Каратэ-пацан

Осындай атаумен Джеки Чанның фильмін көрдім. Дегенмен фильмде басты кейіпкер ол емес, 12 жастағы Дре Паркердің рөлін ойнайтын қара бала (аты-жөнін таппай отырмын). Ол шешесімен АҚШ-тан Қытайға көшіп келеді. Әйтсе де, кунг-фудың отаны оларды құшақ жая қарсы алмайды. Әсіресе, жасөспірім үшін жергілікті аудандағы балалармен тіл табысу өте қиынға соғады. Ақырында екі жақ турнирге қатысып, күш сынасады. Бірінші жақта кунг-фудан ұстаз ретінде Джеки Чан мен Дре Паркер, екінші жақта жергілікті аудандағы спорт мектебінің жаттықтырушысы мен шәкірттері… Соңында әйтеуір, жақсы бітеді. Фильм маған өте қатты ұнады. Шынымды айтсам, ескі фильмдер стиліндегі осы сияқты киноларды жақсы көрем.

Айтайын дегенім, Джеки Чанның жұмыс істеу методтары қатты ұнайды. Ол методтарды қайнап жатқан өмірдің өзінен алады. Кинода ол сол баяғы ойдың тұнықтығын, дәстүршілдікті дәріптейді. «Кунг-фу – бұл куртканы қалай киіп, қалай шешкеніміз сияқты» дейді. Ұстаз ретінде ол үйретеді, үйрете отырып, өзі де үйренеді. Ол идеяға, қиялға бай. Мұнымен қоймай оларды мына өмірге бейімдеп, практикаға айналдыра алады. Бұл кинода сол қасиетін тағы да дәлелдеген.

Ол өзінің кітабында «мен ешқашан жаман кейіпкердің рөлін ойнамаймын» деп жазады. Рөлін беріліп сомдайтын актердың бұл принципі бәлкім, «жаманды танудың қажеті жоқ» деген сияқты көзқараспен ұштасып жатқан шығар. Кім білсін?! Бір білетінім, миллиардтан шыққан талант бәріміздің жүрегімізді жаулап алды.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to Каратэ-пацан

  1. Қалдықыз айтады:

    Уил Смиттің баласы болуы керек. Фамилиясы Смит екен, түрі де ұқсайды 🙂
    Жақсы кино, маған да ұнады

  2. Ақзере айтады:

    Кішкене Смттықтардың шоу-бизнеске араласуы ертерек болып кетті. Не де болса, өскен шағында да әкесі сияқты бір төбе болар деп үміттенеміз. Макколей Калкин сияқты жұлдыздықты көтере алмай қалмаса…

    • Акпатша айтады:

      Уил Смиттің баласы. Кезінде әкесімен бірге «Бақытын іздегендер» (В погоне за счастьем) деген тамаша драмада ойнаған.
      Әкесіне тартса, өлмейді ол бала.

  3. maqpal айтады:

    шыныменен де Уилл Смиттен аумайды ғой. Енді байқап отырмын.

  4. Serik айтады:

    Karate Kit бұл галливуд жұлдыздарын өз еліне тәнті ету мақсатында жасап, Қытай сайыс өнерін бүкіл әлемге шығару. Дейсон Смит ол Джекиді өмірде де ұстаз тұтқан баланың бірі. бұл фильмнің ойы қытай мәдениетімен галливудті жәәне әлемге таныту! Jackie you nice movie star!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s