Тренинг

«Мінбер» журналистерді қорғау орталығы алыс-жақын аймақтардағы журналистердің басын қосып, жаңа медиа туралы сауаттылықтарын арттыру мақсатында екі күндік тренинг өткізіп жатыр.

«Жоғалған ой жоғалған қазынамен тең» дейді. Хош, ойымдағы ақпараттарды ұмытпай тұрғанда қағазға түсіріп үлгерейін деп жазып отырмын. Сонымен тренингтің алғашқы күні не үйрендік? Бәрін жазу мүмкін емес, ең негізгілері.

Бізде интернет-ресурстар мынадай заңдармен реттеледі (өкінішке орай бәрін жаза алмадым):

1)     БАҚ туралы заң (интернет-ресурстар ақпарат құралы болып есептелгенмен олардың арнайы органда тіркеліп, лицензия алу міндетті емес т.б мәселелер жазылған)

2)     Ақпараттандыру туралы заң (ақпараттық инфрақұрылымдарды дамытуға қатысты)

3)     ҚР Қылмыстық кодекс (адамдардың жеке басын қорлағаны үшін арнайы баптар қарастырылған)

4)     Ақпараттық теңсіздікті төмендету, 2008-2012 жылдарға арналған интернетте біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру т.б тұжырымдамалар

5)     Көпке интернетті реттеу туралы заң деген атпен белгілі (атауы ұзақ) заң, анығырақ айтсақ заңға енгізілген өзгертулер (интернет-ресурстар ақпарат құралы статусына ие болуы, сәйкесінше таратқан ақпараты үшін жауапты)

АҚШ-та авторлық құқық мәселесін Creative Commons лицензиясын қолдану арқылы шешу тәжірибесі қатты ұнады. Мұның қажеттілігін интернеттен аудиофайл жүктеп алатын кез келген тұтынушы сезінген болар деп ойлаймын.

Бізде әзірге, тәуелсіз ақпарат құралы ашылады дегенге ешкім сенбейді. Есенгүл апайдың «Шетелге барған кезде «сіздерді кім қаржыландырады?» деп сұрақ қойып, күлкіге қалғаным бар» деген сөзі қазіргі ахуалдан хабар береді.

Жиі еститін, бірақ тереңіне бойлай қоймаған терминдер, ұғымдар, түсініктер… Гугл уэйв жайлы Әлиядан естідім. Үлкен чат немесе пікірлер толқыны туралы мында да бір сілтеме тұр.

Общым, біраз нәрсенің мәніне барып, ұғынып қалдық десек те болады. Ертең бұйыртса, тренингтің екінші күні. Қалта телефон арқылы блогқа сурет жіберуді т.б үйренеміз. Қазақ журналистерінің интернет-сауаттылығын жоғарылатып, жаңа медианы қазақша сөйлетуге мүдделік танытып жүрген «Мінбер» журналистік орталығына үлкен алғыс!!!

Тренингте өте көп сурет түсіре алғам жоқ, дегенмен төменде фотоаппаратыма ілінген суреттерді жариялап отырмын

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

1 Response to Тренинг

  1. vkototy айтады:

    Тамаша суреттер! Жарайсың,Мақпал,рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s