Ауған жастары туралы

«Соғыс кезінде адамдар бейбіт өмір туралы аңсап, не шығарса да сол ізгі арманымен ұштастырған деседі. Ал қазір бейбіт заманда адамдар керісінше, қиялынан соғыс туралы оқиғалар ойлап тауып жатыр. Мұны қалай атауға болады?» Осы бір ойды әлдебір газеттен оқыдым ғой деймін, есімде жоқ. Айтайын дегенім, соғыста көбіне, оны жасайтындар емес, кінәсіз адамдар зардап шегіп жатады. Бірдің кесірі мыңға тиеді. Бүгін ауған жастары туралы мақаланы оқып отырып сондай ойда болдым.

«…Ауғанстан тарихы жайлы ойлай бастасаң болғаны, тіліңе бірден «соғыс» сөзі оралады. Өкінішке орай, жастар осы соғыстың басты құрбанына айналды. Өткен жылдары ауған халқы моральдық тұрғыда, физикалық тұрғыда көп зардап шекті. Көптеген адамын жоғалтты.

Керіге кідіріс жасасақ, совет әскерлері Ауғанстанға кіргеннен кейін ауған халқы екіге жарылды. Бір жағында коммунистер болса, келесі жақта – бас көтеру мен жиһадты жақтаушылар. Осы екі топ арасында соғыс басталды. Қақтығыстар барысында 2 млн адам қайтыс болды, олардың басым бөлігі жастар еді.

Ал қазіргі хал-ахуалды сипаттасақ, қазір елдегі жастар білім алу құқығы мен мүмкіндіктен айрылған. 25 пен 35 арасындағы жастардың басым бөлігі сауатсыз. Мұндай жастағылардың отбасысы болғандықтан олар үшін білім алу кеш те.

30 жыл бойы жалғасқан моджахедтер мен коммунистердің соғысы кезінде білім саласында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Жастар әртүрлі саяси топтардың қолжаулығына айналды. Тіпті тәлібтік режим құлағаннан кейін де біріңғай білім жүйесінің жоқтығы салдарынан сауатсыз жастар толқыны қалыптасты.

Кәсіптік білім мәселенің бір бөлігін ғана шешеді. Онда да жұмысқа орналасу жағын қайта қарастыру қажет. Әйтпесе, жаппай жұмыссыздық жастарды соғысқа, есірткті саудасымен айналысуға, тіпті суицидке итермелейді.

8 жыл басқарып келе жатқан билік жастардың осы мәселесін шешу үшін ештеңе тындырған жоқ. Егер кейбір жастардың мемлекеттік орындарда немесе үкіметтік емес ұйымдарда таныстары болса, мұндай жастарға жол ашық. Себебі, тамыр-таныстық ел өмірінің барлық салаларында шешуші фактор рөлін атқарады.

Кей кезде жастардың жұмыс табуына көмектесетін ұйымдардың немесе кеңселердің ашылғаны туралы естисің. Бірақ көп кешікпей олардың жеке пайдасы үшін жастарды пайдаланып жүрген кезекті саяси топ екенін білесің.

Десе де, қазір ауған жастары құрбан болып шаршады және болғысы келмейді де. Олар білімнің құндылығын түсінеді. Бүгінгі таңда жастардың 70 пайызы сауатсыз. Білімсіз олардың болашаққа үміті де болмайды. Егер жастарға қолдау көрсету міндетін алған үкімет, ұйымдар осы жастардың өмірін жақсарту жолында ешқандай шара қолданбаса, оларды жаман жолға түсуіне итермелеген болып шығады.

Жастар ұйымдарының басым бөлігі жастар үшін ештеме істемей отырғандықтан, лауазымды тұлғаларды осы мәселеге көңіл бөлуге шақырамын. Білім сауатсыздықтың тамырына бекіп алған тамыр-таныстықты жоюға мүмкіндік береді. Сөйтіп, елде болашаққа жол ашылады…»

(мақала http://www.centralasiaonline.com/ сайтынан алынып, қысқартылып басылды)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

6 Responses to Ауған жастары туралы

  1. urimtal айтады:

    Биыл ауғанның жүз өрені Қазақстанға оқуға келеді деген. Іздестіріп көрмедің бе? Біреуімен болса да кездесіп, танысқым келіп жүр. Ойларын өз аузынан естігім келеді.

    Малайзияда ауған баласымен таныстым. Ағылшын мектебін бітірген. Сауатты. Көзі ашық. «Білімділердің дені шетел асып кетті» дейді. Қызық қылғанда оны бір жеңгесі қазақтың бір байының еркетотай қызы болып шықты.

    Биыл АҚШ-қа барғанда тобымызда ауған баспасөзінің өкілі болды. Журналист қыз бала. Хазар. Өзіңнің құрбың болып келеді. Ол да сауатты.

    Әрине білімсіз жастар жоқ дегім келмейді. Бар ғой. Соғыс болған елде парта мен тақта аман қалды демемеймін. Бірақ Registan.net сайтын оқитын боларсың. Ауғанстанда болған америкалықтар сол жерде Times пен американың тағы басқа басылымдары Ауғанстан туралы ақпарат бергенде мақсатты түрде оны бұрмалайтынын олар жақсы жазуда. Өзім де Ресей, Америка ақпарат құралдары беретін ақпараттардан гөрі өзімнің көргенімді шындық санаймын.

    • maqpal айтады:

      мен әйтеуір олардың басым бөлігінің медуниверситетте оқитынын білемін. көбісі жас болғанмен үлкен көрінеді. бір ретте босқындар туралы хабар жасаған кезде кезінде министр болған адамның қазір барахолкада сатушы боп жұмыс істейтінін естідім

  2. Мақпал қарындас , ораза айтымын сізді құттықтаймын . Бұл сәлемді Ираннан жолдап отырған бір ОРАЛМАН дегендей бір қандасыңызбын . Қазақстан егемендік алды дегенде ол жаққа үдере көше жаздап едім . Қазір сіз жақта шығыстанушы , филолог болып қызмет етіп жүрген Ислам атты інішегіммен осындай шертескен едім . Ол болса атамекен деп тіпті бала шағасына да қарамай кетіп қалды . Бір жесірмен басқосып одан да бір – екі балаы болған . Реті келіп қайта баяғы ұйелменіне қосылды . Не дегенмен жуырда бір қызын Ираннан көшіп барған жйеніме берді . Бір ұлына әлі иранда жүрген әкесі қазақ шешесі зардошт бір ағайыныммен құда болды . Айтпақшы Исламымыз өткен ораза айында Иранға келді анасының жетісіне жету үшін әрі әкесінің асында төбе көрсетпек болып . Өзініңіз аңғарғандай шашыранды Қазақтардың жағдайы мүлде мәз емес ау . Бұл әлектің түп тамыры кеңес одағын құрмақ болып бүкіл орта азияны бүлдірген » өзім білем » мен менсіген батысшылдардың қырсығы болса керек . Ауған сияқты елде халық сауатсыз деп коммунистер қандай соиқан салып ақыры қан сасыған қырғаннан қалай бас сауғалап қашқан әлем әшкер . Өздерінен өзге мәдениет өркениетті жоққа шығарып жүрген туі жығылған совет бетбақ қана емес . АҚШ та Ауғаннан бұтына тышы қашып жатқаны мәлім , сол тәлибанмен мәмілеге келе жатқан сыңайлы . Екі албастыға да ақыл үйреткен әлгі дүмше молдалар мен тобыр саналған Ауғандар ғой .

  3. Мақпал қарындас , ораза айтымын сізді құттықтаймын . Бұл сәлемді Ираннан жолдап отырған бір ОРАЛМАН дегендей бір қандасыңызбын . Қазақстан егемендік алды дегенде ол жаққа үдере көше жаздап едім . Қазір сіз жақта шығыстанушы , филолог болып қызмет етіп жүрген Ислам атты інішегіммен осындай шертескен едім . Ол болса атамекен деп тіпті бала шағасына да қарамай кетіп қалды . Бір жесірмен басқосып одан да бір – екі балаы болған . Реті келіп қайта баяғы ұйелменіне қосылды . Не дегенмен жуырда бір қызын Ираннан көшіп барған жйеніме берді . Бір ұлына әлі иранда жүрген әкесі қазақ шешесі зардошт бір ағайыныммен құда болды . Айтпақшы Исламымыз өткен ораза айында Иранға келді анасының жетісіне жету үшін әрі әкесінің асында төбе көрсетпек болып . Әлгі шал кемпір де Исламның екі туғанымен бірге АТАМЕКЕНГЕ оралған еді . Енді әке шеше мен екі бала қайта ЖАТЕЛге оралып ажалы жеткендері осында дүнйе салып анау екі ағайын тағы Иранда қалып қойған ағаларымен әйтеуір отандас болып жүр . Өзініңіз аңғарғандай шашыранды Қазақтардың жағдайы мүлде мәз емес ау . Бұл әлектің түп тамыры кеңес одағын құрмақ болып бүкіл Орта азияны бүлдірген » өзім білем » мен – менсіген батысшылдардың қырсығы болса керек . Ауған сияқты елде халық сауатсыз деп коммунистер қандай соиқан салып ақыры қан сасыған қырғыннан қалай бас сауғалап қашқаны әлем әшкер . Өздерінен өзге мәдениет өркениетті жоққа шығарып жүрген туы жығылған совет бетбақ қана емес . АҚШ та Ауғаннан бұтына тыша қашып жатқаны мәлім , және сол тәлибанмен мәмілеге келе жатқан сыңайлы . Екі албастыға да ақыл үйреткен әлгі дүмше молдалар мен тобыр саналған Ауғандардың әңгіртаяғы ғой . Буынсыз жерге пышақ салған кесірлілерден күдер үзу парыз .

  4. Ақзере айтады:

    http://bigpicture.ru/?p=70000#more-70000
    «Давным-давно в Афганистане» деген сурет сұхбатты көруге кеңес беремін.

  5. Қайтарма үнқосу: neweurasia.net » До коли казахские блогеры будут устраивать «кухонные посиделки»?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s