Жалаңаш патша

Қайда бармасаң, алдыңнан жасандылық шығады. Газетті ашсаң, жылтыр сөздер, әдемі тіркес, аллитерация, ассонанс қуған ой орамдары. Адам шыныменен тұшынып жазғанда ғана көкіректегі ойың дәлме-дәл қағазға түседі деп ойлаушы ем. Қателескен екем. Сылдыр сөздердің сағым секілді адамды алдайтыны болады екен. Мақтанның өртін қаулатып, нәпсі үшін қызмет етіп жатқан қайран сөздер! Теледидарды қоссаң, тағы да сол жасанды күлкі, жағымпаз қылық алдыңнан шығады. Тіпті бұл мінез кейде өз бойыңнан табылғанда таңқаласың. Жалғандыққа әбден етіміз үйреніп кеткендей. Егер жан дүниеміз, ойымызды зат сияқты көре алсақ, қалай болар еді?!

Осындайда есіме баяғыда бір журналдан оқыған ертегі түседі. Көркемдемей, қысқаша айтсақ былай болады: баяғыда бір мақтаншақ патша болады, мақтаншақтығы сондай үнемі атақ-даңқты армандап тұрады екен. Бір күні уәзірлеріне дүниеде теңдесі жоқ мата тауып, киім тігіп алып келіңдер, ел мені киімім арқылы да біле берсін дейді. Жаһанның түкпір-түкпірінен теңдесі жоқ маталар әкелінеді. Күндердің күнінде бір кісі «әлемде теңдессіз жоқ мата әкелдім» деп патшаға жолығады. «Қайсы, көрсетші» дейді. «Міне, керемет емес пе» деп әлгі кісі жалаң қолын мата ұстап тұрғандай сермеп көрсетеді. «Бұл матаның сиқырлығы сонда – оны ешкім де көре алмайды. Мұндай мата тек сізге ғана лайық. Мұны есі дұрыс емес адам ғана бағаламайды» дейді әлгі кісі. Патша «жоқ» деуге арланып, әлгімен келіседі. Содан бастап, «ғажайып матаның»атағы ел арасында жайылып, оны мойындамауға ешкімнің батылы бармайды. Ақыр соңында «ғажап матадан» патшаға «киім» тігіліп, сол «киіммен» көптің алдына шығады.Әлгі  кісі «керемет киім» десе, бәрі қоштап, «керемет!», «керемет!» деп таңдай қағысады. Сөйткенде, тек анадайдан бір кішкентай бала қолын шошайтып: «Бұл жалаңаш патша» ғой деп айғай салған екен…

Бізге де осындай «бала» керек сияқты…

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to Жалаңаш патша

  1. Ақзере айтады:

    Бізде ол баланы ертеңінде-ақ жоқ қылып жіберетін еді…

  2. Өркен айтады:

    Тамаша мысал екен.. расында, бұған етіміз өліп барады. Сұлу сөзбен бірген санамыз сұйылып бара жатқандай болады кейде

  3. sagym айтады:

    Мықты, Мақпал! Орталық баспаларда жариялайтын жазба екен.
    Тазша бала болмаса жәй бала айта алмайды ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s