Өмір мен өлім хақында

Өлім жайлы көп ойлаймын. Өмірден безген пессимист деп ойлап қалмаңыз. Жо-жоқ. Керісінше, өлімді ойлаған адамда салыстырмалылық пайда болады. Күнделікті елеп, «проблема» санап жүрген жайттардың бәрі зым-зия жоғалады. Тек шын мәнінде өмірлік маңызды сұрақтар ғана қалады көкіректе. Ал жауап беріп көр оған!

«Екі дүниенің  бақыты» деген сөз бар. Мына дүниедегі бақытымыз – құдайдың сый қып берген компас-жүрегін кірден қорғап, аман-есен таза сақтай алу болса, ана дүниедегі бақытымыз – о дүниелік сынақтан аман-есен өту. Франклин айтпақшы, қалған кіші мақсаттардың бәрі осыдан тармақталуы тиіс сияқты.

«Өлімді ойлаған сайын адамның өмірге құштарлығы артады» дегенді естуші едім. Солай да сияқты. Мектепте оқып жүрген кезде әдебиет кітабында Баубек Бұлқышевтің «Өмір сүргім келеді» атты шығармасы болатын. Жауынгер бейбіт шақтағы ауыл тірлігін аңсап, ойымен болса да сол сәтке оралғысы келеді. Өмір жайлы айтуға тырысады. Соғыс кезінде жауынгерге ай жарығымен хат жаздыртып, қарапайым тірліктің өзінен салтанат шақты аңдатып, түйсіндірген де осы өлім туралы ой деп білем.

Олай болса, өмірді сүйе алмаған адамдар болса, бір мезет өлімді ойлаңдар дер едім.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s