Күз!!!

Мезгілдің жаманы жоқ. Әйтсе де, төрт мезгілдің ішінде күзді ұнатамын деп айта алмаймын. Жадыраған жаздың кеткенін, қылышын сүйреткен қыстың келе жатқанын үнемі еске салып отыратын күз не олай емес, не былай емес, белгілі бір шешімге келе алмай қипақтап тұрған адамды елестетеді. Ақырында қыс жеңетінін бәрі біледі….Әдетте, флегматик адамдар күзді, қысты ұнатады деуші еді. Өзім флегматикпін. Бұл қалай болды екен?!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

6 Responses to Күз!!!

  1. Флегматик бола түрып күзді ұнатпағаныңа таңданасың екен . Бұл көңіл – күйің таңдардай ғой . Мәселенің шешілуі Күзді бір күйреткіш мезгіл емес деп білуде болса керек . Әңгімені әріден қозғар болсақ , дүнйе деген бір тұрақсыз бір құбылыс . Мақпалдың бір түрі бар – қозғап көрсең түсі құбыла береді . Қызығы да сол ақ . Табиғат та сондай емес пе ? Жаратылыс тұтастай , әр бөлшегі өзіне тиісті заңдылыққа сәйкес , өзгеріп тұрады . Қай дүнйе болмасын жаратылыс заңына бағынбаса қағынып құрып кетеді . Ал егер біреу – міреу осы заңды аңғармаса аңғалғаны деп түсіну парыз . Терең ойлап бақсақ , жаратылыс заңында титтей де қате жоқ болып табылады . Көктем келіп табиғат жанданып көктей бастайды екен . Жаз келе оны әбден жадыратады ғой . Ескерген болсақ , Көктемнің өсіргіш ауа райынан және жаздың жадыратқыш жағдайынан пайдаланған құбылыстар өзімшіл болмауға тура келеді . » Судың да сұрау бар » дегендей кімде кім көрген игілікті ұқсата білсе ғана жалмауыздана бермей бүкіл жаратылыстың пайдасына жаратса мәңгілік бір үрдіске қосылғанын сезіп барын аямай жомартша , » алған қол береген » болады . Күз сондай жәй – күйдің рәмзі сияқты . Қыс болса үнемделген қазынаны жерге сіңдіріп келер Көктемге оны өңдеп қояды . Сонымен төрт маусым өз міндеттерін айна қатесіз атқарады . Бірақ олардың кейбірін қаралайдан қаралай жазғыра береміз ау ! Әрине көзқарасты жөндеу керек .

  2. kazprose айтады:

    Мен күзді жақсы көрем. Ми қайнатар ыстығы жоқ, бетті қаритын суығы аз. Жер-әлем сары түске боялып тұрған. 🙂

  3. Makhabbat айтады:

    Менде кузді унатпаймын,коктемді жаксы коремін

  4. Ақзере айтады:

    Бұрын күзді ұнатушы едім, қазір ұнатпаймын. Күз келсе болды біртүрлі қиындықтар қаптап кетеді, немесе депрессиялық уақыт па, әйтеуір дайын тұрады бәрі.

  5. Айдар Кака айтады:

    мен күзді унатамын деп айта алмаймын ойткені маган күзден бұрын коктем ұнайды хаха

  6. Дильназ просто дико айтады:

    маган куз кубылыстары туралы ангиме керек

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s