Өмір солдаты (жалғасы)

Кеңес одағы кезінде батыр туралы аңыздар көп болған екен. Көп адамдар онымен кездесуге сескенген. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романында Бауыржан Момышұлы туралы еріксіз езу жидыртатын әңгімелер өте көп. Соғыстан кейінгі жылдары болса керек. Бір адам шығармашылық адамдарының дүние мүліктерін сатуда аса аңқау болатынын, соны пайдаланып солардың бірінен көлік сатып алмақшы болады. Біреулерден «Бауыржан Момышұлы көлігін сатады» деген сөзді естіп батырдың үйіне барады. Қонақты әрдайым жылы қарсы алатын Бауыржан Момышұлы келген адамға бұйынтайын айтқызбай, алдымен бәйбішесіне ет астыртады. Ет желініп, шай ішіліп болған соң бұйымтайына кезек беріледі. «Сізді көлігіңізді сатады деп естіген едім…» деген сөзді ести сала батыр манағы адамды үйінен қуып шыққан көрінеді. Бұл жерін жазушы Әзілхан атамыз әдемі сипаттайды (осы жері ғана блокнотқа түскен екен): «Мұны естігенде Бауыржанның барлық түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының бірін бірі жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр шытыр ете қалды» («Ақиқат пен аңыз») :)))

Осы сияқты көпке белгілі жайттар көп. Солардың бірі. «Маған көптеген әскери тілшілер келді. Өкінішке орай, олардың көбісі әскери форма киген жай адамдар… Сондайлардың бірі маған майданға келді, отырып шай ішті, ол окопта болмаған, жанынан бірде бір оқ зулап өтпеген, ал ол болса отырған күйі, маған қорқыныштың жоқтығы туралы құрғақ ақыл айта бастады. «Қызыл Армияның жауынгері қалайша қорқады? Мүмкін емес. ..» Менің мұндай надандыққа ренжуіме құқық бар еді. Бірде мен өзіме ерік беріп, столдың үстінен атып тұрған бойда кабурадан пистолетімді суырып алып, оған тура оқталдым! Қараймын, түсі боп боз болып барады… Одан: Қорқыныш бар ма, әлде жоқ па? деп сұрадым…Бәлкім, мұның өзі мәдениетсіздеу де болған шығар. Бәлкім, кейбіреулер әдепсіздеу екен деп те айтар, бірақ мен, ананың маған жасағанына қарағанда анағұрлым мәдениеттілеу істедім ғой деп санаймын…» (Б.Момышұлы шығармаларының 1-ші томы)

Бауыржан Момышұлы әскерде жүріп, ауыз әдебиетінің үлгілерін үнемі қалтасынан тастамайтын қойын дәптеріне түртіп отырған деседі. Бауыржантанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов айтады, «Көшпелі өркениет батырларының бір қасиеті соғыста кәдімгі қарумен қатар сөз өнерін де қару қылып пайдалану. Бұл қасиет Баукеңде болды» дейді. Батырдың өзі былай жазады: «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес. Бірақ та сараңдардың санатында (өлер алдында бар байлығын босқа далаға шашқан Қарымбай сияқты) қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында үн түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол, «ерлік елеусіз қалмасын, олжа елге, атақ ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын»

Біз қазір кез келген адамға өзін өзін тәрбиелеуде көптеген мүмкіндіктер ашылған заманда өмір сүріп отырмыз. Ғасыр биігінен де қарасақ та, Бауыржан Момышұлының тұлғасынан, шығармаларынан үйренетін нәрселер көп. Батырдың түркі халықтарындағы әскери әдебиетті қалыптастыру т.б рөлін айтпағанда жалпы кез келген адам үшін оның бойындағы парыз сезімін үнемі басшылыққа алу, әділдік, турашылдық, өз ұлтын сүйетіндігі (ерлік анасы мақтаныш дейді ол) т.б қасиеттері үлгі боларлық. «Ұлы адамдарды еске алу қандай мереке!» дейді Ш.Айтматов. Сол айтпақшы, Бауыржан Момышұлын еске түсіру оны білетін, танитын адамдар үшін әр уақытта мереке.

Жуырда Бауыржан Момышұлы шығармаларының 40 томдығы шығайын деп жатыр, бұйыртса. Бұл дегеніңіз батырды одан әрі терең тануға мүмкіндік береді деген ойдамын. (Видеоның сапасы нашар болғандықтан суреттер де қоңырқай шықты)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to Өмір солдаты (жалғасы)

  1. balgyrgan айтады:

    Мақпал, қандай видео????

  2. Aina meken айтады:

    Мен үшін Бауыржан Момышұлы мен Мұстафа Өзтүріктің жөні бөлек. АЛЛА разы болсын сізге, Мақпал!

  3. М... айтады:

    Сізге Аллах разы болсын!!! Рухыныздын биік екенін, дайындаган материалыныздан коріп суйсініп отырмын!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s