетегеден биік жандар ғана лайықты»

«Дұшпанның өзін өлтірмек болған қара ниеттілігі оған оны өлтіруге құқ береді»

«Бүгінгі гүлдер сондай (жақсы ММ) адамдар болмаса, өсер ме еді, құлпырып тұрар ма еді…»

«Солдат» деген сөзді соғысқа қатысты мағынада ғана ұғынбау қажет. өйткені, сіздер соғыста да, майданда да жүрген жоқсыздар, бірақ та сіздер де еңбек майданының солдаттарысыңдар. Барлық жерде адамға жас кезінен бастап, солдат, нағыз күрескер деп қарау қажет. Мен үстіне сұр шинель киіп, қолына винтовка ұстаған адамды ғана айтып отырған жоқпын, солдат деп әртүрлі салалар мен қызметтерде жұмыс істеп жүргендердің бәрін айтып отырмын. Өйткені, бұл да майдан. Солдат деген сөзді мен кең мағынада түсінемін. От басы, ошақ қасынан бастап, шабуылға дейін, ұрыс кезінде барлық жерде жауынгерлік қасиет, адамның табандылық көрсете білуі керек. Адамның әскери жауынгерлік қызметі біздің күресіміздің тек бір ғана түрі болып табылады»

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to Өмір солдаты

  1. balgyrgan айтады:

    мықты үзінділер…

    жариялағаныңа рахмет, Мақпал

  2. Akzere айтады:

    Шынымен, құнды деректер. Рахмет!

  3. Myrza айтады:

    Bauekennin korykkany kazir bolyp jatyr!Osy sozderden idealogiya jasau kerek bizge! Rahmet,Makpal!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s