Түнде

Интернетте түнде отырғанды ұнатам. Түнгі тыныштық интернетте де білінеді. Абыр-сабырдың бәрі тоқтаған. Өзіңмен-өзің. Көзің компьютерде болғанмен, ойың кезекті сапарда. Солардың кезегі. Өзіңмен сұхбат…»Әлденені, әлдекімді, әлдеқандай әлемімді сағынам…». Мектеп кезімдегі бір сәт есімнен кетпейді. Сол деңгейге жете алмай-ақ қойғаным. Жүрегім жазды емес, тұрақтылықты аңсайды.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to Түнде

  1. Ақзере айтады:

    Түнде көбі агентте отырады ғой дим.. :))

  2. alashaman айтады:

    Өз басым түннің тыныштығы қалада қалған жоқ-ау деймін… Астанада түнде де тыныштық жоқ, Алматыда да солай. Бәрібір көшенің у-шуы естіліп тұрады. Қалада тұратын інім Астананың сыртынан жер алып, үй салып алды. Бәріміз бардық. Тыныштықтың көкесі сонда екен. Дала жым-жырт. Тып-тыныш. Түннің кереметін сонда сезінгендей болдым.
    Айтпақшы, Мақпал сенің жүрегің жазды емес, тыныштықты аңсаса, бәлкім соны да бақыт деуге болатын шығар. Біреу «бақыт» деген істеген ісіңе, өз өміріңе, мүлкіңе деген бақылау » деп жазыпты. Бәлкім, ол да өзінше «бақыт» ұғымына басқаша астар беруге талпынған шығар, Ал мен «бақыт» деген «тыныштық» деп өзімше пәлсапа соғып отырмын…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s