Дін қорқынышты емес, діни сауатсыздық қорқынышты

Тілдік, саяси жағынан бөліну аз болғандай енді діни бөліну үдеп барады. Қайда бармасаң, «е, ол – вахаббит», «ол – салафит» дегенді жиі еститін болдық. Және бұл мәселе барған сайын тереңдеп барады. Діни тартыс әсіресе, интернет сайттарда қатты көрінеді. Бұл тартыста бәрі де жүр. Ең қорқыныштысы, олардың арасында іріткі салып, жөнді-жөнсіз «отқа май құйып» жүргендер де бар.

Айтайын дегенім, бұл мәселені шешу үшін бізде жан-жақты жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. «Торғайды тұзақ құртады, билікті пиар құртады» демекші, ешқандай пиар жасаудың қажеті жоқ, ың-шыңсыз бастау керек.  Ең әуелі, мықты, сауатты дінтанушыларды дайындау керек. Олар дін мен оның түрлерін көпшілікке ешбір боямасыз, ғылыми тұрғыда түсіндіріп беруі керек. Екіншіден, дінтану бойынша өте сауатты оқулықтар жазу керек. Онда барлық діндердің тарихы объективті баяндалуы тиіс (ешбір уағызсыз). Егер қажет болса, ересектерге арналған дінтану курстарын ашу керек. Себебі, өмірлік сұрақтар үлкен-кіші демей, бәрі үшін маңызды. Және бұл жауапкершілікті білікті боп көрінетін емес, шын мәнінде білікті адамдар қолға алса.

Осылайша халықты діни сауаттандыру керек. Ал көзі ашық адамды ешкім де алдай алмайды. Халық ақымақ емес. Егер оған уағыз-насихат қажет болса, мешітке барады. Біз діннен қорықпауымыз керек, діни сауатсыздықтан қорқуымыз керек. Құдаймен сұхбат, құлшылық қылу ол әрбір адамның шаруасы. Уағыз демекші, қазір бұл сөз не себепті теріс мағынаға ие боп барады? Себебі, көпшілік автобуста көпке естіртіп, «уағыз» айтқан адамнан шаршады. Уағыз айтудың жөні осы екен деп, жөнді-жөнсіз келген-кеткен адамның бәрін тоқтатқан адамдардан шаршады. Мұндай кезеңде бізді тек ғылым-білім құтқаратын сияқты.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to Дін қорқынышты емес, діни сауатсыздық қорқынышты

  1. urimtal айтады:

    Жөн сөз, Мақпал! Сауатсыздықтан да қорқынышты нәрсе бар. Немқұрайлылық деп аталады 😦 Содан сақтасын!

  2. hindi айтады:

    Ең әуелі, мықты, сауатты дінтанушыларды дайындау керек. // заң бойынша дінмен мемлекет бір емес. оны кім реттеу керек?

  3. maqpal айтады:

    Дінді ғылым ретінде қарасақ, ол Білім және ғылым министрлігінің міндеті

  4. Serzha айтады:

    >>“отқа май құйып” жүргендер де бар
    :3

    >>Халық ақымақ емес
    нағыз ақымақ халық

    сосын көбі дінтану, дінтанушыларды ислам, исламтанушылармен айыра білмейтін сияқты

  5. meirzhan айтады:

    Рас. Кейде діни ағымдардың бірін-бірі айыптағаны соншалық, кімдігі жөн екенін де ұқпай қаласың. Діни Басқарманың бар болғаны қандай жақсы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s