Зымырап өтті екі күн

Кеше Мінбер ұйымдастырған тренингтің екінші күні туралы жазып үлгере алмадым. Енді жазып отырмын.

Сенбі күні жазушы, лингвист Бақытбек аға бізге журналистикада кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің тіл заңдылығына қайшы қолданылып келе жатқанын айтты. Мәселен, мына етістіктерді дәл осылай қолдану қате: ойысуда, әзірлеуде, жасауда, дайындалуда, басқаруда, беруде т.б «Тіл айқастыру» деген сияқты сөзді айналымға енгізуді де ұсынды.

Он жылдан астам уақыттан бері ІТ-саласында жүрген, өзінің айтуы бойынша «дизайн саласына кездейсоқ келген», Мұқағали Мақатаев сайтының дизайнері Ерлан Оспан оқырмандарды тартуда сайт келбетінің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айтты. «Мақалада Кеннедиді кім өлтіргені туралы айтылса да, іш пыстырарлық дизайн оқырманды сайттан кетіруге асықтырады» Бірақ «жасылға қызыл жазуға бола ма» деген сияқты сұрақтардың бір ғана шешімі болмайтынын да ескерте кетті. Блогшылар үшін айтқан пайдалы нәрсе: вордтан мәтінді көшіріп, жазбаға бірден қоя салу қате көрінеді. Бұл оқырмандардың көзіне оғаш көрінуі мүмкін. Оқырманның көзі үйренген қаріптерді пайдалану қажет деді ол.  Тема таңдауға қатысты біраз субъективті ойларын айтты. Ол көзқарасқа сәйкес, менің блогымдағы тема да көзге қораш, Қазақстан оқырмандарына арналмаған үлгі болып шықты.

Өз жазбаңа «жазбауға болмайтын кездерде» ғана пікір қалдыру керек деді. Сосын пікір қалдырушымен «өлмес тақырыптар» бойынша ұзақ та тұңғиық диалогқа түсудің керек емес екенін айтты.

Асхат жмайл почтаның мүмкіндіктері туралы айтып берді.  Әсіресе, translate.google.com сияқты сайттарды аударатын қызметтердің барын біліп мәз болыстық…

Аршат бізге Қаақстандағы хостингтер туралы, тегін домен беретін компаниялар, өзінің «Кездесу» жобасы туралы айтып берді

Түстен кейін мұнан да қызықты болды. Әлгінде басымды қатырған нәрсе: блогқа мп3, видео жүктеуді үйрендік. Аудаситимен үнхабар жасау, үнхабарды монтаждау, оны блогқа орнату т.т

Кешке қарай волейболл ойнадық. Спорт комментатор Нұрберген Мақым тікелей эфирден оқиғаны баяндап көпшілікке жеткізіп отырды.

Блогшылардың кешкі кездесуіне Кәмшат, қызылордалық блогшы Сәкен келді. Бұл барлық блогшылар, журналистер бас қосқан керемет екі күн болды деп ойлаймын. Бір өкініш, Award.kz ұлттық интернет байқауының екі мәрте жеңімпазы Нұрғисадан интервью ала алмадым.

Түк қалдырмай айттым ғой деймін 🙂 «Блог дегенің өсекші екен жұртқа жаяр»

Суреттер:

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to Зымырап өтті екі күн

  1. urimtal айтады:

    Иә, жақсы кездесу болды.

  2. Өркен айтады:

    Жақсы баяндапсың. Бүгін есімді жиып, блогыма осы семинар жайлы бір нәрсе жазайын десем, ойыма ештене келмей тұр.

  3. Нұрғиса айтады:

    Волейболдағы кекесінді подачаға қарсы командадағы еңгезердей төртеудің тойтарыс бере алмауы кімде қай қарым барынан айқын сыр шертеріне талас тудырмау керек! 🙂 🙂

  4. Akzere айтады:

    Көп нәрсе үйреніпсіздер ғой… Күшті 🙂

  5. vkototy айтады:

    Иә,айтары жоқ,керемет өтті!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s