Қоғам айнасы

«Сөккенің болсын сүйгенің» деген екен Шәкәрім атамыз. Сол айтпақшы, сөгуінің артында қазақ ұлтына деген жанашырлық ниет тұрған ой-пікірлер қазір айтылып жүр. Өзім сұхбатқа шақырған жастардан мұндай ойлар жиі кездеседі. Бұл ойлар қоғамға керек сияқты. Былайша айтқанда, бұл «самосохранение-нің» бір түрі. Бұл пікірлер тізбегінің жалғасы бар.

Ұлттық қауіпсіздік тұрғысында

Мұхит Асанбаев, саясаттанушы: «Жыл сайын Қазақстаннан шамамен 3-4 мың студент Қытайға барып оқиды. Бұлар 5-6 жылдан соң бітіреді. 10-20 жылдан соң елге оралады. Қытайдың жоғары оқу орындарын бітірген жастар ертеңгі күні қытайдың мүддесін осы қазақтардың арасында отырып қорғамай ма? Бұлар ертеңгі күні Қытайдың саясатын жүргізетін жаңа кадрлар емес пе? Мұны біздегілер неге ойламайды? Осы үрдіске назар аудару керек»

Азаматтық қоғам туралы

Кәмшат Тасболатова, журналист: «Бізде митинг мәдениеті қалыптасуы керек. Біздің аға ұрпақ өкілдері бұл мәдениетті керемет қалыптастырды деп айта алмаймын. Кезінде батыс елдерінде болдым. Мысалы, Лондонда күнделікті мұсылмандар бір күні шеиттер мәселесін көтереді. Екінші күні иракты бомбалауға қарсылық танытып, митингке шығады. Бір күні ағылшын азаматтары бір мәселе көтереді. Бұл қалыпты жағдай. Полиция керісінше, оларды қорғап, бар жағдайды жасайды»

Рухани мәдениет туралы

Мұрат Есжан, журналист: «Адам өзі түзелмей қоғам да түзелмейді. Қоғам түзелмей, билік те түзелмейді. Бізде әр адамның өз-өзін түзеуге, өзіне үңілуге деген ұмтылыс жоқ»

Шетелге кеткен ғалымдарды елге шақыру қажет пе?

Манат Мұстафа, ҚазақҰУ-нің докторанты: «Қазіргі кезде шетелде жүрген ғалымдарды елге қайтару бұл қыран бүркітті тұғырға отырғызып қойғанмен бірдей. Мұның орнына мысалы, Жапонияда жүрген қазақ физигі болса, соған хат жазу керек. «Біз сізге оқушы жібереміз, сіз соны тәрбиелейсіз, ай сайын мемлекеттен осынша ақша алып тұрасыз» деп. Шетелдің ғалымдары жаны ашып, қазақ мықты болып кетсін деп ешқашан дайындамайды. Оданша сол ақшаны шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ ғалымдарына жұмсаса, олар ұлтшыл, Қазақстаннан барған студентті жан-тәнімен дайындайды. Екіншіден, ол елге керек екенмін деп ойлай бастайды. Физикадан екі-үш маман дайындағаннан кейін оның Қазақстанда класы қалыптасады. Класы қалыптасқаннан кейін ол ғалым қайтып келеді. Сөйтіп ғылым дамиды»

Интернеттің дамуы туралы

Ержан Байтілес, «Замандас» сайтының редакторы: «Пікірлер дәл қазір таза қазақтың мінезіне келетін дүние болып тұр. Өзің көрінбейсің. Сенің кім екеніңді білмейді. Аласың да тасты лақтырасың. Қаралайсың, даттайсың. Енді барлық пікірлер ондай емес. Дегенмен дәл қазіргі уақытта пікірлердің бірінен-бірі өтуінің себебі осы. Бұлай жалғаса берсе, осы пікір білдіріп жүрген азаматтар ертеңгі күні мінберге шығып, өз пікірлерін еркін жеткізетін азаматтарға айналады деген үмітім бар»

Қазақ журналистикасы хақында

Ержан Байтілес, Замандас сайтының редакторы: «Өткен ғасырдың басындағы «қазақтар сауатсыз», «кәсіби шеберлігі жоқ», «білім деңгейі төмен» деген көзқарастар бір ғасырдан асты, әлі бар. Ал қазір қазақтың от ауызды, орақ тілді ұл-қыздары саясат сахнасында болсын, баспасөз беттерінде болсын, өздерін көрсетіп жүр. Бір ғана мысал, Қазақстан телеарнасы Ғалым Доскен кезінде қандай болды? Әрине, техникалық тұрғысынан алғанда кемшіліктер болды. Таза ұлттық, таза қазақи бағдарламалар жасады ғой. Ал сондай деңгейді көріп тұрып, неге біз қазақ журналистерінің деңгейі төмен деп айтамыз? Бұл әлі де болса, қазақты екінші сорттағы халық ретінде көрсете берудің, еңсесін түсіре берудің амал-әрекеттері. Ал біз бұған сынбауымыз керек. Қайта өзіміздің мықтылығымызды дәлелдей беруіміз керек»

Кәмшат Тасболатова: «Біз бүгінгі таңда тек журналист қызметін ғана атқарып отырған жоқпыз. Біз қосымша тағы екі қызметті алып жүрміз: аудармашылық пен корректорлық қызмет. Ал бұл жеке факультеттер, жеке мамандықтар. Олар үшін ақша төленбейді. Мысалы, медиафорумда орыстар тікелей орысшадан беріп, ақпаратты таратып отырады. Сосын «олар жедел ақпарат таратты», «олар кәсіби мықты» дейді. Ал біз сол медиафорумда отырамыз да, екі есе тез жұмыс істеуге мәжбүрміз. Біз азаматтарды аударып отырамыз әрі пресс-релиздер қате дайындалады. Сол пресс-релиздегі қателіктерді дұрыстап, корректорлық қызмет атқарамыз. Біз керісінше, кәсіби мықты мамандармыз…»

Бұл пікірлер Азаттықтың жастар бағдарламасынан алынды.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Қоғам айнасы

  1. men айтады:

    Қазіргі кезде шетелде жүрген ғалымдарды елге қайтару бұл қыран бүркітті тұғырға отырғызып қойғанмен бірдей.>
    осы жерде мен басқаша айтқан сияқты еді:Қазіргі кезде шетелде жүрген жаратылыс таныу саласындағы (Физик,химик,биолог және математик, ин)ғалымдарды елге қайтару бұл қыран бүркітті тұғырға отырғызып қойғанмен бірдей.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s