Ой-ұрлықшы

Мен бұл жазбамда музыка тыңдауға қатысты түйген ойларыммен бөліспекпін. Ескерте кететін жайт, мен ешқандай ғылыми зерттеу жасағам жоқ, және жасаған тұжырымдарым да ешқандай ғылыми теорияға негізделмеген.

Кез келген музыканың құдырет күші бар екені даусыз. Ал сол күшті біз қалай пайдаланып жатырмыз? Бар мәселе осында сияқты.

Өз басым, музыканы жиі тыңдаймын. Үйде де, көшеде де, жұмыста да. Және оның әсері жайлы көп бас қатырған емеспін. Көп жылғы тәжірибемнен түйгенім мынау:

1) музыканы аса көп тыңдаған адамның тіл байлығы жоғала ма деймін. Көңіл күйдің құбылмалылығы адамның сезімталдығын жоғарылатқанмен, сөздік қорын молайтпайды. Керісінше, жояды

2) ойнақы музыка, жеңіл-желпі бағдарламалар тарататын радио пассивті адам тәрбиелейтін сияқты. Мұнда тек біржақты процесс. Яғни, сен нақты жағдайда тыңдармансың, қабылдаушысың, үнсіз бас шұлғушысың, процесске қатыса алмайсың. Ал адамның ойы түрлі ми процестерінің жемісі.

3) бұл енді кәсіби ауру десе де болады. Құлаққап-пен (бұл наушниктің сәтті аудармасы емес) жиі отыратын радиожурналистің одан не үшін ығыр болатыны түсінікті шығар. Адамның миы шаршайды.

Осындай қорытынды жасағаннан кейін музыканы белгілі бір тәртіппен тыңдауға тырысатын болдым.

Қазір қарасаңыз, көшеде «наушникпен» жүрген адамдарды жиі кездестіресіз. Бірі ағылшын тілін үйрену үшін қолданса, бірі радио, мп3  тыңдайды. Жастардың көбісі ән тыңдайды. Попса, рок, хип-хоп, панк дей ме, сөйтіп кете береді. Иә, сөз жоқ, музыка адамды әсерлендіреді, қиялға қанат бітіреді, жоқ жерден белгілі бір көңіл күй сыйлайды. Ал бұл адамға қаншалықты пайдалы? деген сұрақ туындайды. Қазір жастардың екі сөздің басын құрап, бүтін сөйлем құрай алмауы, өмірге тым жадағай қарауы (бәрін басынан кешірген адам құсап) т.б мінездердің себебі осында жатқан жоқ па деген ой келеді.

Бізде медицина, психология бойынша диссертациялар жиі қорғалады. Ғалымдар әлемдегі проблемаларды айтқанша, бір уақ кез келген адамға керек маңызды сұрақтарды шешсе деймін. Мәселен, рок адамның ми клеткаларын зақымдайды деп естігем. Сол рас па т.с.с

Музыканың әсері жайлы орыс ойшылы Толстой қызықты ой айтады. Біздің әрекетімізді оның ойына салып көрсек, біз құдды дүкенге барып, мақсатсыз тауар сатып алған сатып алушымыз. Біз тауар үшін уақытымызды, ақшамызды жұмсаймыз, ал бірақ ол тауарды қалай жаратуды білмейміз.

Кітаптан үзінді келтірейін: «…Музыка өзімді, өзімнің шынайы жағдайымды ұмыттыруға мәжбүрлейді. Сөйтіп, қандай да бір басқа, өзім емес күйге түсіреді. Музыканың әсерімен мен сезінбеген нәрсені сезініп тұрғандай, түсінбейтін нәрсені түсініп тұрғандай, қолыңнан келмейтін нәрсені істей алатындай көрінеді. Мен мұның (себебін – Мақпал) былайша түсіндірер ем. Музыка есінеу, күлкі сияқты әсер етеді: менің ұйқым кеп тұрған жоқ, бірақ есінеп отырғандарға қарап есінеймін, күлуге еш негіз жоқ, бірақ күлкіні естіп, күлемін…. Музыка мені сол музыканы жазған адамның сезімін бастан кешіруге итермелейді. Оған жан тәніммен беріліп, онымен бірге бір күйден екінші бір күйге көшем. Бірақ мұны не үшін істеп жатқанымды білмеймін…Қытайда музыка мемлекеттің ісі. Бұл осылай болуы да керек. Бір-біріне немесе көпке гипноз жасап, одан кейін олармен не істесе де өзі білсін деп қарап отыруға бола ма. Бастысы, егер гипнотизер ең надан, тәрбиесіз адам боп шықса ше…» (Толстой шығармалары, М.,Эксмо, 2007 жыл, 73 бет)

Былтыр Сортөбеде болғанымда дүнген жастарына ақсақалдарының музыка тыңдатқызбайтынын айтқан едім. Оның да мен айтып отырған нәрселермен байланысы бар шығар.

Бұл жазба жазудағы мақсатым өзімнің пікіріммен бөлісу және сендердің де пікірлеріңді білу. Бұл қаншалықты назар аудартарлық маңызды мәселе? Қалай ойлайсыңдар?

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to Ой-ұрлықшы

  1. anarkyz айтады:

    Шынында да «музыка» қазіргі таңда алаңдататын мәселелердің бірі.Наушникпен музыка тыңдау әсіресе студенттер арасында тараған жұқпалы ауру сыңайлы. Әсіресе лекцияда отырғанда жан-жағыңа қарасаң бір курстасымның «медляк» тыңдап терең ойға батып отырғанын,біреудің ойнақы музыканың әсерінен беріліп қимыл жасап отырғанын байқаймын. Сыртынан қарасаң ерсі көрінеді..
    Менің ойымша арасында музыка тыңдаған дұрыс, ол біздің қиял әлеміне саяхаттауымызға жағдай жасайды.Алайда біздің қателігіміз сол ұйқыдан тұрғаннан құлағымызға наушникті салып жатарға дейін «музыка» тыңдап, тым сезімге беріліп, қиялданып кетуіміз. Яғни музыканы да өз нормасымен тыңдау керек деп есептеймін.
    Кейде белгілі бір тақырыпты бірнеше рет оқысақ та миға кірмей жататын кездер болады немесе кітапты оқып отырып мүлдем басқа ойларға шомып кетіп жатамыз. Менімше осының бір себебі музыка,демек біздің қабылдау қабілетімізді төмендетеді деп есептеймін!!!

  2. Myrza айтады:

    Dinamikaly myzykadan ittin jurisinin ozgerip ketkenin baikagam)) Al Tolstoidyn aityp otyrgany kurandagy muzyka jaily ayatka uksaidy. Barlyk narsenin ziyany da , paidasy da bar.

  3. Ақзере айтады:

    Классикалық музыканы тыңдауға кеңес береді ғой кейбір мамандар. Бекер емес болар…

  4. aizhannur айтады:

    magan an tyndau tildi umytpaudyn bir amaly desem bolady. agylwynwa an tyndap ozimnin estu kabiletimdi arttyryp soz korymdy tolyktyryp jatam. endi arkimge ar kalai goi. men uwin muzyka ote kajet, jumyska bara jatkanda jane kaitarda an tyndaimyn. bir erekwe kuide bolam.
    bari de adamga bailanysty dep oilaimyn 🙂

  5. Қобыз бен домбырада шертілген, ешқандай заманауи өзгеріске ұшырамаған күйлерді жақсы тыңдаймын. Халықтық әуендегі әндер де бар. Рухтандырады.

  6. urimtal айтады:

    Егер сөзі болса, еріксіз сөзіне мән бергендіктен тыңдаймын. Әннің сөзі ой салса, тыңдаймын. Ал былай тыңдай қоймаймын.

  7. meirzhan айтады:

    Классика тыңдасақ қателеспейтініміз анық.

  8. Тәржіман айтады:

    ойлантып тастадыңыз

  9. Кәусар айтады:

    «Музыка өзімді, өзімнің шынайы жағдайымды ұмыттыруға мәжбүрлейді» дегенге келісемін, кейде бір уайымға берілгенде өзім ұнатпасам да, ойнақы, жеңіл әуендер тыңдауға тырысамын. Өйткені еңсені басатын ойлардан арылатынымды білемін. Ал, басқа уақытта өзім ыңылдап ән айтатыным болмаса, 🙂 музыканы көп тыңдамайды екенмін.

Leave a reply to aizhannur Жауап беруден бас тарту