«Нестандартный әңгіме»

Қоғамда «стандартты ойлау» жүйесінен аман қалған адамдар аз. Бірақ құдайға шүкір, олар бар. Мәселен, Асқар Жұмаділдаев, Болат Атабаев, …т.б

Қит етсе, тырнақ астынан кір іздеушілер әманда табылады. Бір мұғалім аппақ қағаз бетіне кішкентай нүкте қояды да бәрінен сұрайды: «Не көріп тұрсыңдар?». Бәрі: «Нүкте, дақ» деп жамырай жауап береді. Сонда мұғалім: «Неге сендер 99,9 пайыз орынды алып тұрған ақты көрмей, 0,01 пайыз орын алып тұрған дақты айтасыңдар?» деген екен. Жәй естіген бір мысал ғой.

Бірақ «нестандартный» әңгіме айтатындардың сөзін «жұрт» деп көптің атынан айтпай ақ қояйын, іздеп оқитындар көп екенін білем.

Жұма күні болған қазақ журналистері клубының алғашқы жиынында осындай тағы бір «нестандартный» әңгімеге куә болдық. (Бұл туралы хабар да жасап, мақала жазсам да, айтылмаған нәрселер қалып қалған сияқты боп тұрады).

Оған белгілі режиссер Болат Атабаев шақырылған екен. Екі сағаттық әңгімеден кейін өзгені білмеймін, өз басым ол кісінің көптің айтқанын қайталамайтын, «ағысқа қарсы жүзген», мақсатына адал адам екенін аңғардым.

Әңгімені қысқа қайырғанда былай болады. Ол кісінің пікірінше, әрбір адам – қайталанбас тұлға. Өнерде де әрбір әртіс сол қайталанбастығын дәлелдеуі керек. Өкініштісі, Қазақстанда «бәрі бір-бірінен аумайды» дейді ол.

Оның айтуынша, тіпті қазіргідей авторитаризм орнап, қатып семіп қалған қоғамнан да жол тауып, тұсаудан құтылуға болады. Адамда ардан басқа «қожайын» болмас үшін ізденіс, білім керек деп түйеді.

Оның пікірінше, журналист ең әуелі құрғақ уағыз айтатын «насихатшы» емес, интеллектуал болуы керек.

«Интеллигенцияның үш қызметі бар: 1) ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраны, тәжірибені сақтау мен жеткізу; 2) инновация (Мәселен, Абай – инновация жасаған, сегізаяқ өлең шығарған. Жыраулар қайталап қана қоймай, жаңа форма тапқан. Байрон, Крылов, Лермонтов, Пушкинді аударған д.с.с). 3) Толкование – түсіндіру; Инновация мен халық арасында ор жатыр, халық жаңаны түсінбейді. Ал «толковательдер» инновацияны келесі ұрпаққа түсіндіруі тиіс. Мәселен, Абай осы функцияның үшеуін де орындаған адам» Бұл тұрғыдан алғанда қазіргі таңда қазақ журналистері тым үстірт жазып, «түсіндіру» міндетін нашар орындап отыр деп сынайды ол.

Қазақ жастарының орысқа қарағанда жасық екенін айтқан ол бұған ата-аналардың кішкентай кезден бастап, баланың бетінен қағып, тыйым салып өсіруі себеп болып отырғанын айтады. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан ой, десе де қосарым: қазіргі ата-аналар бала тәрбиесіне творчество ретінде қарауы керек сияқты. Дейл Карнегидің айтатыны бар ғой: «Балаға темекі шекпе деп құрғақ ақыл айтқанша, «егер сен темекі шексең, Дэвид Бекхем сияқты футболист бола алмайсың» десең, баланың ойында образ пайда болып, темекіні қойып кетуі мүмкін». Сол айтпақшы, балаға «»ананы істеме», «мынаны істеме» дегеннен гөрі керісінше, соған балама пайдалы, қызықты нәрсені ұсын. Бұл жерде әрнәрсені көріп, сезіп тұшынбақ болған баланың талабын кінәлағанша, оған қызықты ұсыныс жасай алмаған ата-аналар кінәлі деп ойлаймын. Общым, зиянды әдеттермен «конкуренцияда» сенің идеяң озық боп тұруы керек қой. Сонда ғана Абай айтпақшы, баланың көруге-білуге құмарлығы сусындалып, дүние сырына қанығып өседі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Категориясы жоқ және кілтсөздері: , , . Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to «Нестандартный әңгіме»

  1. tentek Shokpar айтады:

    keremet! suhbat unadi tindadim …

  2. Мейіргүл айтады:

    Бірінші курста «Қазақстан» телеарнасындағы «Қолтаңба» бағдарламасына бір топ студенттерді апарды. Сонда, Болат Атабаев та көрермен ретінде шақырған екен. Кезек сұрақ қою бөліміне келген кезде бағдарлама қонағына «Қазақстан қандай мемлекет? Демократиялы ма, монархиялы ма?»деп сұрақ қойдым. Сонда Атабаев сол жерде «Бұл сұрағыңыз қилып қалады, «Қазақстан» қашаннан шындықты айтушы еді?» деп телеарна ұжымының бетіне былш еткізген болатын. Сол арада түсірілім алаңында өлі тыныштық орнаған-тын. Міне, ол осындай азамат!

  3. Мәліметтер айтады:

    Азаттықтан аудто нұсқасын таңдадым. Әр бір азамат осы кісі секілді жеке тұлға болса ғой.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s